Ас-адамның арқауы
Ас-адамның арқауы
Тұяқбаева Ләззат Алиакбарқызы
№39” Қызылөзек” орта мектебі
Қызылорда облысы
II-бөлім .Тағам дайындау технологиясы
Мақсаты:
Білімділігі; Оқушыларды тамақ түрлерін жасай білуді үйрету,ұннан жасалатын кондитер өнімдері туралы мағлұмат беру.
Дамушылық: Оқушыларды тамақ әзірлеуде өз шығармашылығы мен орындауға
аспаздық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілік: Қыз баланы үй шаруашылығына икемді болуға,ас мәзірін дайындауда
тиянақтылыққа ,тазалық пен ұқыптылыққа, дастарқанды әзірлеуге,
еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Суреттер,мақал-мәтелдер,қанатты сөздер.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ,қорытынды
Сабақтың әдісі: Сарамандық жұмыс,жұмбақ шешу,топпен жұмыс,графикалық диктант.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
а) Сынып оқушыларымен сәлемдесу
ә) Оқушыларды түгендеу
б) Cыныпты топқа бөлу
Оқушыларға сабақ сайыс түрінде өтетінін хабарлап,сайыс кезеңдерімен таныстыру.Әр дұрыс жауап бір ұпай,ең жоғарғы ұпай он.
I-топ “Ақ бидай” , II-топ ”Шелпек”
Әр топқа уақыт беру арқылы өз топтарын төрт шумақ өлеңмен таныстыру,топ басшысын сайлау.
I- кезең : Нақыл сөздердің мағынасын ашу
“Ас әзірлей білу де — өнер”
“Өмір нәрі-ата кәсіп”
II-кезең:Өткен сабақтрады қайталау сұрақтары”Кім жылдам?” ;2 топқа бірдей сұрақтар беріледі.Оқушылар жылдам жауап беруі қажет.Жауап берген оқушыларға жұлдызша беріледі.
1.Одан әрі өңдеуді керек ететін зат? (Шала)
2.Ашытқыны күшейту үшін ашытпалы қамырға аздап не қосу керек? ( Қант)
3.Ұнды пайдаланар алдында нені ескеру керек? (Сортын және елегіштен өткізу)
4.Қосымша біз үйренген майлықты бүктеудің тәсілдерін ата?
(Пирамида,артишок,көбелек тияра және лилия)
5.Балық еті қандай минералды заттарға бай?
(Ақуыз-13-20%,майлары1-3%, миералды заттар1-5% ,май мен дәрумендерге бай.)
6.Балық өнімінің қай түрі үлкен сұраныста? (Консервіленген түрі)
7.Дастарқанның басты асы не? (Нан)
8.Ашытпалы қамырдан қандай нан түрлері жасалады? (Тапа нан,бауырсақ)
- Ашытпасыз қамырдан қандай нан түрлері жасалады? (Пирог,шаг-шаг,бисквит,үгілмелі)
10.Қамырды илеу тәсілі неше топқа бөлінеді? (2 топқа)
III-кезең;Ой-толғау
- a) Әр топтан бір оқушыдан шығып өздерінін дайындап келген тағамына сипаттама беру
б) Топтағы қалған оқушыларға тапсырма.Тамақ әзірлеу технология тарауы бойынша тірек сызба әдісін пайдалану арқылы дұрыс жауабын сызу.
IV-кезең:Менің үш құпиям. Топ басшылар сайысы. Үш пәнді таңдап, сол таңдаған пәндерінен сұраққа жауап беру.(жұлдызша-ұпай саны1)
1.Биология
Егер тамақта не нәрсе жетпесе баланың дамуы тежейді?Ол адамдардың денсаулығын едәуір бұзады,еңбекке қабілетін нашарлатады?(ақуыз,белок)
2.Музыка
Дастарқанға байланысты қандай әндер білесің?
(Қазақы дастарқаным,Дастарқан-ау дастарқан)
3.Әдебиет
Үйірілген сары алтындай сары қымыз,
Ауруға ем,сауға қуат дәрі қымыз.
Елімнің социалистік сүйген асы,
Шығаршы тағы нең бар дәрі қымыз-деп жырлаған бір ғасырлық тарихы бар ағқынымыз кім? Ж.Жабаев
4.Бейнелеу өнері
“Дастарқан”натюрмортының авторы кім? Айша Ғалымбаев
5.Математика
Ертедегі ақылды әйел өз үйін, малын ұрылардан қалай аман алып қалған?
Сапырып- сапырып-Сарманға бер,құйып- құйып Құрманға бер,төрдегі төртеуге бер,есіктегі екеуге бер-деп аман алып қалған.
6.География
Төрт түліктің киелісі –түйе малының шыққан жері? Орта Азия Қазақстан
V-кезең: Ой ұшқырлығы деп аталады.Топға тапсырма мақал құрастыру.
Есіңде сақта
- Нан ыдыста көгеріп кетпес үшін сіріңке қорабына мақтаны йодқа батырып
нан салғышқа салып қой.
- Пышақты өткірлеу үшін жарты сағат тұзды суға салып,содан соң қайра
- Нан қатпас үшін жарты тілік алманы нан салғыштың жаныа қой.
