Бос орындар

SemNar — компаниясына home-office режимінде яғни, штаттан тыс редакторлар іздейміз. Сіз үйде, ауылда, қалада, күндіз немесе түнде қашан жұмыс істегіңіз келсе сол кезде бастай аласыз. Бастысы интернет және мәтін теру қабілетіңіз болса болды. Арнайы кеңселерге барып қымбат уақытты алыс жолға жұмсамайсыз. Бастысы осылай жұмыс істеу арқылы сіз айына 40 000 — 100 000 аралығында ақша таба аласыз. Қалай, сізге ұсыныс ұнады ма, онда ары қарай оқимыз.

Бірден басын ашып алайық, бізге лайық емес редакторлар:

  • Сіздің бос уақытыңыз жоқ болса, кем дегенде 3-8 сағат. Онда біздің және өзіңіздің уақытыңызды алмаңыз.
  • Сіз жазу жаза алмайсыз ба, әлде интернетті еркін қолдана алмайсыз ба? Онда біз сізді қабылдай алмаймыз.

Барлық шарттар осы ғана. Керемет емес пе?

Біз уәде береміз:

  • Еңбегіңізге сай лайықты ақша. Кеңседегі жұмыстан артық болмаса кем емес.
  • Білім мен жұмыс тәжірибесімен бөлісеміз. Казнеттегі ең мықты командамен бірге боласыз.

Міндеттер:

  • Барлығына пайдалы мақалалар жазу. Оны мыңдаған қолданушылар көреді.
  • Редакциядан келген тақырыптар бойынша мақалалар жазу.
  • Күніне 3-4 сағаттан кем емес уақыт бөлу.

Егер сізге шарттар ұнаса онда біздің аз ғана тапсырмамызды орындаңыз

«Штаттан тыс редактор Tarbie.kz» деген тақырыпта  почтасына немесе вк парақшасы арқылы хат жолдаңыз. Хатта міндетті түрде:

  • бұрын жазған мақалаларға сілтемелер (бар болса, жоқ болса міндетті емес)
  • мақала жазу қабілетіңіз, күніне қанша уақыт бөле аласыз, орысша-қазақша аудару қабілетіңіз қаншалықты
  • өзіңіз жайлы қысқаша мәлімет (30-40 сөз, көп керек емес)
  • ең соңында міндетті түрде жұмысқа деген ойыңыз (не үшін редактор болғыңыз келеді, интернетте жұмыс істеу сізге ұнайды ма? неге? қанша айлық алғыңыз келеді, күніне қанша мақала жаза аламын деп ойлайсыз)
  • Толық емес хаттар қаралмайды.

Осы мәліметтерді жіберген соң сайт редакциясы сізге бір тақырып жібереді. Сол тақырып бойынша сіз 1 мақала жазып бізге жібересіз. Мақала барынша мағыналы, пайдалы, көлемді және қатесіз болуы керек. Соған қоса мақала 100% бірегей (уникальный) болғаны жөн.

Бізбен байланыс: