Суреттермен жұмыс істеу

Сабақтың тақырыбы:     Суреттермен жұмыс істеу

Сабақтың мақсаты: 

            Білімділік:       MS Word құжатына суреттерді кірістіру  туралы білімдерін қалыптастыру;

            Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

            Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі:  практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:   компьютер, оқулық, интерактивті тақта, тест жұмыстары.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

           

Microsoft Word  құжатына басқа программаларда жасалған, сондай-ақ сурет салу тақтасын қолданып салынған  суреттер мен графиктік обьектілерді қоюға болады. Ол осы обьектілерді көшіруге және оларды құжаттың кез келген жеріне қоюға мүмкіндік береді.

Басқа программада жасалынған сызба құрылымдарды орналастыру үшін :

обьект қойылатын жерге курсорды әкелу;

Қою – Сурет – Файлдан (Вставка – Рисунок – Из файла)  командаларын таңдау;

Пайда болған терезедегі Бума өрісінен дискіні, ал төменгі өрістен сурет орналасқан файлды таңдау керек.

Егер сурет орналасқан файлды шертсеңіз, қоршаудың сол жағында сурет шығып тұрады;

ОК батырмасын бассаңыз, таңдалынған сурет құжатқа орналасады.

Microsoft Word   арқылы қойылатын суреттерді орналстыру үшін:

сурет қойылатын жерге курсорды орналстыру қажет;

Қою-Сурет – Картина (Вставка-Рисунок-Картина)  командасын таңдау керек;

Пайда болған терезеде Word-тың деңгейіне байланысты әр түрлі суреттердің тізімі ұсынылады;

Суреті бар файлдардың атын таңдап, ОК батырмасын басу керек;

Таңдалынған сурет құжатқа орналастырылады.

Суреттермен жұмыс. Сурет қойылған соң сіздің оны басқаша орналастыруға, өлшемін өзгертуге, суретке қоршау жасауға мүмкіндігіңіз болады.

Суреттерді стандартты әдіспен көшіруге болады. Ол әдісті қолдану үшін суретті ерекшелеу, яғни оны тышқанмен шерту керек.

Сурет өлшемін өзгерту үшін оны тышқанмен шерту керек. Сол сәтте ол жан-жағынан сегіз қара тіктөртбұрышпен қоршалады. Бұрыштарын созу арқылы суреттің өлшемін өзгертеміз. Ал тіктөртбұрыштың қабырғаларын созу арқылы ені мен биіктігін өзгерте аламыз.

Егер суретте тышқанды шертсеңіз, үнсіз келісім бойынша суреттің параметрлерін өзгертетін Көрінісін баптау (Настройка изображения)  батырмалары бар тақта пайда болады.

Бұл тақтаны қосымша меню арқылы да шақырып алуға болады.

Суретті өшіру үшін оны белгілеп және  Delete (Өшіру) пернесін басу керек.

 

Үйге тапсырма:    Суреттермен жұмыс істеу

 

Оқушыларды бағалау.