«Өгіз бен бақа»

Сабақтың тақырыбы: «Өгіз бен бақа»

Сыныбы: 5-сынып

Мақсаты:  Ахметтің халқы үшін жасаған еңбектерінің мәнінің жоғары екендігін ұғындыру;

Мысалдағы айтпақ ойды анықтауға жетелеу;

Көрсеқызарлықтан, көре алмаушылықтан аулақ болуға тәрбиелеу;

Адам атына лайықты азамат болуға баулу;

Күтілетін нәтиже: 1.Мысалдың мәнін жете ұғынады;

  1. Ізденеді. Әр түрлі жайттардан сабақ алуға талпынады. .
  2. Пікірлерін ұтымды жеткізе біледі.

Түйінді идеялар: «Әлін білмес әлек»

Сабақтың формасы: топтық жұмыс, жұптық, жеке жұмыс

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, баяндау

Ұйымдастыру кезеңі: І. Оқушылармен амандасу

Аманбысың, айналайын шырақтарым,

Көздің қарашығындай құрақтарым.

Тағы да өздерің сүйетін әдебиет қой,

Бармысыңдар жүзден жүйрік, пырақтарым

Бірің айтып, бірің қалып қоймаңыздар

Әдебиеттің қызығына тоймаңыздар

Ахметтей сыршыл, ойшыл ақынның

Поэзиясына тереңірек бойлаңыздар.

ІІ.Психологиялық дайындық. Оқушылардың бойында өз-өзіне деген сенімділікті қалыптастыру мақсатында психологиялық дайындық жасап, балалардың сабаққа деген құлшыныстарын арттыру. Ол үшін оқушылардың барлығы «Шаттық шеңберіне» тұрып, көздерін жұмып, қолдарын кеуделеріне қойып мына сөйлемдерді іштерінен қайталауы тиіс. «Мен бүгінгі сабақта өз-өзімді көрсете аламын», «Мен өзіме сенімдімін», «Мен шын ынталансам көздеген мақсатыма жете аламын». Іштерінен қайталап болғаннан кейін қолдарын төмен түсіріп, терең дем алуы керек.

ІІІ. Оқушыларды топқа бөле отырып сабақтың тақырыбын айқындау. Ол үшін  өгіз, бақа, А. Байтұрсынұлының суреттері  таңдап алынады. Оқушы өзі қалаған суретті ала отырып топқа бөлінеді. Өгіздің суретін алған оқушылар мүйіздің сұлбасын көрсетсе, бақаның суреті түскен оқушылар аузын қимылдатады. Ал А. Байтұрсынұлының суретін алған оқушылар «Әдебиет — асыл сөз» деген сөйлемді айта жүріп бір-бірін іздеп табады. Осылайша сыныптан үш топ жасақталып шығады. Осыдан соң оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтауға түрткі болатындай сұрақтар бересіз.

— Демек бүгінгі сабағымыздың авторы —  ……/оқушы жауабы/

— А. Байтұрсынұлының мысалының аты- …../оқушы жауабы/

Сабақ Блум жүйесі бойынша құрылды.

Білу деңгейінде алдын ала оқушыларға үй жұмысы ретінде А. Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет жинстыруға тапсырма бересіз. Қалай орындайтындығы оқушының еркіне беріледі, дегенмен таныстырылым түрінде дайындап келуге де болатындығын баса айтып өтесіз. Таныстырылымда мына жайттар ескерілуі тиіс:

 

 

 

 

 

 

 

Осы арқылы оқушы Ахметтің сан қырлы талант иесі екендігін түсініп,  аударма саласында көп еңбек сіңіргендігін байқауы тиіс. Айтылмай қалған тың мәліметтерді қалған оқушылар толықтырып, жан-жақты мәлімет алмасады. Аудармалары адамгершілікке, ынтымақ-бірлікке, жаман әдеттерден арылуға шақыратындығын оқушылар түйсінуі тиіс. Бір-біріне қошемет көрсету арқылы бағаланады.

Түсіну деңгейінде электронды оқулықтан А. Байтұрсынұлының «Өгіз бен бақа» мысалы көрсетілімімен қоса тыңдатылады. Тыңдап болған соң топ мүшелерімен бірлесе отырып талқылауға 3 минут уақыт беріледі. Оқулықтағы 127-беттегі мысал туралы түсінікті оқуға қоса ұсынасыз. Жетекші сұрақтар арқылы нені түсінгендігін білуге болады.

— Мысал дегеніміз не?

— Аллегория дегеніміз не?

— «Өгіз бен бақа» мысалынан қандай адамның бейнесін көруге болады?

—  Бақа бойынан қандай жағымсыз мінездерді байқадың?

Топ басшысы топ мүшелерінің жұмыстануына қарай критериалды бағалауды жүзеге асырып отырады. Бағалау парақшалары таратылып беріледі.

