Абайдың табиғат лирикасы

201

                                  Қазақ әдебиеті

                                           10 сынып

Сабақтың тақырыбы: Абайдың табиғат лирикасы

Білімділік мақсаты׃Оқушыларға Абай өлендерін орыс классиктерінің өлеңдерімен салыстыра отыра терең меңгерту, жатқа айту, өлеңдерді талдау машығын жетілдіру, теориялық ұғымдарды түсіндіру, этнографиялық танымдарды кеңейту.

Тәрбиелік мақсаты ׃ Оқушыларға эстетикалық, экологиялық тәрбие беру,
олардың поэзия, саз өнері, бейнелеу өнері секілді көркем өнер
дүниесіне сүйіспеншіліктерін арттыру.Абай ұлылығын терең сездіру,
туған табиғатқа қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты ׃ Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, өлеңдерді сатылайкешенді  талдау  қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

Сабақ түрі׃ аралас
Әдіс — тәсілі׃ баяндау, әңгімелеу, салыстыру, талдау
Пәнаралық байланыс׃ орыс әдебиеті,тарих, табиғаттану, халық ауыз әдебиеті, музыка
Көрнекілік׃ компьютер, слайдтар, суреттер

Сабақ барысы׃     I.Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін тыңдау

  1. Өткенді пысықтау.
    Кластер әдісімен өткенді пысықтау. Абай туралы не білетінін анықтау

 Ұлы ақын

Аудармашы                                                                                  Философ

ойшыл                                   Сыншы

сазгер

Хронологиялық  жатжазу

  1. 1845 жылы
  2. 10 жас
  3. 3 ай
  4. 1870 жылы
  5. 1882 жылы
  6. 46
  7. 1904 жылы

 

  1.   Абай қай жылы туған? ( 1845 жылы 10 тамыз.)
  2. Туған жерінің аты. ( Семей облысы. Шыңғыстау тауының бөктері.)
    3. Абайдың шын аты кім еді? ( Ибраһим.)
    4. Абайдың әжесінің аты кім? ( Зере.)
    5. Абайдың арғы аталары кімдер? ( Өскенбай, Ырғызбай. )
    6. Шешесінің аты кім болған. ( Ұлжан.)
    7. Құнанбай неше әйелді болған? ( 4 әйелді.)
    8. Абайдың. дүниеге көзін ашқан кім еді ? ( Михаэлис.)
    9. Абай неше жасқа дейін оқыған ( 13 жас.)
    10. Семейдегі Абай оқыған медресе қалай аталған? ( Ахмет- Риза.)
    11. Абайдың руы қаңдай? ( Тобықты.)

Слайдтан Абай Құнанбаевтің өмірбаянынан

 

III. Жаңа тақырыпты игерту

Слайдтан табиғат суреттерін- әр жыл мезгілін көрсету. Демек, бүгін біз не жайында сөз етпекпіз? Дұрыс табиғат туралы. Енді  бұл сөзді естігенде ойларыңа қандай  сөздер келеді?

              Табиғат сөзіне ассоциация

« Табиғатқа немкетті  қарау, онымен санаспау — ана сүтін ақтамағанмен бірдей» 

« Табиғат —  поэзия бұлағы  »  

                                                                       М.Әуезов

Не то, что мните вы, природа:

Не слепок, не бездушный лик;

В ней есть душа,  ней есть свобода,

В ней есть любовь, в ней есть язык

                                                                  В.Белинский

В любой травинке сыщется душа,

И не бездушны кедры-исполины…

Земля родная, как ты хороша

И дорога от кочки до вершины!

А.Адаров( алтай халқының ақын- жазушысы)

                                    

Табиғат – адам өмір сүрер тіршілік етер ортасы.Онсыз өмір жоқ.Міне, осы табиғат көріністерін, оған бөлінген қазақ даласындағы өмірді, тұрмыс-халді суреттеуге Абайдың көптеген өлеңдері арналған және Абайдың бұрын табиғат көріністерін мұншалық терең әрі жан-жақты жырлаған ақын болған емес. Біз бүгін Абайдың жыл мезгілдеріне байланысты «Қыс», «Жазғытұры», «Күз», «Жаз» « Қараша , желтоқсан, сол бір- екі ай» өлеңдерін оқып, талдаймыз. Бұл өлеңдерін ақын 1886-1890 жылдар аралығында жазған.
Абайдың жылдың  төрт мезгілі туралы жазылған өлеңдері бейнеті мен азабы мол мал баққан шаруаны баянсыз көшпелі ауылды көрсететін сұлу шығармалар болып табылады.Табиғатқа жан бітіруге ұлы Абай өзінің орыс классиктерінен үйренген.
Абайдың табиғат лирикасы жалаң келмей, жамыраңқы келеді. Оның пейзажы қимылға, адаммен қарым-қатынасқа, мағыналыққа толы. Абайдың пейзажы біздің қанымызға дарып, санамызға сіңіп кеткен. Көктем келсе, біз Абайдың сөгілген бұлтын, ойнаған найзағайын еске аламыз. Жаз шықса, біз Абайдың көкорай шалғынына аунағандай боламыз. Күз болса, біз Абайдың дымқыл су бүріккен тұманына шомылғандай әсерленеміз. Қыс түссе, біз қалтыраған ақ сақалды шалды көз алдымызға елестетеміз. Абайдың самалы, сағымы, желі, жаңбыры, үскірігі, аязы баяғы күйінде тұрғандай сезінеміз. Оның байлығы баршамызға жетіп жататындай. Абайдың бір ұлылығы осында.

