Жеке хаттар

159

Сабақ тақырыбы: Жеке хаттар.

Сабақтың мақсаты:Жеке хаттар мағынасын түсіндіріп, оған қатысты негізгі түсініктер мен анықтамаларды меңгерту.

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды түгелдеу.
  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  3. Тапсырмалар орындау.
  4. Сабақты бекіту.
  5. Үйге тапсырма.

 

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Хаттың үлгісі

(Ұйымның ресми атауы)

 

        (нөмір)(қала) қ., (көше)
Тел./факс (нөмір)
E-mail: (адрес)
(күні.айы.жылы)          № (нөмірі)

(кіріс құжатының нөмірі мен уақытына сілтеме)

(…..мазмұны) туралы                                                          (ұйым атауы)
(нөмір) (қала)
(көше) (нөмір)

(Мазмұны)

Құрметпен,
(лауазымы)                                                                       (аты-жөні)

Орын.: (аты-жөні)
Тел:      (нөмір)

 

Жеке адамның құжаттары – тарихи дерек

Кілтті сөздер

Естелік, күделік, хат, мемуар.

Талқыланатын сұрақтар

1.Естеліктер, күнделіктер, жеке адам хаттарының жалпы сипаты: жиналуы, есепке алынуы, зерттелуі.

2.Меуарларды деректанулық зерттеудің тәсілдері.

3.Күнделіктерді деректанулық зерттеудің жолдары.

4.Жеке адамдардың хаттарын деректанулық зерттеудің тәсілдері.

Мақсаты: Естеліктер, күнделіктер, мемуарлар және жеке адамдардың хаттарының деректік мәнділігі маңыздылығын зерттеу.

1.Естеліктер, күнделіктер, жеке адам хаттарының жалпы сипаты: жиналуы, есепке алынуы, зерттелуі.

Естеліктер (мемуарлар), күнделіктер, жеке адамдардың жазысқан хаттары (эпистолярлық ескерткіштер) — тарихшылар үшін өздерінің пайда болуы, сипаты, мән-мағынасымен бір-біріне жақын тарихи ескерткіштер. Солай бола түрса да, олар дерек ретінде үш түрге бөлінеді. Және оларды іздестірудің, зерттеудің, пайдаланудың өзіндік ерекше жолдары бар.

Естелік, күнделік, хаттар — субъективтік сипатты деректер, себебі оларды жеке адамдар, өз пікірі тұрғысынан жазады. Күнделіктер мен хаттардың сырластық, сенімділік баяндау сипаты басымырақ келеді. Олар көбіне жазған адамның өзіне және арналып жазылған жекелеген адамдарға жақсы түсінікті болады.

Естеліктердің күнделіктер мен хаттардан өзгешелігі — олар күні бұрын белгілі, шектелген адамдарға: өздерінің балалары, отбасының мүшелері үшін, әлбетте оқушылардың көпшілігіне арналып, замандастары, ұрпағы, тарихшылар үшін жазылады. Мұндай жағдайда естеліктің авторы белгілі мақсат қойып, оны орындау үшін жадында сақталған материалды жинақтап, тәртіпке келтіреді.

Жеке адамдар мен қоғам өмірінің түрлі оқиғаларын көзімен көрген замандастарының олар туралы баяндаулары — естеліктер немесе мемуарлар деп аталады.

