Біз — болашақ үшін !

Сабақтың тақырыбы: Біз — болашақ үшін !

Мақсаты:

  • Оқушыларға жалпы денсаулық  дегеніміз не?  Оның адам  өмірінде алатын маңызы қандай? Оны сақтау үшін не істеу керек? деген сұрақтар  турасынды түсінік беріп, білім – біліктерін қалыптастыру.
  •       Оқушыларға қазіргі  қоғамды және дүниежүзін ойландыратын проблемалар алкоголь, темекі және де нашақорлық туралы , сонымен қатар олардың  әсерлерінен туындайтын аурулармен  таныстыра отырып рухани ерік- күшін дамыту.
  •  Есірткі пайдаланудың зиянды жақтарын аша отырып, одан жиренуге, айналасындағы  адамдарға да ықпал етіп, денсаулығын сақтауға жауапкершілігін оята отырып тәрбиелеу.

Әдіс тәсілдері:  түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, топтау, сын тұрғысынан ойлауды

дамыту.т.б.

Көрнекіліктері: слайд, суреттер, шарлар, ата-аналар бұрышы,сурет көрмесі т.б.

 

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру.(слайд-4)

І- жүргізуші: Құрметті оқушылар, ата-аналар  және тәрбие сағатымыздың қонақтары! Сіздерге бүгінгі 2 «в» қазақ сыныбындағы «Біз – болашақ үшін!» — атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

 

Мұғалім: Сіздерге қош келдіңіздер- дей отырып, өтіліп отырған шарамыздың мақсаты жас ұрпаққа денсаулықтың адам үшін маңызды екенін, сонымен бірге қазіргі қоғамды ойландыратын мәселелер НАШАҚОРЛЫҚ , ТЕМЕКІ, АЛКОГОЛЬ белең алып бара жатқан зиянды әдеттер мен олардың әсерінен туындайтын аурулар туралы  түсінік беру болып табылады .

 

ІІ- жүргізуші: Дана бабаларымыз айтқандай, «Бірінші байлық — денсаулық»- деп бекерге айтпаса керек. Олай болса жас ұрпақ болашаққа жарқын үмітпен қарап  есірткісіз, темекісіз, алкогольсіз өмір салтын ұстану мына сіздердің қолыңызда.  Ал, оқушылар денсаулық дегеніміз не ? Оны қалай түсінеміз? Оны қалай сақтау керек? –деген сұрақтарға кім жауап береді?

 

Аружан: Менің ойымша «Денсаулық» әрбір адамның бақытының негізі. Қоғам болашағының баянды болуы әр адамның денсаулығына тікелей байланысты. Денсаулық дегеніміз – адам ағзасының дұрыс жұмыс істеуі болса, дені сау адам бақытты адам  болғаны.

 

ІІ- Мағананы тану

І- жүргізуші:Дұрыс –ақ. Ия, расында тұңғыш  президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің болашаққа деген сындарлы көзқарасын білдірген «Қазақстан 2030» жолдауында денсаулыққа зор міндеттер қойып: «Болашағымыздың айқындылығы мен айбындылығы дені сау іскер ұрпақтардың үлесіне тиюге тиіс»- делінген. (слайд-5)

 ІІ- жүргізуші:Олай болса, біздер де болашақ үшін өз үлесімізді қосалық. Оқушылар денсаулықтың қас жауы не? Кім айтады?

(слайд-6)

Жұлдыз: Грек тілінде «ұйқы» мағанасын білдіретін «narke» сөзі ағылшын тілінде «narkotic» деген сөзге айналып, ұйықтату, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағананы білдіреді. Жалпы айтқанда, есірткі заттары деп жансыздандыру ерекшелігіне ие болатын заттарды айтамыз.

Мұғалім:Дұрыс айтасың Жұлдыз шын мәнінде де , жаман әдеттердің ең зияндысы болып тыбылатын есірткі қолдану әдеті адамның денсаулығына, ақыл-ой және рухани жүйесіне, қоғамға тигізетін  зияны өте көп. (слайд-7)

Анель: Маскүнемдік бір адамның тоқтаусыз және өз-өзіне залал келтіретіндей көп мөлшерде ішімдіктерді ішуден басталады. Ішімдік физикалық және психологиялық зияндармен қатар қоғамдық және экономикалық құлдырауға алып келеді.

Мұғалім:Алкогольдік ішімдіктер жалпы есірткі сияқты қауіпті деп саналмайды. Кейбір елдердің әдет-ғұрпында ішімдік діни және қоғамдық іс-шаралардың маңызды бір бөлігіне айналған. Алайда, мына жағдайды есте сақтау қажет, ішімдік- қазіргі заманның маңызды проблемаларының бірі және ішімдік ішу есірткі қолдану сияқты зиянды. (слайд-8)

Темірхан:Темекі құрамында никотин және 4 мыңға жуық улы зат бар өсімдіктердің майдаланған, құрғатынған және қолдануға дайын күйдегі жапырағынан шылым жасалады.Темекінің елі Америка болып табылады.

