Электронды оқулықтарды сабақта пайдалану тиімділігі

107

Электронды оқулықтарды сабақта пайдалану  тиімділігі

Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесі саясатының басты мақсаттарының бірі жан жақты, жогары білімді, қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу. «Білім туралы» заңда білім беру жүйесінің басты міндеті «Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін жағдайлар жасау» делінген.

Білім берудің кез келгекн саласында электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбекетуіне жағдай жасайды.Оқушы өзін қоршаған ортаны барлық сезім мүшелері арқылы танып біледі, алайда олардың қабылдауы әртүрлі.Ақпараттарды қабылдаудың негізгі арналары:есту, көру және сезу болып табылады.Өзін қоршаған ортадан қабылдайтын мәліметтердің  90 пайызын көру жүйесі арқылы, 9 пайызын есту жүйесі арқылы, тек 1 пайызын сезім мүшелерінің көмегімен абылдайды.Көру жүйесі –есте сатаудың түрлері ішінде жетік, үздік дамығаны.Педагог-психологтардың зерттеулері бойынша берілетін білім оқушының ішкі мұқтаждығымен сәйкес келмесе, онда процесінде иындық туындайды.Мысалы,информатика пәнін алатын болса,компьютермен жұмыс істеу кезінде жаңа ұғымдармен таныс болмауынан және техника құралын бірінші рет пайдаланып отырғандытан, оның мүмкіншілігі мен қажеттілін білмеуі салдарынан оқушылардың өздеріне деген сенімсіздігі туады.

Қазіргі кезде жас ұрпақ тәрбиесі, оның жеке тұлғасының жаңаша қалыптасуы, әлеуметтік дүниеге көзқарасы, жалпы болмысы, ең алдымен мұғалімге байланысты.Қ    азіргі заман мұғалімінен өз пәнінің терең  білгір болуымен қатаң, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық, саяси экономикалық, білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде.Ол заман  талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар,  шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу – тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана, білгі мен білімі  жоғары жетекші тұлға ретінде  ұлағатты саналады.

Электронды оқулықты пайдалану арқылы:

-оқу материалдары туралы  оқушыларға дәл және  толы ақпарат беру арқылы оқыту  сапасын арттырады;

-абстрактылы оқу материалдарын нақтылыққа жеткізіп, оқытудың  тиімділігін  жетілдіреді;

-оқу материалының  маңызын арттырып, уақыттан ұтып, есте сатау  қабілеттерін жетілдіруге қол жеткізеді.

Есте сақтаудың әсер алу,  қайталау арылы оқу  материалдарын терең игеруге жеткізеді:

-мұғалім мен ооқушы  еңбектерін  жеңілдетіп, пікір алысып, байланыстарын арттырады.

Информатикадан оқушы үшін электронды оқулықты қолдану тиімді.

Электронды оқулықты қолдана отырып  оқушыларға сапалы білім беруге болады.Соның бірі дәлелі ретінде аз уаыттағы ұстаздық өз  тәжірибемнен жүргізгекн  жұмысымды айтқым келеді:

-өтілген материалдарды  дұрыс әрі жеңіл  түрде түсіндіру:

-оқушының өздігінен дайындалып, жұмыстың барлық  кезеңдерінде  өзін-өзі тексеруге;

-жұмысты тиянақты түрде орындап, мұғалімге файл түрінде тапсыруға;

-түсінбеген тақырыптарды  қайталауға;

-оқулықты сабақтарда  қолданып,  оқушының өз  деңгейінде тапсырмаларды таңдауға;

қажетті  материалдарды жылдам  іздеп  табуға  мүмкіндік  туғызады.

Ақпараттық технологиялардың  мүмкіндіктерін  пайдаланып жасалған электронды баспа оқулығын пайдалану арқылы мұғалімдер мен оқушылардың өздігінен  жұмыс жасай  алады.Әсіресе аталған электронды оқулықты  пайдалану оқушылардың  сабаққа деген ынтасын жоғарылатып, өздігінен  мұғалімнің нұсқауынсыз тақырыптарды игеруіне және зертханалық жұмыстарға алдын ала дайындалуларына мүмкіндік туғызады.Электронды оқулықты қолдану

 

 

 

барысында графикалық безендірулер және   сұқбат терезесі түрінде  пайдаланушы интерфейсі  оқушыларды бұл кітап  пайдалануға деген  қызығушылығын арттырады.

Мен өз  сабағымда электронды  оқулықтарды пайдаланып өтемін.Бұның тиімді жағы көп: сабаққа  қажетті материалдар, кестелер  мен сызбалар, анимациялы көріністер, оқушыларды машықтандыру,  анықтама, сөздік, оқушы білімін  бекітетін  дидактикалық материалдар бпр.Әр тараудағы тест сұрақтары, әр  тапсырманың өзіндік жұмыстары  оқушы  білімін  бақылауда және  оқушының өз  бетінше  ізденісін  туғызуда көмегі зор.

Электронды оқулықты пайдалану арқылы:

  • сабақта техникалық ұралдарды, дидактикалық материалдарды қолдану тиімділігі;
  • оқушының пәнге қызығушылығы;
  • алынған білім, дағды деңгей;
  • білімнің тереңдігі;
  • тексеру түрлері, бағалау;
  • практикалық дағыларды игерту мүмкіндігі артады

 

Қорыта келгенде электронды оулықты қолдану барысында  оушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалады.Мұғалімдер де өздеріне қажетті  әдістемелік, дидактикалық  көмекші ұралдарды жеткілікті түрде ала алады.Заман талабына сай  жас ұрпаққа   сапалы білім беруде электронды оқулытарды сабаққа пайдалану, оқытудың жаңа  технологиясының  бір  түрі  ретінде  қарастыруға болады.Сонымен қатар электронды материалдарды сабақта  пайдалану кезінде оқушылар бұрын  алған білімдерін  еңейтіп,  өз бетімен практикалық тапсырмалар орындайды.Әрбір оушы таңдалған  таырып бойынша қжетті материалдармен танысып, кестелер және сызбалармен жұмыс  жасауға  дағдыланады.Электронды оқулы арқылы түрлі суреттер, бейне  көрністер, дыбыстар пен  музыка тыңдатып көрсетуге  болады.Бұл әрине  мұғалімнің  татаға бормен жазып  түсіндіргенінен әлдеайда тиімді, түсінікті.Меңгерілуі қиын  тақырыптарды  компьютердің  көмегімен түсіндірсе жаңа  таырыпқа деген  баланың  құштарлығы оянады деп  ойлаймын.