Естеліктер кең ұғымда тарихи шығармалар болғанмен, олар тарихшылар үшін құжаттық деректер бола алмайды. Әдетте жеке адамдар, құбылыстар мен оқиғалар әңгімеленген естеліктер тарихи — аналитикалық аналитикалық және тарихи-синтетикалық тұрғыдан толық, жан-жақты баяндалмайды. Олардың мақсаты басқа- мемуаристің өзі қатысқан немесе өзі байқаған оқиғалардың ойында сақталған әсерлерін ғана баяндау. Естеліктердің, күнделіктер мен хаттардың ерекшеліктері көбінесе оларды жазушылармен, сол сияқты ол ескерткіштің арналып жазылған адамдарымен (мысалы, эпистолярлық текстерде) анықталады. Әрбір текстің, оны жазушыларға байланысты ерекшелік сипаты болады. Мұндай деректердің авторы мен сол деректер арналып жазылған автордың нақты тарихи жағдайда өмір сүріп, қоғамның белгілі әлеуметтік тобына жататыны белгілі. Деректердің көбінде әлеуметтік топтың немесе нақты адамдар тобының мүдделеріне тән мәліметтер орын алады. Деректерді пайдалануда зерттеушілер бұл жағдайды ойдан шығармауы керек. Жеке адамдармен жазылған деректерді пайдаланушы тарихшылар «қоғамда өмір сүрген адамдар сол қоғамнан тыс тұрмайды» деген белгілі қағиданы басшылыққа алуға тиісті.

Деректердің осы үш түрін талдауда олардың авторларының жеке басының ерекшелік-терін ескеріп отырудың мөні бар. Автордың және естеліктердің, күнделіктер мен хаттардың арналып жазылған адамдарының жеке басының ерекшеліктері осы деректердің мағынасы мен ақиқаттығына әсер етеді. Бұл жағдай деректердің ғылыми-тарихи объективті маңызын айтарлықтай анықтай түседі. Фактілік материалдардың жинақталып, бағаланып жариялануының сипаты жеке адамға байланысты. Демек, оқушылар мен зерттеушілердің деректерді объективті түрде қабылдауына олардың авторларының жеке басы ерекшеліктерінің әсері тиері сөзсіз. Дерек материалдарынан автордың жынысы, жасы, мінезі, жадының жағдайы, дүниетанымы, көзқарастары мен сезімі байқалады

Осындай сипаттағы деректермен шұғылданудағы бірінші мақсат — олардың авторын (есімін, өмір сүрген уақытын, өмірбаян мәліметтерін, әлеуметтік және кәсіби жағдайын), немесе сол деректердің кімге арналғанын анықтаудан туындайды. Кім жазып. кімге жазылғаны белгісіз естеліктер, күнделіктер мен хаттар тарихшыларға жиі кездеседі. Мұндай авторы туралы негізгі мәлеметтері анықталмаған ескерткіштер толық жарамды деректер бола алмайды.

Екінші мақсат — деректің негізгі тексінің түпнүсқасының жазылған уақытын анықтау. Көп жағдайда деректің түпнұсқасы табылмай, ол жеке кітаптан немесе мерзімдік баспасөзден кездеседі. Ондай жағдайда деректің алғаш жариаланған уақты мен орнын анықтап алған жөн. Оның алғашқы жариялануы сол деректің түпнұсқасы болады. Сонан соң зерттелетін деректі басып шығарған жердің редакторлық принциптеріне талдау жасау керек. Өйткені кейде мерзімдік баспасөз редакторлары авторлардың қолжазбаларын баспаға дайындауда олардың тексінің өзгертілуіне шамадан тыс еркіндік жасайды. Мұны ойдан шығаруға болмайды.

Деректі басып шығарған баспаның қоғамдық-идеялық бағытын білудің де зерттеуші үшін үлкен мәні бар. Оның келесі басылуы мен қайта басылуының әр қайсысын есте ұстаған дұрыс. Анықталған алғашқы ба­сылуы сол деректің жазылған уақыты мен оның жазылу себептерін, міндетін анықтауға көмектеседі. Авторлық түпнұсқа бізге келіп жеткен деректің жазылған уақытын анықтау үшін палеографиялық және тексталогиялық талдау амалдарын қолдануға мүмкіндік береді. Көрсетілген деректердің үш тобының (естеліктер, күнделіктер, эпистолярлық текстер) бәрін зерттеудегі әдістемелік қағида — автордан қалған екі топтың деректеріне назар аударуды талап етеді (әрине, егер ондай деректер болса). Атап айтқанда, бір қайраткердің белгілі уақытта жазылған өмірбаяны мен оның мемуарын сыни- салыстырудың қорытындылары жақсы нәтиже береді. Мысалға, кеңес заманында ұзақ жылдар бойы Қазақстанды басқарған Д.А.Қонаевтың өмірбаяны мен естелігін немесе Республикамыздың ғылымы мен мәдениетінің ірі өкілдері Қ.И.Сәтбаев пен М.О.Әуезовтің ғылыми жөне еңбек қызметін сипаттайтьш естеліктерін алуға болады.

