Құрақ құрау.

                                   Құрақ құрау.

Сабақтың мақсаты:құрақ құрау саласын оқушыларға меңгерту.

Білімділік:оқушылардың өнер және қолөнер,қолөнердің бір саласы құрақ құрау туралы білім білік дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық:құрақ құрауға деген ептілік,икемділігін дамыту.

Тәрбиелік:ұлттық өнерге деген қызығушылығын тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Құрақ түрлері» буклет,ұлттық қолөнер туралы буклет,мақал-мәтел,жұмбақ,тақта.

Сабақтың түрі:аралас сабақ.

Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру. Оқу құралдарын алып,отырған орнын ретке келтіреді. Оқушының келген келмегені түгенделеді.

ІІ. Үй тапсырмасы.

1.Белдемшенің қандай түрлері бар?

2.Белдемше тігуге қандай мата қолданылады?

3.Белдемше тігуге қандай өлшем алынады?

ІІІ. Білімдерін тексеру немесе ой толғау.

І-ІІ топ арасында мақал-мәтел сайысы.

Өнер,еңбек,шеберлік туралы мақал-мәтел білесіңдер ме?

ІҮ. Жаңа сабақ.

Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Ұлттық өнер және қолөнердің бір саласы құрақ құрау».

Біздің мұндағы мақсатымыз:әр халықтың өзіне тән өнері,тілі,яғни сөз өнері және қолөнерімен ерекше екендігімен бірге қолөнерінің бір саласы құрақ құрау әдісін үйрету. Халықтың ұлт екенін айратын үш негізгі арнасы бар. Ол:тіл өнері,қолөнері және негізгі арнасы бар. Ұлттық негізгі тірек – ана тілі.

«Сүйемін туған тілді – анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнім»С.Торайғыров

Ана тілінен айырылған халық ұлт емес. Тіл киелі дүние. Тілден айырылсақ,ұлттық қасиетімізден айырылғанымыз.

Аналарымыз бесікте тербете отырып,

«Өнерлі бол ақ ботам,

Бақытты бол ақ қозым»деп жырлаған болса,сөз маржанның шешендері өздерінің өсиет өлеңдерін қалдырып кетті. Олай болса,осы ана тіліміздің ең асқар биігі,мөлдір маржаны,қасиетті кәусары – өлең. «Өлең сөздіңпатшасы,сөз сарасы»деп Абай атамыз бекер айтпаған. Абай атамыздың «Көзімнің қарасы» өлеңін бәріміз білеміз.

-Енді мына жұмбақтиы шешіп көріңдер:

Тоғыз белбеу қос жібек,

Екі мұрын,бір шүмек.

Қазақтың ұлттық аспабы домбыраның да киелі қасиеті мол. Қазағымның тілмен жеткізе алмаған қуанышын,қайғысын,шаттығын осы домбыра ішегі арқылы шығып отырған. Оған куә күй атасы Құрманғазы атамыз бен шәкірті Дина апамыздың күйлері. Бұны біз саз өнерінің мирас мұрасы дейміз.

Міне,осындай атадан балаға мұра болып келе жатқан қолөнері. Халықта қолөнері әйел мен ер адамға отрақ болған. Қолөнер халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп келе жатқан өміршең өнер. Қазақ қолөнерінің түрі,сапасы,өрнегі болуының өмірге келуі – бұл көшпелі өмірмен тығыз байланысты. Күнделікті тұрмыс-тіршіліктегі сан-алуан қажеттіліктен қолөнер туындылары пайда болып,жетіліп,өңделіп отырған. Мысалы:ҮІІ-ҮІІІ ғасырда үйшілік,ұсталық, ХҮІІІ ғасырда зергерлік,ХҮІІІ-ХХ ғасырда өрімшілік,тігіншілік,егіншілік т.т.

Халықтың даму,жетілу тарихында небір хас шеберлері,ісмерлер болған. Мысалы:Есік обасынан табылған археологиялық қазба «Алтын адам» киімі ҮІ ғасырдағы сақтардың жануарлар стилінде әшекейленген өнер туындысы. Зергерлік өнердің өте ерте дамығанның дәлелі. Міне,осындай мұра болып қалған өнердің бір саласы құрақ құрау. Бұл біздің әжелеріміздің бізге қалдырған мұрасы.

-Құрақтың түрлерінің білетіндері бар ма?

-Міне,аз болса да,біраз болса да құрақ түрлерін біледі екенсіңдер.

-Олар,тырна,ботагөз,қайшы,жұлдыз,шаршы,сегіз,гүл,сынық мүйіз,қошқар мүйіз,омыртқа т.б. Мұндай құрақ түрлерін әжелеріміз өзін қоршаған ортадан алып отырған. Енді осы құрақ түрлері өзінің ерекшелігімен қиюласу өрнегіне қарай мынадай топқа бөлінеді:

1.Өсімдік тектес – көкөрістік.

2.Ғарыштық – космогониялық.

3.Жануарларға байланысты – зооморфтық.

4.Геометриялық.

5.Тұрмыстық.

-Сонымен қанша топқа бөлінеді екен?

(Дәптерге жазғызу). Құрақты қандай мақсатта құраймыз. Біріншіден,мата қиындыларын іске ұқсату,кәдеге жарату. Екіншіден,үлкен сәнділікпен матадан әр түрлі пішіндерді қиюластыра отырып келтіру.

Бөл өнер ептілікті,икемділікті,шеберлікті қажет етеді. Әр істі бастар алдында халық мәтелін еске ұстаған жөн.

«Талаппен бастап,

Талғаммен аяқта».

Матаны құрау үшін ең бірінші,қандай өрнекті құрайсың,сол өрнектің сызбасын қағаз бетіне түсіріп аламыз. Екінші матаның түр-түсінің үйлесімділігін анықтай үшін оны түс таңдай отырып,бояп аламыз.

Осыдан кейін геометриялық пішінде үлгі қағаз даярлап аламыз да,сол қағазды үлгі етіп,пайдалану арқылы,матаны қағаз мөлшерімен қиып аламыз. Қиылған матаны сызба үлгіге қарап белгіленген өрнек бойынша рет-ретімен:әуелі ортаңғы бөлік,содан кейін шеткі бөліктерді тігіп аламыз.

Міне,осындай жұмыстар жүргізу арқылы құрақ құрау технологиясын меңгереміз.

-Технология деген не?

-Қандай жұмыс болмасын оны іске асыру барысында істелетін іс-әрекет. Мысалы,сызба үлгі түсіру,түс таңдау,үлгі даярлау,қию,тігу,т.б. Осының бәрі құрау технологиясы.

Ү.Түсінгенін сұрау. Халықтың қай ұлт екенін дәлелдейтін қандай ерекшелігі бар? Құрақтың қандай түрлерін білесіңдер? Құрақ қанша топқа бөлінеді? Құрақ құрау технологиясына не жатады?

ҮІ.Бекіту. Әр ұлттың өзіне тән  тілі,өнері,дәстүрі болатынын,құрақ өнерібар екенін білдік. Жалпы қай өнер болсын адамның шеберлігін,ұшқыр ойын қажет етеді.

«Шебер көп жерде,өнер көп»

«Өнер – таусылмас мұра»

ҮІІ. Үйге тапсырма. Сарамандық жұмысқа түрлі-түсті мата,жіп,қайшы әкелу.