Мұғалім: Темекі күнделікті арасына уақыт салып қалданады. Темекі адам ағзасына келтіретін зиянды әсері өте көп . Адамның қатерлі ісік ауруларына және тамақтың қатерлі ісік ауруына 99 %, миға қан құйылу ауруларының 85 % , өкпенің қатерлі ісік ауруын тудыруңа 90 % себеп болады. Темекі құрамындағы зиянды улы заттар адам өмірін 15 жылға қысқартады екен. (слайд-9)

І- жүргізуші: Міне, біздер көптеген денсаулықтың қас дұшпаны болып табылатын белең алып бара жатқан зиянды әдеттерге тоқталдық. Ендеше, осын зиянды әдеттердің адам өміріне төндіретін қарерлеріне тоқталайық.

(слайд-10)

І- жүргізуші:  «Біз бақытты баламыз»

ІІ- жүргізуші: Әсем әннен кейін көңіліміз көтеріліп қалды. Ендеше бабаларымыздың «Аурудың алдын ал» -деген сөзіне де мән берелік . Денсаулығымыздың мықты болуы үшін , зианды әдеттерден аулақ болу үшін не істеу керек?

Альбина: Менің ойымша денсаулықты сақтау үшін, зианды әдеттерден аулақ болу үшін спортпен айналысу керек. Спорт денсаулық кепілі. Спортпен айналысқан адам денсаулығы мықты болады.

І- жүргізуші:

                          Кім мұндайды естіпті,

Есірткі жұртты есіртті.

Иіскеген жастары,

Жан –тәнін түгін кесіпті.

Сақ болайық ағайын,

Қатерлі жау есірткі. –дей отырып, жағымсыз әдеттен жапа шеккен жас баланың өмірінен көрініс.

 

III. Көрініс: «Адасқан жан» (слайд-11)

Жүргізуші : Ей, жас жігіт,

Жан едің сен гүл жүзді.

Солып қапсың,

Тынышыңды кім бұзды.

 

Жігіт: Өмір қатал,

Көңіліңе қарай ма?

Душар болдым қайғыға.

Енді арылу оңай ма?

 

Жүргізуші:Не деп кетің?

Қандай қайғы айтқаның?

Қане, отыр да.

Түсіндірші  бар жәйді.

 

Жігіт: Ізгілікті зұлымдыққа талаттым.

Денсаулықтың барлық асыл- алтынын,

Пенделіктің орманында тонаттым.

Жастайымнан құлы болдым, қайтейін,

Наша менен арақтың.

 

Жүргізуші : Жоқ, сабыр ет.

Әттең, өзің жанбай жатып,

Жақын тұрсың сөнуге.

Сені терең ойға тартар,

Бір әңгіме шертейін.

Тыңда , қане , жарқыным!

(Саған қиянат жасағандардың әңгімелерін тыңдалық)

 

Арақ: Тоқта, тоқта!

Мені көрсе ішіп алар адамдар, шыдамай.

Ішу үшін бұл өмірде сылтаулар көп мынадай:

Табысы мен атақ- даңқы, қолы жеткен мансабы,

Себепсіз құр ішу мақсат ауып кетсе аңсары.

Осы арқылы мен адамдарды жаулаймын.

Ақырындап уақыт өте әлемді де қармаймын.

(Әдемі киінген темекі жан-жағына жымия күліп келеді)

Темекі: Уа , халайық,

Маған сен.

Барлық адам өмірін.

Көк түтінге  улатып.

Жүрмін бүгін,

Жер- әлемді шулатып.

 

Наша : Ей,азамат, неге жүрсің сріксіз?

Танысайық жақындашы сен бізге.

 

Үш пері: Біз достыққа  әрқашанда берікпіз!(наша, арақ, темекі.)

 

Жігіт: Мен сол кезде әзер-әзер құтылдым гой сендерден,

Дәрігердің көмегімен  ұзақ уақыт емделгем.

Ал, бүгін ше, неге келдің, сен.

Мұнда тегін жүрген жоқсың мен білем.

 

(Сахынаға Саулық хан шығады)

Жүргізуші: Айналаға асыл нұрын шашып,

Жетіп келді. Саулық хан да асығып

Айбарынан Саулықтың шошып кетті үш пері,

Жан жағына қарамай қашып кетті үш пері

 

Саулық хан:Шыншыл мақсат қай жерде де  жол табар,

Кезің келді қоғам жүгін арқалар .

Аярлыққа еріп кетсең сүмеңдеп,

Айта  алмаймын ертеңіңе сенем деп.

Ана сүті арамдықты суарса,

Сиыр сүті ала алмайды сені емдеп.

Темекіден түтін сорсаң улайсың,

Өзіңді- өзің жіпсіз байлап шырмайсың.

Ақылды болсаң, жас жігіт,

Саулықтың сөзін тыңдайсың.

 

Жүргізуші: Хан осылай деді де, кете берді жөніне .

Жігіт қалды ойланып, борышты боп еліне.

Осы айтқан әңгіме, ойға салар сеніде.