2.Меуарларды деректанулық зерттеудің тәсілдері.

Мемуарлар аса маңызды деректер болып саналады. Олар ортағасыр дәуірінде пайда болып, XIX-XX ғасырларда кеңінен дамыды. Жеке адам мен қоғамдық өмірдің түрлі оқиғаларын көзімен керген тұстас адамдардың олар туралы жазбаша баяндауларын естеліктер немесе мемуарлар деп аталады дедік. Мемуарларда автордың өзі қатысып, көзі көрген көптеген фактілер орын алады. Фактілер мен олардың құрамдас бөліктерінің басқа деректерден кездеспеуі мүмкін. Мемуарлар оқушылар мен тарихшыларға әңгіме болған уақыттың рухын сезінуге мүмкіндік береді. Олар оқиғалар мен әлеуметтік-экономикалық, идеялық-саяси жөне рухани өмірдің түрлі әлеуметтік топтарымен қалай қабылданып, қалай бағаланғанын көрсетеді. Мемуар­ларда күнделікті өмір мен өткен уақыттың әдет-ғүрпы, тұрмысы туралы сирек кездесетін деректер орын алады. Маңызды оқиғалардан тысқарылау тұратын, тек шала-шарпы ескерілетін «қатардағы адамдардың» мемуарларының да құндылығы осында. Осылардың барлығы мемуарлардың тарихи дерек ретіндегі маңызын сипаттайды.

Мемуарлардың дерек ретінде бірнеше кем-шіліктері де болады. Мемуар — естеліктердің негізгі дерегі болып адам-ның жады саналады. Ол адамның тәжірибесін қорытады, дәстүрлерді сақтайды, бұл — оның құндылығы, жақсы жағы. Алайда, өткеннің бәрі адам есінде жақсы сақтала бермейді. Соның салдарынан авторлар кейде жекелеген немесе тіпті кездейсоқ фактілерді пайдалануы мүмкін. Адам жадының бұл кемшілігі деректің жаңсақ болуына апарып соғады. Өткендегіні еске алу үшін пайдаланылған фактінің жаңсақтығы жорамал негізінде емес, сын тұрғысынан жасалған таңдаудың негізінде ғана анықталуға тиісті.

Күнделіктер мен хаттарда деректердің мүндай қажеттілігі орын алмайды дерлік. Мемуаристер деректердің басқа түрлерін жиі пайдаланады. Естеліктер күнделікгердің негізінде жасалады. Сонымен қатар күделіктерде, деректік ролі төмен болса да, кейде хаттар да пайданылады.

Естелік авторлары мерзімді баспасөздің мәліметтерін, басқа авторлардың естеліктерін, түрлі құжатгарды, тіпті ғылыми зерттеулерді де пайдалана алады. Бірақ зерттеуші естеліктерде автор пайдаланған пікірлерге шартты түрде қарауы керек. Өйткені мемуарларға енген деректер күнделіктер мен хаттардың негізсіз материалдары немесе белгілі оқиға туралы адамның жалаң, көп жағдайда сезім әсерінен туған пікірі болуы да мүмкін. Сөйтіп, долбарлы елестер жанжақты зерттеулерге дерек бола алмайды.