Екі оқушы Абайдың « Жаз» бен « Күз» өлеңдерін жатқа айтады. Мазмұнына  тоқталу.

Сөздік жұмысы

Жалаң – отдельный

Жамыраңқы – многогранный

Дарып – внедряться

Көкорай шалғын – луг

Бүріккен – брызгать

Әсерленеміз – вдохновиться

Самалы – ветерок

Сағымы – мираж

Үскірігі – лютый мороз

                                           Салыстырмалы сызба

                  «Жаз»өлеңі                  «Күз» өлеңі
1. ашық аспан

2.көкорай шалғын, бәйшешек

3. тойынған мал

4.көңілді қыз  келіншектер

5.жайлаудағы сән салтанат

6.құстар сайраны

7.мамыражай жаз

8.алаңсыз тіршілік

9.жадыраған шілде айы

1. бұлтты аспан

2.сыйдиған ағаш, қурай

3.жонтиып, семірген мал

4. малма сапсыған жүдеу әйел

5.үй жамаған кедей тұрмысы

6.қайтқан құстар

7.қырдың қара суығы

8.тіршілік қамымен

9.тозған күзеу көрінісі

 

  1. Малма деген не? Малма сапсу дегенді қалай түсінесіңдер?
    2. Шуда жіп деп қандай жіпті атаған. Оны қалай иіреді.
    3. Шом, Шомшы деген не?
    4. Күзеу деген не? Көшпелі қазақтардың қысқа, жазғы қоныстары қалай аталған.
    5. Алты қанат үй деген қандай үй? Киіз үй неше қанат болуы мүмкін. Киіз үй қандай бөліктерден тұрады?
    6. Шидем деген не?
    7. Ене деген кім? Қазақша қандай туыстық атауларды білесің ?
    8. Құда деп кімді айтады?
    Жауабы.
    1. Малма-тері илейтін ашытқы, иге салатын теріні асты-үстіне шығарып, араластыруды малма сапсу деген.
    1. Түйенің шудасынан иірілген жіпті айтады. Оны әжелер ұршықпен иірген.
    2. Шом- түйенің беліне жүк батпас үшін салынатын жұмсақ нәрсе. Шомшы -түйемен жүк тасушы адам.
    3. Күзеу-малшылардың күзде отыратын қонысы, жайылымы.
    Қысқы қоныс-қыстау,жазгы-жайлау делінген.
    4. Киіз үйлер керегесінің санына байланысты 5, 6, 7, 12 қанат болып келеді.Ол мынадай бөліктерден тұрады: кереге,уық,шаңырақ,сықырлауық,түндік,іргелік,туырлық ,үзік,басбау,бау.т.б.
    5. Шидем-қойдың жабағысынан тігіп ,сыртын маталап қаптаған киім.Оны күпі деп те атаған.Қазақта сондай-ақ тон,ішік,тымақ,бөкебай,түлкі тымақ,құлақшын,пима ,байпақ. т.б. киімдер бар.
    6. Келіндер күйеуінің шешесін ене деп атаган.Туыстық атаулар: апа,көке,ата,әже,жезде, аға,жеңге,балдыз,абысын,келін,құда, құдағи, құда бала,құдаша,бөле,нағашы,жиен,жиеншар,сіңілі,қарындас,қайын сіңілі.
    7. Қыз алысып,қыз беріскен адамдар құдалар деп аталады.»Құда мың жылдық, күйеу – жүз жылдық» , «Құдаңды құдайыңдай сыйла»

Табиғат туралы орыс ақындары  да көп жырлаған. Мысалы :

Александр Сергеевич Пушкин

«Болдинская осень», «Теперь моя пора» ,«Волшебный край! очей отрада!» ,«Туча», «Еще дуют холодные ветры», «Зимнее утро» ,«Какая ночь! Мороз трескучий», «Осеннее утро»

Михаил Юрьевич Лермонтов

«  Горные вершины» ,«Утёс», « Весна», «На севере диком стоит одиноко», « Осень»,

« Вечер после дождя», «Выхожу один я на дорогу», « Гроза», « Дары Терека», « Дубовый листок оторвался от ветки родимой «Когда волнуется желтеющая нива…» «На севере диком стоит одиноко»

Сергей Есенин

«Берёза», «Даль подернулась туманом» ,«Отговорила роща золотая» ,«Снежная замять крутит бойко» ,«Еду. Тихо. Слышны звоны», « Зима», «Восход солнца»

 

Друг другу чужды по судьбе,

 Они родня по вдохновенью.

(А.С. Пушкин)

Издревле сладостный союз

Поэтов меж собой связует:

Они жрецы единых уз;

Единый пламень их волнует…

(А.С. Пушкин)

 

Слайдтан Абай мен Пушкиннің өмірбаянан мәлімет беру

 

Абай Құнанбаевтің «Жазғытұры», « Жаз», « Күз», «Қыс» өлеңдерін
Александр  Пушкиннің «Зимнее утро», «Унылая пора! Очей очарованье!»

«Ох, лето красное! любил бы я тебя»өлеңдерін мәнерлеп оқу

«Теперь моя пора: я не люблю весны;

Скучна мне оттепель;

вонь, грязь- весной я болен;

Кровь бродит; чувства, ум тоскою стеснены…»

Пушкин көктем  мен жазды  жаман көрген, ал Абай керісінше сүйген. Ол  табиғаттың сұлулығын тамашалап қана қоймай, қазақ шаруаларының күн көрісін бейнелеген.

Абайдың « Қыс» өлеңімен Пушкиннің « Зимнее утро», Я.П.Полонскийдің

 « По горам две хмурых тучи» өлеңдерін оқып, салыстырып, назар аударайық.

«Қыс»

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды…

« Зимнее утро»

Мороз и солнце,  день чудесный,

Еще ты дремлешь друг прелестный?

Пора ,красавица,проснись,

Открой сомкнуты негой взоры,

На встречу северной Авроры,

Звездою севера явись…

« По горам две хмурых тучи»

По горам две хмурых тучи

Знойным вечером блуждали

И на грудь скалы горючей

К ночи медленно сползали…

Грянул гром- по дебрям влажным

.А скала таким протяжным

Стоном жалобно сказалась,

Так вздохнула, что не смели

Повторить удара тучи

И у ног скалы горючей

Улеглись и обомлели…

 

Үш өлеңде де қандай көркемдегіш  тәсіл қолданылған ? Кейіптеу — олицетворение

 

 

 

Кейіптеу (олицетворение)

«Зимнее утро» « Қыс» « По горам две хмурых тучи»
Вечор, ты помнишь… (обращение в вечеру) Ақ киімді, түсі суық шал, кәрі құда деп көрсетуі

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Эхо засмеялось, тучи ссорятся, скала вздохнула

 

 Эпитеттер

«Зимнее утро»      «»              « Қыс» « По горам две хмурых тучи»
Чудесный день

Прелестный друг

Мутное небо

Бледное пятно

Тучи мрачные

Голубые небеса

Прозрачный лес

Ақ киімді,

ақ сақалды

соқыр мылқау

түсі суық

кәрі құда

ақ орда

жас балалар

кәрі шал

Две хмурых тучи

Знойным  вечером

Горючей скалы

Дебрям влажным

Протяжным стоном

Яркой молнии

 

 

           « Қыс» өлеңіне сатылай кешенді талдау жүргізу

  1. 1. Авторы— А.Құнанбаев— қазақ халқының ұлы ақыны,ойшыл— философы, композитор әрі аудармашы,реформатор.
  2. Тақырыбы-—- қыс мезгілінің ерекшелігі,ащы аяз,долы боран кезіндегі ауыл,ел өмірі.
  3. Жанр түрі- өлең.Бұл өлең табиғат лирикасына жатады.Себебі,.ақын табиғаттың қытымыр қаталдығына қарсы тұруын өз көңілі,сезімі арқылы білдіреді.
  4. Идеясы дегеніміз—— ақынның айтар ойы мен мақсаты.Өлеңнің идеясы—қыс сипатын күшейтіп суреттеп,адамдарды табиғаттың долы күшіне қарсы тұра білуге шақырады.

5 Шумақ дегеніміз—— аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді. Өлең 5 шумақтан тұрады.

