«Тәрбие берудің табиғат қорғаудағы ұлттық негіздері»

Тақырыбы:             «Тәрбие берудің табиғат қорғаудағы ұлттық негіздері»

ұлттық мүдде дегенінің  түп төркініне тарих жегісін қуалай ой жүгіртіп көрейік.

Ұлт мүддесі – қазақ үшін ең әуелі – Жер, сол жерде ен жайлап, еркін тыныстаған   — ел сол Ел мен Жер еді.

Асан – баба 1379 жылы 88 жасында Ақсақ Темірге кездейсоқ жолығады.

— Ассалаумағалейкум Асан – баба.

— Әлейкумасалам Батырым !

— Ааа, Аққу, қанатты құстың төресі биік парасаттың, бейбіт өмірдің бейнесі еді.

Ал, Күйкентай – тышкан, қаптесер суыр аулап, ұсақ тіршілік ететін құс болатын. Оған аққудың ілдіргенінің – биік парасатқа, әділ төрелікке жасаған қианат болыпты. Кейінгі ұрпағымызды құл – құтан билейтін болды. Бұл әділ биліктің бөтен жұрттың қолына көшіп, исламның ақ дініне көлеңке түсетін, қауіпті құбылыстың нышаны екен.

 

 

_ Е е Алла тағала білмегенімді кешіре гөр!

Бұным менің әбестік  болыпты.

Алланың, халықтың, келер ұрпақтың алдына кешірім өтінемін

Ее айналайын Алла тағала кешіре гөр!

 

Музыка

 

1-жүргізуші       Халық даналығында халқымыздың табиғатқа жанашырлық

қасиетін аңғартатын аңыз әнгімелерде көптеп кездеседі.

Соның бірі асқын ақыл иесі Төле би атамызға байланысты

айтылады. Ертеде жоңғар шапқыншылығы кезінде ел

үйлерін жығып босып қаша жөнелген.

Төле би үйін  жықпапты өйткені шаңырағында қарлығаштың ұясы мен төрт балапаны бар еді. Бұны естіген әскер басы ақсақалдардың адам баласы сүйсінер ер қасиетіне риза болып, оның өзіне де, еліне де тимепті. Осыдан кейін «Қарлығаш әулие, Қарлығаш би атанған екен»

 

 

Осы жайлы көрініс

Жоңғар сарбазы

Оу кім бар мұнда, ел көшкенде неге үйіңді жықпадың сен?

Қарлығаш би

— Еее, шаңырағыма бір бейкүнә қарлығаш ұя салып еді. Ол жер бетін топан су басқанда Нұқ пайғамбардың кемесін сақтап қалған  адам баласын жылан шақпақ болғанда Қызғыштай  қорғау құс еді. Осындай киелі құстың ұясын бұзып, балаларын зарлатып тастап кете алмадым!

 

Жалбарынар жайым жоқ жан алдында

Балапандар бар қанша қарауымда

Сол жетімдер ұшуға жарағанша

Сыртқа шықпай тұрамын қарауылда

 

«Қарлығаш би» атандым сол үшінде

Осылармен бір менің өмірімде

Батыр болсаң жайратып жүре бер сен

Жалғыз шалды кездескен жол үстінде

 

1-бастаушы   Ата – бабамыздың найзаның ұшымен білектің күшімен қорғап қалған  қазақ жері үш нәубетті басынан кешті

1 ХVII ғасырдағы Жоңғар шапқыншылығының қырғынын

2 1930-1933 жылдардағы ашаршылық

3 Осы заманғы экологиялық нәубәт

 

Бүкіл жер шары, оның ішінде қазақ елі, жері экологиялық зардап  шегіп жатыр

 

2-бастаушы  Пай-пай, киелі неткен  жер

батырлар дүрілдеп өткен жер

Тұлпарлар дүбірлеп  төккен тер

Ғашықтар бір-бірін өпкен жер

Салылып Сал – сері кеткен жер

 

1-бастаушы  Бұл күнде мазасы кеткен жер

Мейірімі жастай боп қашқан жер

Адамның өкпесі қақ  айырылып

Тілім – тілім боп тозған жер

Теріге қызмет ете алмай

Жүйкесі үзіліп   құнары қашқан жер

 

«Заманай» әні орындалады (қараңғылық, май шам)

 

  • Жазғанымды дәрменсіз боп бас жағыма жастаймын,
  • Сөзімді мен кезі келді енді неден бастайын
  • Жан ұшырған үнін естіп тірінің
  • Көпшілікке ортақ бол деп ойымды мен тастаймын

 

( Арбасымен мүгедек бала шығады)

 

2-бастаушы  — О Құдайым! Кінәсі не мұнау тұрган баланың

Кім кетірді берекесін даланың

Қайдан іздеп кем –кетігін табамын

 

 

1-бастаушы     Жан нәресте не берседе алады

Көзі, аяғы, құлағы қайда кімдер оны табады

Өспей жатып тілсіз, үнсіз отырған

О дүниеде не көрдім  деп барады!?

 

 

Мүгедек бала     — Көзбен құлақ, аяқ қайда білмедім

Денемдегі мүшелердің қызметін мен көрдім

Бекер екен сұм жалғанда мына бір

Мүгедек боп өмір сүріп жүргенім

Қырдың қызыл қызғалдағын  термедім

Бұл өмірге пенде болып келген соң

Шіркін дүние – ай

Қызығынды ажыралып көрмедім

 

 

Анасы баланы алып кетеді  (Анасының зары)

1 Ей адамдар, Жер сенің аяулы бесігің,

Осы Жер үстінде аштың сен тіршіліктің есігін

Онымен кіндіктес жаныңда, қаныңда,

Жер жаһанды аяла алақаныңда.

 

Жұлдыздар аспаннан қараса жымырап,

Күнде ұлы сәулесін төгеді жадырап.

Бар тірлік тұрады бұл жерден жалын ап,

Дүниеге жер ана қара шаңырақ.

 

 

2 Жер ғалам шар – Кеме, ал адамзат оның шолушысы

Кеме апатқа ұшыраса, адамзат апатқа ұшырайды. Сондықтан адамзатты аман сақтау үшін, бірінші Жер ғаламшарын , сондығы табиғатты сақтауымыз керек. Табиғат адамсыз өмір сүре алады, ал адам табиғатсыз өмір сүруі мүмкін емес.

Әрбір адамның туған жері бәріненде қымбат. Өйткені сол жердің топырағында  өсіп, суын ішіп, ауасымен тыныстайды, табиғаты мен  біте қайнасып адам болып қалыптасады.

Бүгінгі күні басты назар мұнай өндірсіне аударылуда, себебі: мұнай өндіруші еліміздің экономикасына пайда әкелу мен бірге, қоршаған ортаға тигізетін зияны да біршама баршылық  табиғатқа лас қоқыстардың  көбірек шығуына жол берілуде, ауаға газды жағып қойуы тағы бар. Бұл біздің  Қарабастау  ауылы халқына судың мұнайлануы, ауаның ластануынан сезілуде.

 

 

 

Болмасын ауа ешкімнің арман мұңы,

Ауадан артық ас жоқ жалғанда ұлы

Ойлашы кімге керек боламыз біз ?

Жұтудан таза ауаны қалған күні.

 

Су деген тіршіліктің қамы емеспе

Су деген табиғаттың  жаны емеспе

Су жоқ жерде өмір жоқ,- ол ақиқат

Күміс су қара жердің сәні емеспе?

 

 

 

Еліміздегі алып кәсіпорындар жылына ауаға 980 мың тоннаға дейін зиянды зат таратады. Табиғат тепе – теңдігі бұзылғанын түсінген азамат зауыттарды жаңа технолгиямен салып жатыр. Олардың шығатын өндіріс қалдықтарын  өндеп басқа бұйым жасауда.

 

 

Сусыз өмір жоқ . Кешегі шалқыған  Арал теңізі  апатқа ұшырады, Сырдария суы азайды. Аралдан ұшқан тұз жаңбыр болып жауып жерді улады. «Бұлақ көрсең көзін аш» деген халқымыз.

 

 

Табиғат байлығының бірі, жер бетінің сәулеті, еліміздің дәулеті – Жасыл әлем. Халқымыз өсімдікті өмір өзегі деп аялап, одан қамқорлығын аямаған. «Әкеңнен мал қалғанша, тал қалсын» деген сөз соның айғағы

 

Саған айтам болашақтар бүр жарған,

Шыбық талың, шыршаларың ұрланған.

Сендер қаулап  айналғанда орманға,

Не қалады бұл маңда

 

 

 

Табиғаттың көрікті келбеті бар тамаша туындыларының бірі –

Хайуанаттар болса, бірі әсем әнге бөлейтін – құстар

 

 

 

Аңда адамды жағалайды

Санап тұрған бауырлас

Ұя салып паналайды

Үйді дала қарлығашы

 

Әрқашанда зәру аң – құс

Адамдардың мейіріне,

Айтатындай іштей алғыс

Адал аппақ пейіліне

 

 

 

Адамгершіліктен жұрдай өз басын ойлаған сезімсіз адамдар кесірінен казргі кезде көптеген аң – құстардың  түрлері құрып кету алдында тұр. Қазақстан Республикасында 2003 жылы ерекше қорғалатын  20 аумақ бар деп есептеледі , олардың қорықтары -9, табиғи ұлттық саябақтары – 10. Бұл табиғат  қорғау мекемелері – шамамен үш миллион гектар ауданға орналасқан.

 

 

 

Мына қорықтар әлемге әйгілі:

1 Наурызым корығы – 1934 жылы құрылған

2  Қорғалжын қорығы – 1968 жылы құрылған

3  Ақсу – Жабағылы қорығы – 1926 жылы құрылған

4  Барсакелмес қорығы – 1939 жылы құрылған

5  Алматы қорығы – 1939 жылы құрылған

6 Марқакөл қорығы – 1976 жылы құрылған