Тек жүзіңді төмен салма.

Нашақорға жақын болма.

Тек көзіңді жасауратпа,

Сенің көзің заман үшін бағалы.

Сенің әнің асқақ шықса,

Қоғам даңқы жоғары.

 

ІІ- жүргізуші: Балалар мына көріністен ұққандарыңыздай зиянды әдеттерден аулақ болайық, Қармауына түсіп қалып жүрмейік!

Жаңа ғасыр жаңа заман бүгін

Біз тілейміз жас ұрпақтың амандығын.

Күресуге ғасырдың тағдыры үшін,

Оған сенде міндетті, міндетті мен.- дей отырып, кезекті өлең жолдарына береміз.

 

Атымтай жомарт: Адам, ғалам ғажайып жеке дана,

Жан құмарын іздеген мәңгі сана.

Өзіңді –өзің танысаң- істің басы,

Түзеген өз ғылымын болған дана.

 

Аружан:  Өмір деген мәңгі гүлдей жайнайтын,

Құштарлықтың тасқыны көп көктемде.

Ешкім оған қоя алмайды нүктені,

Өмір деген сөнбек емес өйткені.

 

І- жүргізуші: шын мәніндеде адам өмірі сөнбек емес. Жас ұрпақ болашақ мына сіздердің қолдарыңызда. Мына әлемге сәбидің пәк көзімен қаралық, өз- өміріңіз өз қолыңызда.

 

IV.Гальереяға саяхат

ІІ- жүргізуші:  Олай болса «Болашаққа сәби көзімен» тақырыбына сурет салу жұмысынатоқталамыз. Оқушылардың аяқталған суреттерінен көрме жасақтау. (слайд-12-13)

V.Ой толғаныс.

І- жүргізуші:  Келесі кезекте сөзжұмбақты шешу арқылы қорытынды ой толғау. Ойын оқушылар сөзжұмбақты шешу үшін сұрақтарды тыңдап алып жауабын жазу үшін тақтаға дейін допты аяғымыздың арасына қыстырып барып сөзді жазамыз да, кері қайтқанда қолымызға алып қайтамыз.

  1. Спорттық ойындарын футбол, волейболды және баскетболды немен ойнайды?
  2. Доппен ойналатын ойынның бір түрі?
  3. Спорттық ойын түрі ?
  4. Денені шынықтыру үшін немен айналысу керек?
  5. Адам ағзасына пайдалы жеміс түрі?
  6. Балық несіз өмір сүре алмайды?
  7. Адамның дене мүшесі?
  8. Адам өміріне зиянды зат?
  9. Сүт өнімінен алынатын пайдалы тағам. (слайд-14/15)

ІІ- жүргізуші: Оқушылар спорттық ойын мен сөзжұмбақты өте жақсы орындадық. Ендеше  мақал-мәтелдерге кезек берелік. Ал, оқушылар қай топ көп мақал біледі екен . Іске сәт!

Мақал мәтелдер!

  1. Таза ауа –дертке дауа.
  2. Арақ арыңа нұқсан, темекі тегіңе нұқсан.
  3. Ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде.
  4. Ауру адамды алтын бесік те жұбатпас.
  5. Жаны сауға күнде той.
  6. Есірткі егіп көргенің

Күніңнен бұрын өлгенің.

  1. Елім бай болсын десең,

Денің сау болсын.

(слайд-16)

  1. VI. Ата аналар сіздер үшін! І- жүргізуші: Өте жақсы, сіздер мақал мәтелдер сайысынан мүдірмей өттіңіздер. Ал енді, оқушылар бізге қонаққа келіп отырған ата-аналарымызға кезек келді. Ата –аналар Сіздерге арналған «Ата – аналар сіздер үшін!»- атты бұрышқа назар аударалық. Бұл бұрышта сіздерге барынша толық мәліметтер берілген. Таныс болыңыздар!(слайд-17)

 

ІІ- жүргізуші: Сонымен, балалар бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы қандай? Дұрыс айтасыздар. Бүгінгі шарамыздың тақырыбы «Біз – болашақ үшін!»- деп аталады .

 

VII. Бәріміз бірге нашақорлықсыз әлемге бір қадам !!!!

 

І- жүргізуші:Олай болса :

Жас өкпе темекімен ысталмасын,

Есірткі жас ұрпақты баурамасын.

Жұқпалы аурулардан аулақ болып,

Тәртіпсіз , тәрбиесіз артта қалсын.

Қараймын жас ұрпақтың көздеріне,

Әлде кім бұзғандай оның өмірін де.

Тұнжырап екі көзден жас кеткенде,

Жыламсырап тоқтай қалар жүрегім де.- деген өлең

жолдарымен  жас ұрпақ болашақ мына сіздер үшін жарқын болсын !

 

(Оқушылар алдын ала дайындалып тұрған шарларды қолдарына алып «Бәріміз бірге нашақорлықсыз әлемге бір қадам !!!! » деген тілекпен аспанға шарларды ұшырады) (слайд-18/19)