Өзіңді білуің адамгершілікке жеткізеді
Тақырыбы: Өзіңді білуің адамгершілікке жеткізеді
Мақсаты: 1. Өзін- өзі және өзгені тану қабілеттерін дамыту.
- Ой өрістерін дамыту, жақсы мінез, айналасындағылармен жақсы қарым- қатынас қалыптастыру.
- Оқушыларды өз ойларын ашық айта білуге, шыншылдыққа, қарым- қатынасты реттеуге үйрету.
Түрі: Тренинг
Әдісі: Еркін қарым- қатынас
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, каррточкалар, “Күн” және “Түн” суреттері,т.б.
Өткізілу барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі
Ой қозғау. “Өзіңді білу”, “Өзіңді тану” тіркестерінің мағынасы жөнінде пікірлерін тыңдау.
- Кіріспе:
— Өзіңді тану- өзіңнің көңіл күйіңді, мінез- құлқыңды, қабілетіңді, сезіміңді, ойыңды, жалпы болмысыңды тану. Табысқа жетудің бір кепілі- жақсы мінез- құлық. Жақсы мінез- құлық айналадағылармен жылы қарым- қатынасқа құрылған мәнді өмір негізі. Адам өз бойындағы жағымсыз мінездерінен арылуға ұмтыла отырып өзін-өзі тәрбиелейді.
- Негізгі бөлімі. Тренинг жаттығулары
- “Мен кіммін” жаттығуы
Нұсқау: тренингке қатысушыларға “Мен” бейнесін жазбалар, сурет, қимылдық бейне, ән арқылы ашуға, ойлануға уақыт беріледі. (арттерапия әдісі). Басқалар осы бейненің бұл адамға қаншалықты сай келетінін талқылайды.
Қорытынды: мен- Адаммын, Адам бола білу- ең қиын мамандық.
- “Күн мен түн” жаттығуы
Нұсқау: Қатысушы күн суретінің астына тұрып өзінің жақсы жақтарын, түн суретінің астына тұрып кемшіліктерін айтады.
Қорытынды: “Жетістікке таспа, кемшілікке баспа”.
3.“Мейірім” жаттығуы
Нұсқау: өзіңнің жақын туысқаның не танысың туралы жақсы сөздер айту.
Қорытынды: “Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын”.
- “Көңіл күйді тану” жаттығуы
Нұсқау: қатысушылар түрлі көңіл- күйдегі адамдар бейнеленген карточкалардың ішінен өзінің сол сәттегі көңілкүйіне сәйкескелетінін айтады. Таңдау себептерін айтады.
Қорытынды: көңілділік айналаға күлкі сыйлайды. Күлкі- ең тамаша ем.
- Бек
- Қорытынды: — “Жақсыға ұмтыл, жаманнан тыйыл”. Өзіңді білуің адамгершілікке жеткізеді. Адамгершілік- мәнді өмір бастауы. Алдағы өмірлеріңе сәттілік тілеймін.