Әдетте өткен оқиғалар мемуарларда көп жылдардан кейін жазьшады. Өкіндіретіні сол оларда қателер де кездеспей қалмайды. Атап айтқанда, оқиғалардың болған мезгілі (айы, күні, жылы), орындарының қате берілуі, бір адамның іс-әрекетінің басқа бір адамға ауыстырылып жазылуы жөне т.б. жиі кездеседі. Мұндайда автордың өз жадына күмәнданып басқа деректер мен әдебиетті пайдаланғанын немесе оқиғаның басы-қасында болған басқа адамның пікіріне сүйенгенін айыру қиынға түседі.

Мемуарлардың басқа деректердің барлығынан айырмашылығы олардың өте-мөте субъективтілігіңде. Бұлардың көпшілігінде баяндалған материалдарда автордың өз ролін асыра көрсетуге тырысушылығы да орын алады. Мемуарлардың субъективтілігі сонымен

бірге автордың және оның өзі жазған оқиғаларына сәйкес қоғамдық, әлеуметтік топтардың позициясын неғұрлым анықтай түсуге мүмкіндік береді.

Мемуарлармен жұмыс үстінде олардың тағы бір ерекшелігін дұрыс түсінген жөн болады. Мемуарлар — дың авторы кім болса да жене мемуарларды жазуда өзіне қандай мақсат қойса да, ол баян етілген оқиғаның қалай аяқталғанын, оқиғаға қатысушылардың онан әрі қандай әрекет жасағанын жөне т.б. біледі. Мұның барлығы материалдардың ірікгелуіне, оқиға мен оған қатысушылардың алған бағасына да әсерін тигізеді. Сондықтан көп жағдайда мемуарларға берілетін баға оқиғалардың болған уақытына емес, олардың жазылған уақытына сәйкес келеді. Баяндалатьн оқиғалардан мемуарлардың жазылған уақытының алғашқы қаралған мәселелердің ішіндегі нақтылы материалдар, ұйымдар, органдармен жеке адамдар т. б. автордың оларды не ұнататынын, не ұнатпайтынын, көңіл күйін не көтеріп немесе төмендетіп тұрғанын тану да оңай емес. Мемуар авторының ірі оқиғаларға қатынасы жөнінде айтпай кетуі де жиі кездеседі.

Мемуарлардың ерекшеліктерін түсіну үшін алдымен олардьщ жазылу мақсатын анықтап алу қажет. Сөз жоқ, оқушылардың үлкен тобына арнап жазылған естеліктердің қоғамдық-тәрбиелік мәні болады. Олар­дың ерекшеліктері фактілердің іріктелуімен, өткенді талдаудың және оқиғалар туралы автордың жеке көзқарастарды түсіндіруге тырысушылығымен сипат-талады.

Мемуарлардың хаттардан айырмашылығы, егер хаттар жеке бір адамға ғана арналып жазылса, естеліктер күні бүрын белгілі бірнеше адамға: өзінің балаларына, отбасы мүшелері мен әулетіне, замандастары мен тарихшыларға немесе қалың жүртшылыққа арналып жазылады. Алдына қойған мақсатқа жету үшін естелік — мемуардың авторы жадында сақталған бүкіл материаддармен бірге қажетті деректерді жинап төртіпке келтіреді.

Материаддар сюжетіне байланысты әр түрлі жанр­ларда жазылуы мүмкін. Мемуар — естеліктердін көбі нақтылы оқиғаларға арналып жөне әдетте есте қаларлық даталарға байланысты жазылады. Оңдай естеліктерде автор, негізінен, өзінің ойында сақталғандарын пайдала­нады. Мемуарлар кейде еткен оқиғаларға қатысушымен немесе замандасымек еңгімелесу ыңғайындағы естелік-очерк ретінде де жазылады,

Оқиғалық естеліктер жанрының ерекше түрінің бірі — коллективтік естеліктер болады. Мысалы, Ұлы отан соғысына қатысушылардың бірігіп шығарған естеліктері Адамның өз өмірі, жолдастары туралы жазғандары өмірбаяндық жанрға жатады. Оқиғаға қатысушының өз басынан кешкеңдері мен өз байқағандары бұл жанрға негізгі арқау болады. Өмірбаяндық жанрға көпшілік жағдайда мемуарлар жа­тады.

