Front Page бағдарламасында Web сайт дайындау технологиясы

56

Сабақтың тақырыбы: Front Page бағдарламасында Web сайт дайындау
технологиясы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: ЭЕМ кабинетіндегі техника қауіпсіздігі ережелерін оқушыларға қайталап айтып, арнайы журналға қол қойдыру. FrontPage редакторында жұмыс жасауға жаттаықтыру. . Негізгі мәзір түрлері мен саймандар тақтасының құралдарымен жұмыс жасауға және гиперсілтемелерді орнатуға үйрену.

 

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, өз өмірлеріне сақ болуына , оқу кабинетіндегі жиһаздарға, техникалық құралдарға ұқыптылықпен қарауға, адамгершілік қасиеттерге, әсемдікке, уақытты тиімді пайдалануға тәрбиелеу.

 

Дамытушылық: Сөздік қорларын дамыту. Белгілі бір қадамдарды орындай отырып, қорытынды нәтижеге жетуге қол жеткізу. Ақпараттық технология жетістіктерін тиісті мақсаттарда пайдалана білу.

Өтілетін орны:  ЭЕМ кабинеті

Сабықтың материалдық – техникалық жабдықталуы – нұсқау карталары:
Компьютер, интерактивті тақта, бағдарламалық жасақтамалар: Front Page редакторы, Блокнот, Internet Explorer

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушыларды журнал бойынша тексеріп, түгеkдеу, олардың сырт келбеті
мен жұмыс киімдерін бақылау, сабаққа қажетті құрал саймандарын
тексеру

ІІ Кіріспе нұсқау:
Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау, нұсқау карталарын пайдалана отырып, тапсырмаларды орындау жайын түсіндіру және жасап көрсету, бақылау және тексеру әдістері мен ретін үйрету, техника қауіпсіздігі ережелерімен таныстырып, арнайы журналға қол қойдыру керек. Сұрақтар қою арқылы оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауға дайындығын тексеру, жұмысты атқаруға қажетті құрал-жабдықтарды үлестіріп, оқушыларды жұмыс орындарына орналастыру.

ІІІ Негізгі бөлім: Оқушылардың өз бетімен жұмысы – компьютерге күнделікті техникалық күтім жасай отырып, нұсқау картасына сәйкес тапсырмаларды орындау.

ІV Ағымдағы нұсқау:
Кіріспе нұсқауға және нұсқау картасына сай тапсырманың орындалу ретіне бақылау жасау, компьютерды дұрыс пайдалануын қадағалау, қажет болса олардың тиімді тәсілдерін жасап көрсету, техника қауіпсіздік ережелерінің сақталуын бақылау, егер онда қателіктер кетсе, дереу жұмысты тоқтатып, қайтадан техника қауіпсіздігі ережелері нұсқауын өткізіп, жұмысты қайта жалғастыру. Жұмыс сапасын тексеру, оны қабылдау және бағалау.

V Қорытынды нұсқау:
Әрбір оқушының жұмыстарындағы жетістіктері мен кемшіліктеріне талдау жасау, қажет деген кейбір жұмыс тәсілдерін көрсету, оқушылардың білімі мен еңбегін бағалау, үйге тапсырма беру.

Тақырып бойынша компьютерде орындалатын тапсырмаларды және нұсқау карталарын беремін.
Алдымен оқушылармен бірге веб сайтты жасаудың кезеңдерін естеріне түсіріп, қайталап өтеміз.

Сайттарды дайындау технологиясы

  1. Сайттың жоспарын жасау. /қанша беттен тұрады, қандай ақпараттар жазылады, қандай байланыстар орнатылады/
    2. Веб беттерді мәтіндік және графиктік ақпараттармен толтыру
    3. Сайтты безендіру.
    4. Қажетті гиперсілтемелерді орнату.
    5. Сайтты броузер арқылы көріп, тексеру
    6. Веб сайтты жүктеу үшін провайдер таңдау
    7. Сайтты жүктеу

І . «Менің – туған өлкем» тақырыбы бойынша сайт дайындау.

Сайттың жоспарын жасау
1. Бірінші беті титул парағы.
2. Екінші беті сайттың мазмұны.
3. Отырар ауданының суреті.
4. Отырар ауданының тарихы туралы қысқаша мағлұмат.
5. Сайт жасаушының суреті.
6. Өзі туралы қысқаша ақпарат болады.

Құжаттағы гиперсілтемелер 3 беттегі суреттен – 4 бетке , 5-ші беттегі суреттен 6- бетке, соңғы беттен титул бетке ауысу.

Тапсырманы орындауға арналған технологиялық нұсқау картасы
1. Microsort Front Page терезесін ашу.
2. Файл – Создать- Пустая страница командасын орындау.

Конструктор режимінде жасалады.

  1. Мәтінді форматтау. /Times New Roman, 6 (24 пт) көк түспен
    4. «Менің туған өлкем» тақырыбын теру
    5. Жаңа бет ашу. /Создать- страница/ орындау
    6. Жаңа бетке сайттың мазмұнын теру / қалауынша форматтау/
    7. Келесі бетке Вставка – Рисунок- из файла командасын орындап суретті енгізу.
    8. Келесі бетке Отырар аудынының тарихын жазу /Times New Roman, 6 (24 пт)
    9. Вставка – Рисунок- из файла- фотокарточка
    10. Өзі туралы ақпарат енгізу.
  2. Гиперсілтемелерді орнату:
    • 3-ші Веб бетке өтіп, суретті ерекшелеп, Вставка – гиперссылка командасын орындау.
    • Ашылған терезеде Ағымдағы папкада Связать – файлом, веб страницей бөлігінде нов. стр 4 html бетін белгілеп, қажет болса тиісті параметрлерді қойып, ОК пернесін шерту.

Осы әдіспен барлық тиісті гиперсілтемелерді орнатамыз

  1. Веб бетті Файл- сохранить командасы арқылы Отырар. html деген атпен
    сақтаймыз.
    13. /Просмотр/ қарау режиміне өтіп, жасаған сайтымызды көреміз,
    гиперсілтемелерді тексереміз.
    13. Internet Explorer броузерлік бағдарлама арқылы сайтты сынақтан өткіземіз
    14. Провайдер таңдап сайтты Lizey – 20 mail. ru адресіне жүктейміз.