Полиэтилен пакеттен аққу жасау.

Ақтөбе облысы

Шалқар қаласы

№5 орта мектебі

Технология пәні мұғалімі Назарова Гүлжамал Мейрамбайқызы   

Тақырыбы:Полиэтилен пакеттен аққу жасау.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік:Полиэтилен қалтадан аққу дайындаудыңқыр-сырын түсіндіру,үйрету.Жасалу жолын, технологиясын үйрету.

 Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың қызығушылығын оятып, шығармашылық жұмыстарды өз етінше атқаруға үйрету, дағдыландыру.

     Сабақтың типі:Жаңа білім беру.

Сабақтың түрі:Аралас, сарамандық
Сабақтың әдісі:Баяндай отырып, сарамандықжұмыспен орындату.

Керекті құрал-жабтықтар:Қалталар, ине-жіп,қатты сым, қызыл және қара түсті мата, ПВА-желімі және мата қиындылары, қайшы.

Пәнаралық байланыс:Бейнелеу өнері,математика.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

  III.Жаңа сабақты түсіндіру.

IV.Сарамандық жұмыс. Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.

  1. Жаңа тақырыпты пысықтау. Оқушылардың еңбегін бағалау.

  VI.Үйге тапсырма беру.

    Полиэтилен қалтадан «аққу» дайындау өте ұқыптылықты, шыдамдылықты қасиет етеді. Қалтадан жасалған гүлді пайдаланып әр түрлі қуыршақтар да жасауға болады. Оның ішінде біздің таңдағанымыз «аққу»болды.

Сарамандық жұмыс:

1.Қалтадан алдымен ұзынша ленталар дайындаймыз.

2.Осы ленталардан жіпті пайдалану арқылы гүлдер дайындаймыз.

3.Алдын ала біз темір сымнан аққудың денесініңформасын жасатамыз.

4.Осы дайын форманы мата қиындымен ораймыз,гүлді ине-жіппен тігіге оңай болу үшін.

5.Дайын гүлдерімізді формаға арасын жиі етіп тігеміз.

6.Осылай біздің аққуымыздың денесі дайын болады.

7.Енді оның басын,тұмсығын дайындаймыз.

8.Оған қара және қызыл мата қиындысынан үлгі бойынша тұмсық пен көздің үлгісін тігеміз.

9.ПВА-желімімен дайын тұмсық аққудың денесіне жапсырамыз.

10.Дайын аққудың сыртқы пішінін қайшының көмегімен тегістеп қиып, жұмысты аяқтаймыз.

Қорытындылау. Жасалған жұмыс жайында әңгімелеу.

Үйге тапсырма: кластағы жұмысты аяқтап келу.

Бағалау