Өмірбаяндық естеліктердің авторы өз мемуары-ның тарихи ауқымын кеңітіп те көрсете алады. Мұндайда уақыттың жалпы сипатын толығырақ керсету үшін оның кейбір тарихи деректерді пайдалануына тура келеді.

Өмірбаяндық жанрға, оның бір түрі ретшде, естелік қазанаманы да қосуға болады. Естеліктің бұл түріне оқырман өмірден откен адамға беріліен мінездемемен, оның өмірінің жеке фактілермен танысады.

Естелік жанрларын көп жағдайда мемуаршының өзі тандайды, бірақ кейде автор өз естелігін жазуға немесе оны әдеби тұрғыдан өндеуге көмекшіні пайда­ланады. Соның негізінде кей мемуарлар әдеби шығарма түрінде пайда болады. Мемуарларды деректанулық тұрғыдан талдауда бүл жағдайлар мұқият ескерілуі керек.

3.Күнделіктерді деректанулық зерттеудің жолдары.

Мемуарлық шығармалардан, естеліктер сияқты, күнделіктерді де жеке бөліп қарауға болады. Автордың оқиға барысыңда пайда болған ойлары мен байқағандары туралы күн сайын жазғандары күнделіктер деп аталады. Күнделіктерде автордың қоғамдық құбылыстардан, түрлі оқиғалардан, адамдармен қарым-қатынасынан, т.б. алған әсерлері, оның көргендері, өзінің басынан кешкендері жазылады. Күнделікгер жеке адамның өзі үшін жазылады, бірақ мақсатсыз жазылмайды. Орыс зиялыларының бірі В.Вишневский өз күнделігінің мақсатын төмендегіше сипаттайды: «Біздің мақсатымыз: тарих үшін біздің байқауларымыз бен біздің бүгінгі көзқарастарымызды сақтау. Бір жылғы, он жылғы уақыт мерзімінен кейін мұның барлығы түсінікті болады ғой. Басқа көзқарастардың да болуы мүмкін. Өз баяңдауларымызды немерелеріміз бен шөберелерімізге қалдырайық. Біздің қателеріміз бен жеңістеріміз ертеңгі күнге сабақ болады».

Күнделіктер — көбіне авторларының нақты көрген, қатысқан, қысқасы өзі куә болған оқиғалары туралы жазған баяндаулары. Мұнда бұларды жазу үстіндегі автордың толғаныстары мен көңіл күйі, ой-сезімі дәлме-дәл баяндалады. Демек, күнделіктің жазылуы баяндалған құбылыстарға сәйкес келеді және жазылған күні міндетті түрде көрсетіледі.

Сонымен бірге күнделік жазулары бірімен-бірі байланыссыз, үзік-үзік түрде де кездеседі. Өйткені, біріншіден, күнделіктің біраз уақыт бойы толтырылмауы мүмкін. Екіншіден, материалдары күн сайын жазылғанмен, әр тақырыпқа арналуы мүмкін.

Автор өзінің айтайын деген пікірін қысылмай ашық жазып, әңгіме етіп отырған адамның аты-жонін көрсетеді, қысқартылған сөздерді пайдаланады. Оның жазуының түсініксіз болуы да мүмкін. Осының барльны күнделіктің қолжазбасын оқуды қиындатады.

Жеке адамдар қалдырған басқа да деректер сияқты, күнделіктер де әр түрлі болып келеді. Сондықтан күнделіктерді пайдаланудың алдында зерттеушілер автордың жазу мәнерін, әдісін анықтап алып, оның қысқартқан сөздерінің мәнін ашып, автордың жасаған түзетулерін түсінуі керек.

