Формулаларды енгізу және көшіру

86

Сабақтың тақырыбы:  Формулаларды енгізу және көшіру

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға Excel бағдарламасында формуларады енгізу және көшіруді меңгерту;
  1. Тәрбиелік: Компьютерде жұмыс істеуде ұқыптылыққа, әдептіліке, өз уақытын  дұрыс пайдалана білуге тәрбиелеу;
  1. Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілеттерін жан – жақты дамыту, ойларын дұрыс тұжырымдап сұрақтарға қорытынды жасай білуге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютерлер және жұмыс парағы.

 

Сабақтың типі: білім, білікті практикада қолдана білу сабағы

 

Сабақтың түрі: практикалық, өз бетінше жұмыс

 

Пәнаралық байланыс: Математика, экономика негіздері

 

Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі ( оқушыларды түгелдеу, оқушыларды практикалық жұмыспен таныстыру, жұмыс парақтарын тарату)

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру арқылы теориялық білімдерін бекіту

1.Excel кестелік процессорының терезе элементтерін ата

 

 

 

2.Жұмыс кестесінің элементері

Жол –     65536;                                                           Белгіленуі: 1,2,3,…

Бағана –   256;                                                             Белгілелуі:  А,В,С,…

Ұяшық –    16F777216.                                               Белгіленуі: А1,А2,…

 

 

ІІІ. Практикалық жұмыс

 

Оқушыларды тапсырмалармен таныстыру, практикалық жұмыстарын орындату.

 

1.тапсырма

Электрондық журналмен жұмыс жасау

 

1.Excel электорондық кестесін іске қосып, жұмыс кітабының бірінші парағын 1-суретте көрсетілгендей етіп, толтыңыздар.

І – тоқсанының физика пәнінен қорытынды бағасын, тоқсан бойғы бағасының арифметикалық ортасын табу, яғни CP3HAЧ функцичсын қолдана отырып есептеңіз.

2.Осы кестені Журнал деген атпен сақтаңыз.

  1. Дәл осындай кестені басқа сабақтар үшін де толтырыңыз. Ол үшін :

Түзету, Жылжыту/Көшіру командасын пайдаланамыз. Математика және геометрия пәніне қолданамыз.

Лист1 парағы Физика, Лист1[2] математика , Лист1[3] геометрия деп атын өзгертіңдер.

 

A B C D E F G H I J K L M
1 Физика
2 Аты-жөні 3.09 10.09 17.09 24.09 1.10 8.10 15.10 22.10 29.10 Балл 1-тоқсан
3 1 Молдабекова С
4 2 Жүсіпова М
5 3 Тілеулесов С
6 4 Байтілеуов Б
7 5 Сыпатаев Б

 

2.тапсырма

Кестелік процессордың көмегімен фирма қызметкерлерінің айлық жалақысын есептеу есебін қарастырайық: 8% табыс салығы, 2% зейнетақы қорын есептегендегі қолына тиетін ақша көлемін анықтау.

1.Жаңа жұмыс кітабын дайындаймыз.

2.А2:Е2 ұяшықтарын белгілеп, біріктіру және орналастыру командасын береміз. Ашылған орынға қызметкерлер тізімі тақырыбын енгіземіз.

3.А4 ұяшығына 1 саны, А5 ұяшығына 2 санын жазып толтыру әрекетін орындаймыз.

4.В3:І9 блогының ұяшықтарына келтірілген берілгендерді көшіріп шығамыз. Төмендегі кестені толтырамыз.

5.G4 ұяшығына =F4*0,08 формасын жазамыз. Қалған төмендегі ұяшықтарды автотолтыру әдісімен толтырамыз. G5:G9 ұяшықтарын толтырамыз.

6.H4 ұяшығына=F4*0,02 формасын жазып, жоғарыдағыдай(6) әрекетті орындағаннан кейін H5:H9 ұяшығындағы нәтижелерді көреміз.

7.Қызметкерлердің қолына тиетін айлық жалақысының көлемін І4 ұяшығына F4- G4-H4 формасын енгізу және автотолтыру арқылы енгізе аламыз.

8.Соңында жұмыс кітабын Қызметкерлер тізімі.xls атымен сақтаймыз.

 

I4                fx=F4-G4-H4
А В С Д Е А G H I
1
2 Қызметкерлер тізімі
3 Бөлімі Лауазымы Аты-жөні Таб.№ Айлығы Т/ салығы Пенс. Қолына
4 1 Жабдықтау Бастық Әзімов А 25 56000
5 2 Жабдықтау Менджер Көмеков А 23 45000
6 3 Бақылау Аудитор Дастанова Р 69 43000
7 4 Бақылау Хатшы Тастанова К 41 23000
8 5 Шару. Бөлімі Еден жуушы Қадірова А 52 16200
9 6 Шару. Бөлімі Қарауыл Каримов А 89 17300

3.тапсырма

1.Excel – дегі формулалар.

2.Төмендегі кестені құрындар. В3:Д6 ұяшықтар аумағына сәйкес сан мәндерін енгізіңіз.

  1. «Барлығы» бағанына (Е3 ұяшығы) =В3+С3+Д3 формуласын енгізіңіз.

4.Е4 ұяшығына =СУММ (В4:Д) формуласын енгізіңіз.

5.Е3 ұяшығындағы формуланы Е5 ұяшығына енгізіңіз.

6.Е4 ұяшығындағы формуланы Е6 ұяшығына көшіріңіз.

  1. Өзгертуді сақтаңыз.

 

А В С Д Е
1 Қызметкерлерге берілетін сыйақы (теңге)
2 Аты – жөні Қазан Қараша Желтоқсан Барлығы
3 Сәлімжанов А
4 Михайлов М
5 Әубәкірова Т
6 Сыдықов М

 

  1. тапсырма

Төмендегі кестені толтырындар. Жәрмеңкеден түскен пайданың есебін шығарындар.

 

А В С Д Е
1 Тауар Саны Бағасы Жалпы сомасы
2 Тәтті тоқаш 130 10
3 Самса 130 10
4 Шырын 140 10
5 Тақтайша 50 50
6 Еден жуғыш 15 100
7 Орындық 10 200
8 Барлығы:

 

ІҮ.Қорытындылау

 

Сұрақ – жауап әдісі арқылы білімдерін бекіту

  1. = белггісі нені білдіреді?
  2. Ұяшықтағы мәліметтерді қалай көшіруге болады?
  3. Берілгендерді қалай енгіземіз?
  4. Ұяшық дегеніміз не?

 

Ү.Бағалау

Оқушыларды тапсырмаларды және сұраққа жауап берулеріне қарай бағалау.

 

ҮІ. Үйге тапсырма беру

 

  • 8.3 тақырыбындағы ережелерді оқып келу