«Әке –асқар тау».

83

Тәрбие сағаты:    «Әке –асқар тау».

 

  Мақсаты: Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым қатынасты     нығайту.Ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру.Әкеге деген бала махаббатын ояту.

 

Көрнекіліктер: мақал –мәтелдер,әкелерінің суреті бар плакат,ребус,шарлар.

 

Сабақ барысы: Құрметті  бүгінгі кешіміздің қонақтары,ұстаздар,ата-аналар,оқушылар сіздерге арналған «Әке-асқар тау» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз.

Хор:  «Ойлаймын әке өзіңді».

 

1-оқушы:           Есімде бейнесі әкемнің

Күлімдеп қарайтын

Мен саған талпынсам

Құшағын жая сап,көтеріп алатын.

 

2-оқушы:                Сәулелі сөз сөне ме?

Орны бөлек батаның

Бізге тәлім өнеге

Ақ тілеуі әкенің .

 

3-оқушы:             Әр сөзінің ақырын

Жақсылыққа тірейді

Қадап айтып ақылын

Көпке бақыт тілейді

 

Көрініс:            «Әке мен бала»

 

4-оқушы:          Атамның ән-күйі ғажайып

Әжемнің әлдиі ғажайып

Анамның мейрімі ғажайып

Әкемнің пейілі ғажайып

Осындай жақсы әдет ғажайып

Қалмасын ешқашан азайып.

 

5-оқушы:                     Аққудай ақ орманым

Ауырмашы әкешім

Ауруы көп-ау жалғанның

Қартайиашы әкешім

 

6-оқушы:                   Бойға қуат береді

Әй жарайсын дегені

Мен әкемнен әр кезде

Соңы естігім келеді.

 

Ребус шешу:           Маған да,саған да

Жақын туыс бес адам

Үш әріптен тұратын

Оңға оқы,солға оқы.

Өзгермейді еш одан

Бәрі де өз жұртын

Айтады кәне кім атын?

( ата,ана,апа,аға,іні )

 

 

Ойын сәті:           Ер балалар мен әкелері арқан тартысып,күш сынасады.

 

Кім тез? :              Шарларға әкелерінің аттарын жазып жарысу.

 

Балалардан 7 атасын сұрау.

(әке,бала,немере,шөбере,шөпшек,немене,туажат)

 

Қорытынды:                     Бата  беру (үлкен кісіден бата сұрау)

Сұрасан бата берейін

Үстем болсын мерейің

Ықыласпен қол жайсаң

Ақ тілекті төгейін.

Дастархандарына береке берсін;

Бастарына мереке берсін.

Дендеріне саулық берсін!