Күнделіктермен жүмыс барысында зерттеушілердің төменгі мәселелерге мұқият болғаны жөн.

Күнделікте баяндалып отырған оқиғалардың қалай аяқталғанын автор білмеуі мүмкін. Егер ол белгілі процестің аяқталуын болжаған болса, онда оның алғашқы көзқарасын сол процестің аяқталуына байланысты қалыптасқан пікірмен салыстыруға болады. Осының негізінде зерттеушілер жеке адам ойының лабораториясын жете түсініп, автордың көңіл күйі мен оның ерекшеліктері туралы ұғым құрай алады.

Күнделік жазулар әр түрлі болып аталуы мүмкін: күнделік, жазулар, жазу кітапшалары. Кейбір жағдайларда автор күнделіктеріне озінің мамандығына, творчествосына (шығармашылығына) қатысты байқағаңцары мен ойларын жазады. Ол толық мағынасында күнделік емес, бірақ ондай жазулар оның авторы туралы белгілі көзқарастың қалыптасуына комектеседі.

Күнделіктер автордың бүкіл омір жолын қамти бермейді, көбінесе оның омірінің белгілі кезеңіне арналады. Солай бола түрса да, сол деректің өзі адамның ішкі дүниесін ашуға, өткендегі оқиғалардың әсерін елестетуге мүмкіндік береді.

Күнделіктер көп жағдайда баспадан кітап түрінде жариялануымен белгілі. Баспаға дайындауда күнделіктің бастапқы тексіне өзгерістер мен қосымшалар енгізілуі мүмкін. Қолжазба вариантында ескерілмеген атаулар, тараулар мен бөлімдер пайда болады. Автор күнделікті жанама эпизодтармен толықтырып басқа деректердің меліметтерін де пайдалануы мүмкін. Баспадан шыққан күнделікке, оның баяндалу мазмұнына көптеген жағдайлардың (адамдардың жеке басы, тарихи жағдай, баспадан шығарудың мақсаты және с.с.) әсер етуі мүмкін. Жариялауға дайындық барысында күңделіктер кейбір жағдайда тікелей естелікке де айналдырады. Бірақ күнделіктен жазулар бұл басылымның басты белгісі болып қала береді. Жеке адамдардың күнделіктерімен қатар, қоғам өмірінен алынған ресми, қызметтік күнделіктер де кездеседі. Жұмыс бабына байланысты практикалық және ақпараттық міндеттері бар күнделіктердің мұндай түрін іздеушілер, саяхатшылар, геолог, гео­граф ғалымдар, этнографтар, археологтар жазады. Сол сияқты мүндай күнделіктерді ірі лауазымды адамдардың іссапарында ресми түрде жанында бірге жүретін, күнделік жазуға міңдетті адамдар да жазады. Сонымен, күнделіктер авторлардың өмірінен, оның кезі көріп, өзі қатысқан оқиғаларынан ең анық және тікелей мәліметтер мен шын куәлік беретін деректер болып саналады.

4.Жеке адамдардың хаттарын деректанулық зерттеудің тәсілдері.

Жеке адамның хаты — ол автордың эпистолярлық элементтерді (хаттың тексі, датасы, қол қоюы т.б.) лайдаланудьщ негізіндее нақты адамға немесе бірнеше дамға жазбаша білдіретін ой-пікірі, хабарламасы. Мұндай хаттардың авторына, адресаттан жауап жайтарылады. Басқаша айтқаңда, жеке адамдардың хаттары — ауызша сөйлесу ролін атқаратын, адамдардың арасыңдағы жазбаша қатынас құралы. Хатты қандай мазмұнда жазуға да автор толық ерікті болады. Ол кез-келген мәселені, оның ішінде адамның жеке басы не қоғам туралы мәселелерді де сөз ете алады. Әдетте хаттар автордың немесе оның адресатыньң күнделікті, іскерлік не өзге де нақты мақсаттарына қызмет етеді. Ол не баспа, не көпшілікке мәлімет үшін емес, тіпті үшінші адамға да оқыту үшін жазылмайды. Жеке адамдардың хаттарының айрықша белгілері осындай.