- Беті ашылған томат пастасы бұзылмауы үшін бір ас қасық май немесе арақ құй.
- Кофенің жауы- ауа.Сондықтан құрғақ ыдыста бетін жауып сақтау керек.
Қысқаша кеңес
Заттың асқа ,сұйыққа байланысты кіші бөлшегі,қалдығының аталуы.
Асқа байланысты.
- Бір асауға жараралық ас-асам
- Астың дәмін білерлік қалдығы-жалам
- Бір қайнатуға жетерлік шәй-қайнатым
- Еттің қатқан, қалғаны-қақпыш
- Азда болса жеу үшін пайанылар ас-тіске басар
- Бір рет жеп қаларлық ас-шайнам
- Бір түйреп аларлық ас-шаншым
VI- кезең: Тапқырлық “ Ойнайықта , ойлайық шешпей оны қоймайық”
Әр топқа үш жұмбақтан жасыру
1.Суда туады,суда өледі. Тұз
2.Жылай –жылай пісер аузыңа кеп түсер. Шелпек
3.Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,
Қонақтарды көңіліне силайды. Дастарқан
1.Ақ қиыршық еритін, ас жоқ одан жеритін. Тұз
2.Сен қадірін білші күнім,
Соған деген болсын тек құлшылығын
Бір үзім болмаса егер қарап қалып ,
Өлшер еді өмірден тіршілігін. Нан
3.Ағаш басында құлыптаулы. Жаңғақ
Қорытынды.
а) Өзіңді-өзің тексер
2 топқа бірдей сұрақтар беріледі.Дәптерлеріне 1-10 қатар сандар қоямыз дұрыс жауап “ -”
дұрыс емес жауап “ ” топтар бір-бірін тексереді.
Сұрақтар
- Тамақты дайындамас бұрын шеберхана тәртіп ережесін сақта
- Суда тез еритін ,химиялық қопсытқыш тұз
- құймақ әзірлеу үшін сұйық қамырды дайындайды
- Самсаның қамыры бисквитті болады
- Балық етінде ең негізгі бағаланатын фосфор минералдық заты
- Қазақ ұлттық тағамдарының аспаздық өнерінің ерекшелігі транспорт шаруашылығына байланысты
- Тұздық- жеке қолданылатын тағам
- Ет қамыры ашытқылы қамыр
- Ыстық тағамға- ет тағамдары жатады
- Торт әзірлеу үшін ашытқылы қамыр дайындалады.
ә). Аспазшы болу ұнай ма ? қысқаша эссе
б).Сандарды кішісінен үлкеніне қарай қойып , астындағы әріптерден сөйлем құра.
Ас- адамның арқауы
а | с | қ | а | н | ы | д | а | ң | р | у | м | ы | а | а |
29 | 18 | 62 | 21 | 35 | 38 | 24 | 12 | 43 | 55 | 71 | 32 | 74 | 68 | 51 |
Тәбетіңіз ашылсын
32 | 27 | 20 | 17 | 25 | 30 | 36 | 21 | 15 | 60 | 75 | 42 | 49 | 45 | 54 | 40 |
і | і | б | ә | т | ң | з | е | т | ы | н | ш | л | ы | с | а |
Сабақты қортындылай келе топтарды бағалау
Үйге тапсырма. ”Ізденген жетер мұратқа” Ас мәзірін дайындау қыз балаға қажетпе ? деген сауалға өз пікірлерін жазып келу.
Тірек сызба арқылы дұрыс жауабын сызып белгілеу
| ||||
| ||||
| ||||
| ||||
| ||||
| ||||
| ||||
| ||||
| ||||
| ||||
Тірек сызба арқылы дұрыс жауабын сызып белгілеу
| ||||||
| ||||||
| ||||||
| ||||||
| ||||||
| ||||||
| ||||
| ||||
| ||||
| ||||
Мақал құрастыр
1.Ас ,жаман, жақсы, ауруға.
—————————————————————————————————————
2.Аттама,үстіне,ас,үлкен,емессің,астан
——————————————————————————————————————
3.Болады, ас,айран,ішсе.
—————————————————————————————————————-
4.Жер,ел,асың,таны,барда,атың,тоны,барда.
—————————————————————————————————————
5.Тастама,асты,кешкі,қарама,асқа,таңғы.
Мақал қос
————————————————————————————————————
————————————————————————————————————
————————————————————————————————————
————————————————————————————————————
————————————————————————————————————
————————————————————————————————————
————————————————————————————————————
Мақал құрастыр
1.Атасы,ынтымақ,нан ,тамақтың,көптің,батасы
—————————————————————————————————————
2.Тамақтың,наны,дастарқанда,жоқ,сәні,жоқ
——————————————————————————————————————
3 .Кешкі,асты,таңғы,тастама,қарама,асқа.
—————————————————————————————————————-
4.Тәтті,иесімен,ас
—————————————————————————————————————
5.Ақ,тойғызбасаң да.асыңа,тойғыз,ниетіңе
—————————————————————————————————————-
Мақал қос
————————————————————————————————————
————————————————————————————————————
————————————————————————————————————
————————————————————————————————————
————————————————————————————————————
————————————————————————————————————
————————————————————————————————————