MS Excel-де формуланы енгізу және көшіру
Сабақтың тақырыбы: § 8.3. MS Excel-де формуланы енгізу және көшіру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Деректерді өңдеу формулалары, деректердің орнын ауыстыру және көшірмелеу туралы білімдерін қалыптастыру;
Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақ түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялар, баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютерлер, үлестірме қағаздар, интерактивті тақта.
Сабақтың өту барысы:
І-кезең (7 мин)
І. Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу, сыныпты сабаққа дайындау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 8.2 тақырып. MS Excel-ге берілгендерді енгізу және редакциялау.
а) Оқушыларға семантикалық карта таратып беремін.
ә) Сұрақтарға жауап беру (слайд 8).
Семантикалық карта (дұрыс жауапты «+» белгісімен бересіз)
| Жауаптары | Кез келген электронды кестенің ұяшығына мына ақпараттарды енгізуге болады. | 
| Сан | |
| Бейнелік | |
| Мәтіндік | |
| Сурет | |
| Формула | 
| Жауаптары | 27 | =A5+B5*C5 | -55.99 немесе а 55,99  | 
| Сан | |||
| Формула | |||
| Мәтін | 
| Жауаптары | Берілгендерді редакциялау үшін: 2 әдісі | 
| Ұяшықты белгілеп, Ғ1 пернесін басу | |
| Ұяшықты белгілеп, Ғ2 пернесін басу | |
| Ұяшықты белгілеп, Ғ3 пернесін басу | |
| Ұяшықты белгілеп, формула жолында редакциялау | 
ІІ-кезең (20-22 мин) технология бойынша синектикалық бөлім.
ІІІ. Жаңа тақырып
а) Өз бетімен жаңа тақырыпты меңгеру. (оқып шығу 5 мин) 4-топқа тақырыпшаларды бөліп, оқитын бөліктерін белгілеп беремін.
Оқушыларды 4 топқа бөліп отырғызамын. Нөмірленген 4 парақ таратып беремін.
Талқылауға арналған маңызды тақырыпшалар:
- Функция шебері, автоқосынды;
 - Формулаларды көшіру;
 - Салыстырмалы және абсолют сілтемелер;
 - Ұяшықтағы мәліметтердің орнын ауыстыру;
 
ә) «Эстафета» тәсілі: Жұмыс нәтижесін мұғаліммен бірігіп талқылау.
Белгі бойынша оқушылар жаңа тақырыптан оқыған командаларын, батырма, белгілерін жазып, бір-біріне жылжытып отырады (бір-бірін қайталамауы тиіс). (4 мин)
Қай топ анық, нақты жауап бергенін анықтап, жеңімпаздарды белгілеймін. (3 мин)
Электрондық кестедегі формула – кестелік процессор аумағында орындалатын ереже бойынша жазылатын математикалық мәні.
Ұяшыққа функцияларды енгізу үшін:
- Формула енгізетін ұяшықты белгілеу;
 - Функция батырмасын немесе вставка функций командасын орындау;
 - Функция шебері диалогтік терезесінде функция типін, содан кейін функцияны таңдау;
 - ОК батырмасын шерту.
 
Формулаларды көшіру:
- Сол формуласы бар ұяшықты белгілеу;
 - Түзету (Правка) – Көшіру (Копировать) командасын шақыру немесе көшіру батырмасын шерту (ұяшық маңынан бөлік буферге енді деген үзік сызықты қоршау көрінеді);
 - Түзету – Қою (Вставить) командасын шақыру.
 
Салыстырмалы және абсолют сілтемелер:
- Формуланы көшіру кезінде өзгеріске ұшырайтын сілтемелер салыстырмалы деп аталады.
 - Формуланы көшіру кезінде сілтеменің кейбір индекстері өзгермес үшін, $ символын қолданады, оны абсолют сілтемелер дейді. мыс. =CУММ($B$2:$D$2
 
Ұяшықтағы мәліметтердің орнын ауыстыру үшін:
- орын ауыстыратын ұяшықты белгілеу;
 - түзету – Қиып алу (Вырезать) командасын шақыру немесе қиып алу батырмасын шерту;
 - бөлік қойылатын ұяшықты белгілеу;
 - түзету – Қою (Вставить) командасын шақыру.
 
б) Алған жаңа теориялық білімді практика жүзінде пысықтау (Excel бағдарламасында практикалық жұмыс)
8.3 практикум. MS Excel-дегі формулалар. Интерактивті әдіспен көрсете отырып, түсірдіремін.
в) «Сұрақ-жауап» тәсілі:
Содан кейін әр топ бір-біріне 2 сұрақтан қояды, ол сұраққа оқушылар немесе мұғалім жауап береді.
- Практикалық жұмыс.
 
ІІІ-кезең. (кері байланыс) Деңгейлік тапсырмалар орындау (14 мин)
Оқушыларға компьютерде MS Excel-де деңгейлік тапсырмалар орындау ұсынылады: Деңгейлік тапсырмалар 12 балдық жүйемен бағаланады:
1-деңгей — 5 балл, бағасы «3»
2-деңгей — +4 балл = 9 балл, бағасы «4»
3-деңгей — +3 балл = 12 балл, бағасы «5»
1-деңгейлік тапсырма
| Автоқосынды көмегімен бос ұяшықтарға көлденеңнен қосындыларын есептеу керек. | |||
| 28 | 26 | 41 | |
| 36 | 35 | 13 | |
| 45 | 56 | 75 | |
| 12 | 89 | 64 | |
2-деңгейлік тапсырма
| V=S/t формуласы бойынша жылдамдықты есепте. | |||||||||
| S | 120 | 590 | 78 | 1268 | |||||
| t | 2 | 6 | 0,7 | 28 | |||||
| V | |||||||||
3-деңгейлік тапсырма
| Көбейту кестесін Пифагор кестесі түрінде жасау | |||||||||||
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | Ескерту. Кесте ұяшықтары бағандар мен жолдардың көбейтіндісі формуласымен толтырылады. Формулада абсолюттік адрестеу қолданылады | ||
| 1 | |||||||||||
| 2 | |||||||||||
| 3 | |||||||||||
| 4 | |||||||||||
| 5 | |||||||||||
| 6 | |||||||||||
| 7 | |||||||||||
| 8 | |||||||||||
| 9 | |||||||||||
«Ашық журнал» (тақтада ілініп тұрады).
Ашық журнал
Информатика пәні бойынша 8 «а» сынып
Тақырып: Формуланы енгізу және көшіру
| № | Оқушылардың аты-жөні | 1-деңгей (5 балл) | 2-деңгей (4 балл) | 3-деңгей (3 балл) | Барлық балы | Бағасы | 
| 1 | ||||||
| 2 | ||||||
| 3 | ||||||
| 4 | ||||||
| 5 | 
- Сабақты қорытындылау:
 
Бағалау: MS Excel-де жасалған электронды журналда оқушының бағалары қорытылып шығады, диаграмма түрінде беріледі. (2 мин)
Үйге тапсырма: § 8.3. Формуланы енгізу және көшіру. (мазмұндау)