Қолдану деңгейінде мысал жанрына жататындығын дәлелдетесіз: /топ ішінде жеке жұмыстану/

Мысал жанрына тән белгілер«Өгіз бен бақа»
Белгілі бір кейіпкерлер арасындағы оқиғаға құрылады.
Мысалда аң, хайуанат, құс, өсімдік туралы сөз болады.
Мысал өлеңмен де, қара сөзбен де беріледі.
Мысалда өсиет сөз, үгіт – насихат айтылады.

 

 Талдау деңгейінде шығарманың композициялық құрылымын сәйкестендіреді. Топ басшылары критериалды бағалап отырады. Дискрипторы: Барлығы дұрыс болса — 5 ұпай, 1 қате болса — 4 ұпай, 2 қате болса — 0 ұпай беріледі.

Оқиғаның басталуы:                              Бақаның өгіз сияқты  болуға тырысуы

Байланысуы:                                            Бақаның ісініп-қабынуы

Дамуы:                                                       Өгіздің көлге келуі

Шиеленісуі:                                               Бақаның өгізді күндеуі

Шарықтау шегі:                                       Бақаның жарылып өлуі

Шешімі:                                                      Мақтаншақ бақаның  жолдасымен пікірлесуі

Автордың түйіні:  «Әлін білмес әлек»

 

Жинақтау деңгейінде үш топқа үш түрлі тапсырма ұсынылады. Топ басшылары бағалап отырады.

І топ: Мысалға сатылай кешенді талдау жасау.

Үлгі:

Авторы:

Тақырып:

Жанр түрі:

Идеясы:

Шумақ

Тармақ

Бунақ

Буын

Ұйқас

Әдеби теориялық ұғымдар

Түсіндірме сөздік

Тәрбиелік мәні

ІІ топ: “Мысал кейіпкерлерінің бейнесі…” /ойтолғау жазу/

ІІІ топ: “Мысалдағы айтылмақ ой…” /плакатқа бейнелеу және қорғау/

Бағалау деңгейінде үш топқа мынадай тапсырмалар беріледі:

І топ: Сен бақа секілді адамдарға қандай кеңес берер едің? Топтың әр мүшесінің пікірін тыңдау.

ІІ топ: «Синкуэн» әдісі  

Зат есім:  Бақа

Сын есім: өзімшіл, көрсеқызар

Етістік: күндеді

Сөз тіркесі: әлін білмеді

Сөйлем: Әлін білмеген әлек /оқушы жауабы қоса ұсынылды/

ІІІ топ: «Тақырып бойынша сұрағым бар» /тілші мен жүргізуші бейнесіне ену/ Топ мүшелері тақырып бойынша кезбе тілші бейнесіне еніп, қалаған адамға сұрақ қоя алады. Мысалы: — Мен «Теректі жаңалығы» газетінің тілшісімін. Сізге қояр сұрағым бар еді. Өзімшіл адамдар өмірде жиі кездесе ме?

Үй жұмысы:

І топ: “Болмасаң да ұқсап бақ…”/Мысал құрастыру/

ІІ топ: “Жақсы адам болу үшін алдыма қойған жеті мақсат” /Қазақта жеті саны киелі деп есептелетіндігі оқушы қаперіне салынады/

ІІІ топ: А. Байтұрсынұлының мысал өлеңдерінің тақырыбын іздестіру.

Теренинг: «Жақсы адам болу — мәртебе»

Оқушылар шеңбер жасап айнала тұрады. Оқушыларға: — Жақсы адам болу үшін не істеуім керек?- деген сұрақ ұсынылады. Әр оқушы өз ойын айтып, қолдарын алға қарай созады. Соңында барлығы қолдарын жоғары көтерген кезде шаңырақтың бейнесі шығады. Балаларға ой тастай отырып, барлығымыз жақсы адам болу үшін бірлесе жұмыстанайық деген ой түйесіз.

Оқушылармен кері байланыс  жасау мақсатында төмендегі сұрақтар ұсынылады:

  1. Бүгінгі сабақ ұнады ма?
  2. Сабақта қандай қиыншылықтар кездесті?
  3. Қиыншылықты кімнің көмегімен жеңдің?
  4. Қай топтың жауабы сәтті шықты?
  1. Бүгінгі ең үздік топ басшысы деп кімді атар едің?

Оқушылар парақшаларға өз ойларын жазып, «Ғажайып саябаққа» орналастырады. Сіз осыдан сабақтың қандай деңгейде өткендігін бағамдауға мүмкіндік аласыз.

Сабақ соңында топ басшылары тобындағы оқушылардың жауабын талқылап, ұпай сандары бойынша  бағалайтын болады.

 

 

Батыс Қазақстан облысы

           

Теректі ауданы

           

Шаған ЖОББМ

           

Жолдасқалиева Гүлбарам Жолдасқалиқызы

           

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі