Менің Қазақстаным

 

Сабақтың тақырыбы: Менің Қазақстаным

Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту.

Ел  тарихын білу.

ә) Отанды сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. Ұлттық мінез, ұлттық намыс қалыптастыру.

б) Өнерге, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту.

Сабақтың көрнекілігі:Туған жер,ел туралы нақыл сөздер, тапсырмалар,шарлар,жалаушалар

Сабақтың түрі: танымдық сайыс.

Әдісі:  Сұрақ-жауап. Сөз жұмбақ шешу.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезең

  1. Мұғалімнің кіріспе сөзі
  2. Жүргізушілерге сөз беріледі

Жүру барысы: Кіріспе сөз.

Қадірменді қонақтар! Сіздерді Қ.Р тәуелсіздәгінің 20 жыл толыуымен  құттықтай отырып.

«Туған жер-алтын бесігім!»атты тәрбие сағатымызды бастаға тұқсат етініздер.

 

1 Жүргізуші: Даңғыл … Алыс пен жақынды қосатын, бүгінгі мен болашақты жалғайтын – ұлы даңғыл. Тәуекел қайығына мініп, тәуелсіздік даңғылына түскенімізге–20 жыл толды. Басқа халықтар ғасырлар бойы өткен бұл даңғылдан біз жирма жылда өттік.

2Жүргізуші:Тәуелсіздік – ата тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді, даламызды қаз–қаз тұрғызып, «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізді. «Отан» деп жүрегімізді қақтырды, «Елім» деп елеңдетіп, «Жерім» деп желпінтіп барша 62 тамырымызды игізіп ата-жұртын сүйдірді.

1 Жүргізуші:  Жасыл шүйгін,кең жайлау, асау өзен, асқартау, кербез орман,  көркем бел, лебі жұпар, ерке жел. Жанғасая панамыз – Қазақстан көркем жер!

2 Жүргізуші:   Бүгінгінің биігінен көз салып көр еліме,бақыты мен шаттығы мол қазыналы жеріме. Қазақстан – бүгін міне, жеке отау салтанаты жарасқан! Бір отбасы,бір туысқан бір–біріне қарасқан! Тәуелсіздік асқарынан барласаң, бір шынардың бұтағындай, күн нұрына таласқан!

1Жүргізуші :  Қазақстан – бүгін міне,достықтың туын тіккен жер! Мәуелі бақтай жемісін шашты көп ұлттар,бір кісідей мандай терін төккен жер!

2  Жүргізуші Бүгінгі танымдық сайысымызда сіздердің туған ел,туған жер туралы

білетіндеріңізді ортаға саламыз.Өз білгенімізді еркін ортаға салайық.

Сынып сағатымызды бастамас бұрын ережелерімен танысып алайық.

  • топ аттарымен таныстыру.
  • Сайыстын кезендерімен танысу. «Өткел» Өткелден өту үшін  топ басшыларына

5 сұрақ беріледі.Әр дұрыс сұрақ 5 ұпаймен есептеледі.

2 кезең «Белес»

Бұл  кезеңде әр топқа қатарынан 2 сұрақ беріледі. Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен

есептеледі. Қосымша көмек алса, 1 ұпайы кемиді,яғни 4 ұпай болып есептеледі.

Ұпайы көп топ бастайды.

 3кезең«Бекет»

Бұл кезеңде берілген сұраққа әр топтың жанашырлары жауап береді.Дұрыс жауап

6 ұпаймен есептеледі.

 4 кезең. «Асу»

Екі сөзге 5 ұпай беріледі.

5 кезең. «Бәйге»

9 терезеге сұрақтар жасырылған,әр топ өз кезегімен қалаған терезелерін

таңдайды.  Егер дұрыс жауап берсе сол терезедегі ұпайды алады.

                Енді сөз кезегін  топ басшыларына берейік.

 

 

 

1топ:Каспий

 Ұраны:Толқынындай Каспийдің тербелеміз,

Биіктерге білімменен кенелеміз.

2топ: Аманат

Ұраны:Аманат деп аталатын тобынан біз,

Аманатын бабалардың орындаймыз.

1кезең. «Өткел»

Өткелден өту үшін  топ басшыларына 5 сұрақ беріледі.Әр дұрыс сұрақ 5 ұпаймен есептеледі.

                           «Каспий» тобының басшысына:

1 сұрақ.Қазақстан Республикасы қай жылы тәуелсіздігін алды?

Жауабы: ( 1991ж.16 желтоқсан )

2 сұрақ.Туған жер туралы мақал айт.

Жауабы: (Ел іші-алтын бесік  )

3 сұрақ.Қазақстан Республикасының Ата заңы қай жылы,қай күні қабылданды?

Жауабы: (1995 жылы 30 тамыз)

4 сұрақ.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.

Жауабы: (қазақ тілі)

5 сұрақ. «Туған өлкем» өлеңінің авторы кім?

Жауабы:Өтебай Тұрманжанов.

«Аманат» тобының басшысына:

 

1 сұрақ. Қазақстанның жалпы жер көлемі ? (2717 мың шаршы шақырым)

 

2 сұрақ.Қазақстан Республикасы қай жылы Республика болып жарияланды?

