Ана-бақыт,ана-жыр,ана-өмір,ана-гүл.

Тақырыбы:  Ана-бақыт,ана-жыр,ана-өмір,ана-гүл.

Мақсаты:       Ата-аналардың мектеппен байланысын арттыру.Оқушыларға ата-ананы

ардақтай  білуге тәрбиелеу.Баланың жан-жақты өз елінің ,халқының қамын

ойлайтын ,ата-анасын сыйлай  білетін азамат тәрбиелеумен қатар ұлттық тәрбиені

насихаттау

Көрнекілігі: интерактивті тақта, түрлі формадағы қима қағаздар, «өмір» ағашы,жүрекше.

Жүрісі:

1.Ұйымдастыру

Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, аяулы ата-аналар, қазақ елінің жарқын болашақтары! Бүгінгі тәрбие сағатымызды бастамас бұрын, сіздермен танысып алу мақсатында алдымен шеңбер ойынын ойнайық. Ол үшін бәріміз ортаға шығып, шеңбер құрайық.

                         Шаттық шеңбер

Мен сендерді көргеніме қуаныштымын!

Қуанамын мен де,

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге.

-Балалар ,біз нег шаттық шеңберін құрып бастадық?

Шеңбер –бұл әлемдегі ең жақсылықтың нышаны.Ендеше бір-бірімізге қарап,мына сұрақтарға жауап беріп көрейікші:

 

2.Психологиялық сәт

-Әрбір сабақ?      -Үйрену,ұғу,ұлағат!

-Әрбір ісің?         -Тірлік,тірек,адамдық!

-Әрбір адам?        -Туысым,досым,жұрағат !

-Әрбір сөзің?       -Шындық,бірлік,адалдық!

 

3.Топқа бөліну  ( төрт түлік малды таңдай отырып,топқа бөлінеді.)

1-топ:Ботақандар

2-топ:Қошақандар

3-топ:Құлыншақтар

-Балалар біздің топтың бұлайша аталу себебі неде деп ойлайсыңдар?

 

4.Психологиялық сәт:Жүректен-жүрекке « Маған ең қымбат жан»

(ата-аналарының еркелететін сөздерін атап шығады )

Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы.Ананың күн  нұры тастай мұзды да жібітеді.Олой болса,бүгінгі тәрбие сағатымыз «Ана-бақыт,ана-жыр,ана-өмір,ана-гүл» деп аталады.

-Ана дегеніміз кім?

-Әр адамның өз анасына деген махабаты шексіз!Ана ,ана ,ана!дегенде толқымайтын жүрек,толғанбайтын жан жоқ! Ана-әрбір адам баласы үшін ең ыстық,жанға жақын,мағыналы да қастерлі сөз.Адамның аузынан шығатын ең алғашқы сөзі де-ана.Адамзат баласы ең алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады,ана құшағына еніп,ана мейіріміне бөленеді.Қаншама байлық иесі болсаң да,әлемге әйгілі адам болсаң да,анаңды ,оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау-сенің өмір бойыңдағы борышың. Қай адам қолынан келген сый-құрметін жасамады десеңізші,шіркін!Бірақ соның бәрі ананың бір ауыз жылы сөзіне де жетпейді.Дүниенің нұры,өмірдің гүлі,қызықтың қызығы-ананың қолында.Ана бір қолымен бесік тербетсе,екінші қолымен әлемді тербетеді.Кез-келген адамның әдептігі мен жан дүниесінің сұлулығы ,ең алдымен балаға ақ сүтін беріп,әлпештеп өсірген Ана жүрегінің жылуынан басталады.Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды.Ананың нәзік үні ,жұмсақ аялы алақаны ,жан-жылуымен аяулауы бізді әлдилеп жұбатады.Ана болу-бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек.Дүниеде не жақсылық болса,соның бәрі ананың ақ сүті мен күннің нұрынан жаралған.Анаға қаншама ақындар жыр арнаған.Қаншама жазушылар шығарма жазған.Ана-мәңгілік тақырып.

 

 

Анам менің – көктегі күнменен тең,

Анам менің – жауқазындай гүлмен тең,

Әлпештеген асыл анам болмаса,

Бұл өмірдің қадірін де білмес ем.

Жүзіңнен бір шаттық көрем анашым,

Мен үшін қуанасың,нұрланасың.

Осы өмірге жеткізген өзің үшін,

Сен маған жыр анасың,нұр анасың, — дегендей, ана деген ұлы есімге ән мен жырын арнамаған пенде жоқ шығар сірә? Олай болса, анаға арналған  өлең жолдарына кезек берейік. Біздің балаларымыз аналарын қалайша жырлар екен….

 

 5.Өлең жолдарынан:

 

Ана деген-бәйтерегі өмірдің ,

Ана деген-қуанышы өмірдің.

Ана деген-әр үйдің жылуы,

Ана  деген-гүлі туған өмірдің.

 

Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз,

Біз сіздерсіз өмірде жүре алмаймыз,

Егер біздің қасымызда болмасаңыз,

Бұл өмірде ешқашан жүре алмаймыз.

 

Сіздер –күнсіз ,аспанда жарқыраған,

Сіздер-өзен,тау суы сарқыраған,

Сіздер-ана,сіздер-жар,сіздер-қыздар,

Сіздер-жаңбыр,ақ нөсер сарқыраған.

 

Өмірде ана бұлақ ,ана пана

Өмірді өркендетер ана ғана.

Өсірген талай көсем ,талай шешен,

Талай ер ,талай ақын,талай дана ,

Ана! Ол біздің елде ардақты адам.

 

6.Постермен жұмыс

 

1-топ:  «Емен ағашы»                    2-топ:    «Ай мен жұлдыз»                     3-топ:«Табиғат »

(Бейнеленген суретке жетіспей тұрған бөліктерін жетістіріп,сурет бойынша әңгімелеп шығады. )

 

7.Сергіту сәті:    « Менің жүрегіме рахмет!»

(Жүрекшені алып «  Тілек ағашына » орналастырады.)

-Менің жүрегімнің қайырымдылығына рахмет!

-Менің жүрегімнің мейірімділігіне рахмет!

-Менің жүрегімнің жылылығына рахмет!

-Менің жүрегімнің адамдарды жақсы көретініне рахмет!

-Менің жүрегімнің жақсы көру сезіміне рахмет!

-Менің жүрегімнің жанашырлығына рахмет!

-Менің жүрегімнің кең пейілділігіне рахмет!

-Менің жүрегімнің адалдығына рахмет!

-Менің жүрегімнің сезімталдылығынак рахмет!

-Менің жүрегімнің қамқорлығына рахмет!

-Менің жүрегімнің кішіпейілділігіне рахмет!

-Менің жүрегімнің тазалығына рахмет!

-Менің жүрегімнің ізеттілігіне рахмет!

-Менің жүрегімнің мөлдірлігіне рахмет!

 

-Жүрегіміздің осындай жақсы қасиеттеріне ие болу кімнің арқасы?

-Ана !

8.Ой-қозғау:  «Менің анам қандай?»

Тақтадағы суреттердің мағынасын ашу:күн, кітап,жер –ана.

9.Ана туралы сыр:Суреттерді көре отырып,ат қою,Ойларын жинақтап,сұрақтарға жауап беру:

-Мен анамды қалай қуанта аламын?

-Анам мен үшін кім?

-Ананың ақ сүтін қалай өтей аламын?

Қорытынды:


Күннің нұры, шуағы барлығы ананың жүрегінен нәр алған сияқты. Қай қайсымыз болмасын, қайда жүрсек те жүрегіміз ананың аяулы алақанын аңсап тұрады. Сондықтан бәрімізде ананың алдында қарыздармыз, ананың махаббатына алдында бас иеміз.
Осымен сынап тәрбие сағатымыз аяқталды. Шын ниетімізбен алғыз айтамыз.

 

ЕКІ жұлдыз,бір тілек

Кері байланыс:

1.Бұл сабақ не туралы болды?

2.Бұл сабақ ұнады ма?

3.Сабақтың қандай бөлігі ұнады?

4.Сабақтың қандай бөлігі ұнамады?