Сабақ тақырыбы: Тілім менің – тірлігімнің айғағы.

Сабақ тақырыбы: Тілім менің – тірлігімнің айғағы.

Сабақ мақсаты:

Оқушыларға ана тілін білудің маңызын түсіндіру. Ана тілі туралы жазылған ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқи білуге дағдыландыру. Туған ана тілін сүйіп, оны құрметтеуге   баулу, тілді құрметтеуге, сүйе білуге, патриотизмге тәрбиелеу. Шығармашылықты, сөйлеу, ойлау қабілеттерін  дамыту.

Сабақ түрі: сайыс сабақ.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру.
  2. «Тіл» туралы қысқаша мәлімет беру.

«Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді»

  • Тіл – қатынас құралы болғандықтан, қарым – қатынас, өзара әрекет  сол  тіл  арқылы  дамиды. Қазақ тілі – қазақ халқының әдеби тілі  және  мемлекеттік тіл. Қазақ тілі  —  өте бай және көркем  тілдердің  бірі.

1989 жылы  –  Қазақстан  Республикасының  Тіл  туралы  заңы қабылданып,  қазақ тілі  —  мемлекеттік тіл дәрежесін алды. Орыс тілі – ресми  тіл ретінде қолданылады.  1997 – жылы Қазақстан  Республикасының  Тіл  туралы  заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

Қазақстан үш тұғырлы тіл саясатын қолдайды: қазақ, орыс, ағылшын тілдерін.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте! – дегендей әр адам өзінің ана тілін құрметтей, сыйлай білуі керек. Өз ана тілінде сөйлей алуы керек.

Тіл-халықтың жаны, сәні. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен дәстүрі. Өйткені халқымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Менің ел басшысы ретінде де қазақ ретінде де парызым  қазақ тілін өсіп өркендету… Қазақ елі барда қазақ тілі болады, өседі, өркендейді.»

Мына ақпаратқа назар аударсақ

1989 жылы қыркүйектің 22-сі күні Парламент «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңды қабылдады да, қазақ тіліне Қазақстан республикасының мемлекеттік тілі мәртебесін берді. 1997 жылы «Тіл туралы» Заң қайта талқыланды. Сөйтіп сол жылы шілденің 7-сі күні «Қазақстан Респуликасындағы тілдер туралы» жаңа Заңы қабылданды. Бұл заң бойынша қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып есептеледі. Қазақ тілінің қолдану шеңберінің кеңейту үшін Республикада «Тілдерді қолдану және дамыту бағдарламасы» дайындалды.

Жыл сайын қыркүйектің 22-сі күні «Қазақстан халықтарының тілдері күні» мерекесі тойланады.

Ана тілім – бала шағым, өркенім,

Ана тілім – болашағым, ертеңім,

Ана тілім – сайыс далам, жер, көгім,

Ана тілім – арман,ойым, көрнегім.

Ана тілді білмесем,

Шат – шадыман күлмес ем,

Жер бетінде сайраңдап,

Қазақ болып жүрмес ем.

Анамыздың ақ сүтімен дарыған тілімізді ұмыту

бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.                                        Б.Момышұлы

Тіл қай ұлтта болса да, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы-әр елдің мақтанышы.

Ол-атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес мұра. Сондықтан да әр адам ана тілін қадірлеуге міндетті, оны шұбарлап сөйлеуге жол бермеуі керек.

Ана тілі-ар өлшемі. Тілді шұбарлау-арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау.

Ендеше, тілімізді бағалайық, аялайық, достар!

Тіл ұлттың жаны, асыл қазынасы. Достықтың Отаны Қазақстан Республикасында тұратын барлық ұлт өкілдерінің ортақ мерекесі.

Адам санасына бесікте жатқан сәбилік кезден бастап даритын қасиетті нәр бар. Ол құдіреттің аты-қазақтың қазақтығын әйгілейтін бірден бір белгі-Қазақ тілі деп санаймыз. Ұрпағы өз тілінде сөйлеген ұлттың рухы биік.

  1. Сайыс:

Сайыс шарты: Сыныпты 4 топқа бөліп, «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» тақырыбында өз ойларын, пікірлерін білдірту, әрбір топқа қарсылас топтарына  тіл мәселесі төңірегінде сұрақтар қою.

  1. Қорытынды: Әрбір топтың жауаптарын бағалау.
  2. Үйге тапсырма: Қарттар күніне орай материалдар: тақпақ, өлеңдер, шығарма , эссе т.б. тауып әкелу.

Ұстаздар күніне орай газет шығару.