Хаттардың сюжеті оларды жазушылардың мақсатымен, жақындық дәрежесімен, хаттардың жазылу себептерімен анықталады. Мағынасы жағынан хаттардың қоғамдық, мемлекеттік, ғылыми мәселелерге немесе автордың өмірі мен қызметінің басқа салаларына қатысы болуы мүмкін. Әсіресе нақтылы мәселелер туралы пікір алмасу тұрғысында жазылған хаттар көңіл аударарлық болады. Ондай сипаттағы хаттар автор бейнесін, оның жалпы және жеке меселелерге көзқарасын, күнделікті оқиғалар туралы ойларын көрсетеді.

Жеке адамдардың жазысқан хаттарын тарихи дерек ретінде шартты түрде екі үлкен топқа: сырластық меселелеріне, тұрмыс, адамның жеке басы мен отбасы мәселелеріне арналған хаттарға жөне өмірдің қоғамдықсаяси жөне медени мөселелері әңгіме етілген хаттарға бөлуге болады.

Күнделіктер мен эпистолярлық әдебиетке кеп мөселелер ортақ. Хатардың көпшілігі оқиғалардың өту барысында жазылады. Күнделіктер мен жеке адамдардың хаттарынан көбінесе сырластық, сенімділік сипаттағы мәселелер орын алады. Олардың мағынасы жазушының өзі мен оның адресатына түсінікті бола­ды.

Жазысқан хаттар автордың қоғамдық пікірін, оның көзқарасын көрсетеді. Олар автордың өмірбаянын анықтауда да дерек болады.

Хаттар кейде өсиет түрінде де жазылады. Мысалы, гитлершілер тұтқынында азапталған жауынгерлердің көпшілігінің хаттары осындай. Кейбір хаттар бізге тұтқын камерасы қабырғасына тырнап жазған сөздер түрінде де жетті. Жеке адамдардың хаттары көп жағдайда ақпарат міндетін атқарады. Хаттардың әрқилылығы мен жанрларына қарағанда және күнделіктермен салыстырғанда, олар күрделірек және әр алуан деректі болып келеді. Хатардың мазмұнына кез келген мәселе, әсіресе адамның жеке ба­сына не қоғам өміріне қатысы бар мәселер арқау болады. Хаттар тарихи дерек ретінде, күнделіктер сияқты, субъективтілігімен, анықталмаған фактілерімен сол сияқты автор мен адресатқа ғана түсінікті тұспалдауларымен сипатталады. Хаттарда көптеген ретте күлдіргі немесе әдейі бүркемеленген қала, мекеме, жур­нал жене адам аттарының берілуі мүмкін. Осының барлығы жазысқан хаттарды дерек ретінде пайдалануды қиындатады. Мұндай ерекшеліктер түрлі себептермен сипатталады. Хаттарда кейбір сездердің мағынасының толық ашылмауы, сөйлемдердің аяқталмауы, бір жағдайда хат жазушылардың бірін-бірі емеуріннен түсінетіндіктен болса, үшінші жағдайда хат­тарды тексеретін органдардан сақтану себебінен болады. Хатарды дерек ретінде пайдалануда тарихшыларға хат авторы туралы мәліметтермен қатар, оған қайтарылған жауаптың да мәні үлкен.