Жауабы: (1990 ж.25 қазан)

3 сұрақ. Қытай,Ресей,Қырғыз,Өзбек,Түркіменстан,Әзербайжан республикасымен шектесетін

тәуелсіз мемлекет.                                      Жауабы: (Қазақстан Республикасы)

4 сұрақ. Тіл туралы заң қай жылы қабылданды ?    (1989 жылы 22 қыркүйекте)

 

5 сұрақ.Туған жер туралы мақал айт.        Жауабы: Туған жердей-жер болмас

                                                                                         Туған елдей-ел болмас.

 2 кезең «Белес»

Бұл  кезеңде әр топқа қатарынан 2 сұрақ беріледі. Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен есептеледі.

Ұпайы көп топ бастайды.

                            « Каспий» тобына:

1 сұрақ.

Қазақтардын әйгілі билерді атаныз.

Жауабы:Қазыбек би,Төле би,Әйтеке би,

2 сұрақ

Қазақ мемлекеттін негізін салған хандарды атаныз. Жауабы:Керей хан, Жәнібек би.

                               «Аманат» тобына:

1 сұрақ. Қазақстанның көне астаналарын атаныз. Жауабы: Түркістан, Сығанақ

2 сұрақ. Негізгі зан қалай аталады?

Жауабы:

3кезең«Бекет»

Бұл кезеңде берілген сұраққа әр топтың жанашырлары жауап береді.Дұрыс жауап  6 ұпаймен

есептеледі.

                            «Каспий»тобының жанашырларына:

Сұрақ. Егемендік туралы декларацияға қашан қол қойылды ? (1990 жылы 25 қазанда)

«Аманат» тобының жанашырларына:

Сұрақ.Қазақстанның тұңғыш астанасы қай қала? (1920 жылы Орынбор тұңғыш астана болып

жарияланды).

 

 

 

 

 

  Көрініс тамашалайық.  Осыдан 20-жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас

алаңында желтоқсан оқиғасы болды. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл

желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған

Қ.Рұсқұлбеков, Е.Сапатаев, Л. Асанова және т.б. апаларымыз бен ағаларымыз

қатысты.

Желтоқсан оқиғасының басты қаһарманының бірі Қайрат Рысқұлбековке

телеорталық инженері С.Савицкийдің өліміне кінәлі деген айып тағылды. Сөйтіп,

Семейдегі № 21 камераға қамайды.

ҚайратРысқұлбеков 1988 жылы 21-мамырда өлтірілді. Сөйтіп, жарық күнмен қоштасты.

4 кезең. «Асу»

Екі сөзге 5 ұпай беріледі.

«Қазақстан» деген  сөзден  заттың  атын білдіретін  сөз жасау.

Жауабы:Қаз,ана,ат,тас,нан,сақа,ата,тана,Асан,қас.

5 кезең. «Бәйге»

9 терезеге сұрақтар жасырылған,әр топ өз кезегімен қалаған терезелерін таңдайды.Егер дұрыс

жауап берсе сол терезедегі ұпайды алады.

1    сұрақ. Қазақстанмен қанша мемлекет шектеседі ? (5 мемлекетпен шектеседі.)

2     сұрақ. Қазақстанда пайдалы қазбалардың қанша түрі бар, кез келген бесеуін ата. (25-26 түрі бар. Олар: көмір, мұнай, алтан, күміс т.б)

3 сұрақ.Маңғыстау –Қазақстанның қай бөлігінен орын  алған (Оңтүстік қиыр батысында)

4 сұрақ.Батыс Қазақстан облыстарын ата.(Атырау,Маңғыстау,Ақтөбе,Батыс Қазақстан)

5 сұрақ.Құқық бұзушылық деген не ?(Қылмыс)

6 сұрақ. ҚР Мемлекеттік Туының авторы кім?   Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков

7 сұрақ. Ту неліктен көк түсті?   Бүкіл дүниеге көк жүзі, аспан әлемі ортақ. Ал Күн ол да                                 

                баршаға ортақ

8 сұрақ. ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы кім?   Жандарбек, Мәлібекұлы, Шот-Аман

Ыдырысұлы Уәлиханов

9 сұрақ. ҚР Мемлекеттік Гимнінің сөзін жазғандар кімдер?  Жұмекен Нәжімеденов,

                                              Нұрсұлтан Назарбаев, әнін жазған Шәмші Қалдаяқов

 

 

Сауалнама : «Мен және менің құқығым»

 

  1. Құқық туралы не білесіз?

2.Сіз неге құқылысыз?

3  Құқық бұзушы кімдер?

  1. Құқық бұзылмау үшін не істеу керек?
  2. Біреудің тарапынан құқығыңыздың

(ата – ана, мұғалім, құрбы –дос, туыс, т.б.)  бұзылғаныболдыма? (болсажазыңыз)

  1. Құқық бұзбауға қосар үлесіңіз қандай?

 

Қортынды:

Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,

Көк туымды қалайша құлатармын. Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,

Бәріміз баласындай бір атаның.

Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,

Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.

Халқымның ахуалы дұрыс болсын.

Еліміз әрқашанда тыныш болсын! – деп сынып сағатымызды аяқтаймыз.

 

Назарларынызға рахмет!