6 .Тармақ дегеніміз—өлеңнің әр жолы.22 тармақты

  1. Бунақ дегеніміз—белгілі дауыс ырғағымен бөлінуі.2-3,3-3 бунақты
  2. Буын саны— дауысты дыбыс санына байланысты. Өлең 11 буынды.
  3. Ұйқас түрі.Ұйқас дегеніміз-өлеңнің бітім,мазмұнымен тамырлас келіп,оған әуен,ерекше сөз беріп тұратын өлең тармақтарындағы сөздердің үндестігі екендігін айтып кетеді.Бұл өлең қара өлең (а-а-б-а) және кезекті ұйқаспен жазылған (а-б-в-б)
  4. Әдеби теориялық ұғымдар:

Троп немесе құбылту түрлері

Эпитеттер-—ақ киімді,денелі ақ сақалды,ақ қырау,кәрі құда,ақ орда,жас балалар,қайран жылқы,кәрі шал.

Кейіптеу— Ақ киімді денелі ақ сақалды,

Соқыр,мылқау, танымас тірі жанды

Үсті-басы ақ қырау,түсі суық

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Демалысы—-үскірік аяз бен қар

Кәрі құдаң қыс келіп әлек салды.

Теңеу—-ұшпадай,бұлттай.

  1. 11. Сөздікпен жұмыс.

Ұшпа-бұлт (жеке,шоқ бұлт), бурадай—түйенің долданып,ашулануы.

  1. 12. Өлеңнің тәрбиелік мәні. Шидем мен тондарын қабаттап кисе де,долы боранға тура қарай алмаса да,мал соңында қар жамылып,мұз жастанған жылқышылардың ерлігіне риза боласың,үлгі аласың. Суықтан,аштықтан әлі құрыған жылқыларды ауыз салмақ болған аш қасқырларға жем қылмай,сақтанып, елге сойып беруге ақыл етеді.

Шығармашылық жұмыс

Абайдың «Жазғытұрым» өлеңін  және «Зимний вечер» А.С.Пушкиннің өлеңін қара сөзбен жазу

1780 жылы неміс ақыны  Гете  « Ночная песня путника» деген өлеңін жазған.  60 жылдан кейін  1840 жылы бұл өлеңді орыс тіліне  М.Ю.Лермонтов аударып, оны « Горные вершины» деп атаған. Ал 1892 жылы   52 жылдан кейін Лермонтовтың өлеңін Абай Құнанбаев  қазақ тіліне аударып, « Қараңғы түнде тау қалғып» деп атады.

Қараңғы түнде тау қалғып,                    Горные вершины

Ұйқыға кетер балбырап,                         Спят во тьме ночной

Даланы жым жырт, делсал қып,            Полны свежей мглой;

Түн басады салбырап.                            Не пылит дорога,

Шаң шығармас жол дағы,                        Не дрожат листы…

Сілкіне алмас жапырақ.                          Подожди немного,

Тыншығарсың сен дағы,                         Отдохнешь и ты.

Сабыр қылсаң азырақ.

                                                  Синквейн

                

        Абай                                Пушкин                          Лермонтов

  

                                            

   Мұғалім: «Бізді қоршаған орта – табиғат . Табиғат – ана. Адам баласы табиғаттың перзенті.Адам мен табиғат әрқашанда егіз. Табиғатты асыраушың, қорғаушың десең де болады.  Ата-бабамыз: « Жер — қазына, су — алтын, мал-байлық» деп, өсиет айтып кеткені тегіннен тегін емес.

Табиғат – асыл қазына. Оны қорғауымыз керек. Кейбір жан-жануарлар мен өсімдіктер дүниесі азайып, мүлдем құруы мүмкін. Сондықтан қазір көп  елде  әр түрлі қорықтар жасалған. Мысалы, Қазақстан Республикасында:

 

Алматы ,Қорғалжын ,Марқакөл ,Ақсу-Жабағылы,Наурызым,Барсакелмес қорықтары бар ( слайдтардан көрсетіледі).

Біздің Алтай Республикасындағы қорықтар : Үкөк, Сайлюгем,Тігірек , Алтай  қорықтары ( слайдтардан көрсетіледі)

   IV.Қорытындылау

Алтай халқының белгілі ақыны Борис  Укачиннің өлеңімен аяқтау
“Наш мир прозрачный, как ручей,

И пестрый, как цветы,

Не пожалеет для людей

Добра и красоты.

Нерасчетлив и не скрытен,

Видит вглубь, безбрежен вверх,

Мир природы беззащитен, —

Помни это, человек!”

 

  1. Үй тапсырмасы: табиғат туралы төрт – бес шумақ өлең- тақпақ құрастыру.

 

  1. VI. Бағалау