Жеке адамның хаттары тарихи дерек ретінде бір ретте публицистикамен, екінші ретте мемуарлармен де шектесіп жанасады. Бірақ олардың оздеріне тән ерек-шеліктері болады. Эпистолярлық түрде жазылған әдеби. публицистикалық, ғылыми шығармаларды, мысалы, Н.М. Карамзиннің «Орыс офицерінің хаты», А.И. Герценнің «Табиғатты зерттеу туралы» хаттары сипатында жазылғандарды хат қатарына жатқызуға болмайды.

Жеке адам хаттарының басты белгілері осындай.

Жеке адам хаттарының тұрақты элементтері — адресаттың, хаттың жазылу орнының, датасының, хат тексінің жене хат авторының қойған қолының көрсетілуі болып саналады. Осы элементтердің біреуінің, кейде бірнешеуінің хаттардан орын алмауы да кездесіп қалады. Ал мұндай хаттардың мағынасы тарихшы үшін қажетті болуы мүмкін. Ондай жағдайда хат авторлары туралы дұрыс мәлеметтер іздеп табу қажеттілігі туады.

Сондықтан хаттарды зерттеушілер өз алдына ең алдымен үш мақсат қойғаны жөн: хаттың авторын анықтау, адресатын анықтау, хаттың жазылған уақытын (датасын) тағайындау. Көп жағдайда адресаттын; хатты алған уақытын да анықтау қажет болады.

Әр түрлі нақты жағдайларда осы сұрақтарға жауап іздеу тәсілдері де әр алуан болып келеді. Солардың жиі қолданылатын кейбіреулеріне тоқтайық.

Хаттың авторын айқындаудың үш басты тәсілі бар: 1) автордың хатты жазғандығының құжаттық дөлелдерін табу (автордың куәлігі, осы авторға басқа хаттарда берілген тікелей нұсқаулар); 2) тақырыптық жарыстыру, текстік салыстырулар арқылы идеологиялық талдау; 3) хаттың идеясын айқындауға тілін (лексикасын, сөздердің айтылу ерекшелігін, сөйлесу тәсілінің ерекшелігін т.б.), стилін талдау. Бұл тәсілдерді пайдалануда өте мұқият болған жөн. Олар өзінен өзі авторды анықтауда тікелей қате жібермеудің кепілдігін бермейді.

Хаттың адресатын анықтауда оның аты-жөнін, хаттың мазмүнын, сипатын жөне адресін талдаудың да аса маңызды мені бар.

Хаттың жазылған уақытын анықтаудың екі жолы бар. Біріншісі — хаттың жазылу уақытының дәл көрсетілуі. Мұндай хаттың конвертінде оның поштаға салынған күнінің штамп басылған белгісі болуы керек. Екіншісі — хаттың датасыз немесе датасы шала көрсетілген, конвертсіз болуы. Мұңдай жағдайда оның датасын жобалап қою керек, дәлірек айтқанда, мүмкін болған екі шеткі даталарды көрсету керек.

Кейде хаттың жазылу мерзімін анықтауға сол хаттың өзінің мазмұны да көмектеседі. Палеографиялық талдаудың мәліметтері: қол жазу (почерк), қағаз, сия; жазу құралдары: қауырсын, қаламұш, қарындаш — датаны анықтауға кейде жақсы көмек беруі мүмкін .

Жеке хаттармен жұмыс үстінде пошта тарихынан, оның мекемелері мен пошталық қызмет практикасынан хабардар болудың да пайдасы бар.

Сонымен, бұл айтылғандардан жеке адамдардың хаттары өзінің жанрлық және әр түрлілік ерекшеліктеріне байланысты күнделіктерден гөрі тым күрделірек және өзіндік сипаты бар деректер болып табылатыны. Және бұлардың көптеген өзге де дерек түрлерімен шектесіп, олардың да деректану саласында атқаратын кей қызметтерін пайдалана алатьны аңғарылады.

Бақылау сұрақтары

1.Қандай мемуарларды білесің?

2.Жеке адамдардың хаттарын қалай зерттеуге болады?

3.Күнделіктерді зерттеудің қандай жолдарын білесің?