Кестелермен жұмыс

69

Сабақтың тақырыбы:     Кестелермен жұмыс

Сабақтың мақсаты: 

            Білімділік:       Кестелерді жасау әдістері туралы білімдерін қалыптастыру;

            Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

            Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі:  практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:   компьютер, оқулық, интерактивті тақта, тест жұмыстары.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

           

Кестелерді жасау әдістері. «Кесте»   түсінігімен сіз төменгі  сыныптан таныссыз. Кесте мәтіндік және графикалық хабарламаларды көрнекі етуге мүмкіндік береді. Кесте баған мен жолдан және екеуінің қиылысуында орналасқан  ұяшықтан тұрады. Ұяшыққа бірнеше жол немесе абзацтар, сонымен қатар суреттер, т.б. заттар да орналасуы мүмкін.  Ұяшықтағы мәтінді кәдімгі ереже бойынша форматтауға болады.

Құжатта кестені даярлаудың екі әдісі бар.

1-әдіс.

Бос кестені орналстыру үшін курсорды қажет жерге апарып, Кесте (Таблица) менюіндегі Қою-Кесте (Вставить — Таблица) командасын таңдаңыз. Кестені қою терезесінде бағандар мен жолдардың сәйкес сандарын қойыңыз.

Кесте өлшемдері көрсетілген соң оны Автоформат батырмасын басу арқылы автоматты түрде форматтауға болады.  Терезе ішінде көрсетілген пішінді Автоформат терезесінде таңдауға болады.

2-әдіс.

Кестені Стандартты аспаптар тақтасындағы Кестені қосу (Добавить таблицу) батырмасын шерту арқылы құруға болады.  Ашылған терезеде керекті ұяшық сандарын тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйінде ұстап тұрып қоюға болады.

Ұяшықты біріктіру және бөліктерге бөлу. Кестенің жоғарғы жағына оның тақырыбын жазу кезінде бір жолдың бірнеше ұяшықтарын бір ұяшыққа біріктіру қажет болуы мүмкін, осы кезде ұяшықтың мазмұнын Формат менюінің көмегімен форматтауға болады. Олардың ішіндегі мәліметтер де бір ұяшықтың немесе бірнеше ұяшықтың ішіне орналасуы мүмкін.

Бірнеше ұяшықтарды бір ұяшыққа біріктіру үшін оларды белгілеп алып, Кесте менюіндегі Ұяшықтарды біріктіру (Обьединить ячейки) командасын орындаңыз немесе Кесте және шекара (таблица и границы) тақтасындағы батырмасын шертіңіз.

Бір ұяшықты бірнеше ұяшыққа бөлу қажет болса, курсорды сол ұяшыққа апарып, Кесте менюіндегі Ұяшықтарды бөлу (разбить ячейки) бөлімін таңдаңыз.

Ұяшықтарды бөлу командасы экранға Бағандар саны (Число столбцов) және Жолдар саны (Число строк) мәндерін енгізетін диалогтік терезесін шақырады.

Кесте құрылымын өзгерту. Кесте құрылымын өзгерту бастапқы кестенің жолдар мен бағандар санын өзгерту болып табылады.

Кестеге элементтер қою үшін (жол, баған, ұяшық) олардың орнына жаңадан қойылатын элементтердіі белгілеп, Кесте менюіндегі Қосу (Добавить) командасын таңдап, берілген, яғни Бағанның сол жағы, Бағанның оң жағы, Бір жол жоғары, Бір жол төмен ұяшықтар (Столбцы слева, Столбцы справа, Строки выше, Строки ниже, Ячейки) пункттерінің керегін таңдау қажет.

Кесте элементтерін өшіру үшін оларды белгілеп, Кесте менюіндегі Өшіру (Кесте, Баған, Жол, Ұяшық) Удалить (Таблица, Столбцы, Строки, Ячейки)  бөлімін таңдаңыз.

 

Үйге тапсырма:  Кестелермен жұмыс

Оқушыларды бағалау.