Адам және табиғат

Тақырыбы: Адам және табиғат

Мақсаты:

Білімділік мақсаты: Адам және табиғат арасындағы байланысты, жер бетіндегі тіршілік атаулының қайнар көзі күн, су, ауа, жер, ай түсінік беріп, олардың өзіндік ерекшеліктері жайлы білімдерін нығайту.

 

Дамытушылық мақсаты: Логикалық  ойлау қабілетін, тілін, шығармашылығын дамыту, өлі және тірі табиғатты салыстыра білуге үйрету.

 

Тәрбиелік мақсаты: Әсемдікке, сұлулыққа, табиғатты сүюге, қорғауға, бақылауға тәрбиелеу.

 

Көрнекіліктері:  слайд, жұмбақтар, дидактикалық ойындар, суреттер, газеттер, сызбалар, топ аттары.

 

Өтілу барысы:

 

І Ұйымдастыру кезеңі: Тақырыппен, масатымен таныстырып өту. Бес топқа бөлу және топ жетекшілерімен таныстыру. Әділқазылар алқасын белгілеп алу.

 

ІІ. Ойын жарыстың кезеңдері мен таныстру.

  1. Топтың аты, ұраны, әні, газетін қорғау (3мин интерактивті тақтада).
  2. Реферат жазу (өзіндік жұмыс).
  3. Топты қорғау. (4 мин жұмбақтар, мақал – мәтелдер, өлеңдер, анықтамалар, ерекшелігі.).
  4. Өлең шығару сурет салу 8 мин әр топтан екі оқушы шығады да интерактивті тақтаға суреттерін салады.
  5. Көрініс көрсету 3 мин.
  6. Зиянды жері. (ластануы слайд жасап, сол бойынша көрсету.).

Әділ қазылар алқасына 5 баллдық жүйемен есептеу.

 

ІІІ. Әр топ өз бетінше жұмыс істейді.

Сұрақтарға жауап береді.

1 топ: «Күн»

Ұраны: «Күн жарық пен жылудың көзі»

Әні: «Әр қашан күн сөнбесін».

2 топ : «Ай»

Ұраны: «Айым тусын оңынан, жұлдызың тусын соңыңнан!»

Әні: «Желсіз тұнде жарық ай»

3 топ: «Жер»

Ұраны: «Жер тіршілік анасы»

Әні: « Туған жер».

4 топ: «Ауа»

Ұраны: «Ауа көрінбейтін жұмақ»

Әні: «Талғардың таза ауасы -ай».

5 топ: «Су»

Ұраны: «Су анасы — бұлақ»

Әні: «Сұлу қыз су іздеген»

 

ІV.  Көңілді ойындар:

  1. «Орын тап!»9 планетаның орналасу ретін көрсет.
  1. Доппен «Жер, су, ауа»
  2. «Ойлан тап!» (жұмбақтар).

 

 

 

 

 

  1. Қосымша сұрақтар беру.

           

  1. Қазақстандағы қорықтарды атап беру.
  2. Қазақстандағы ірі суларды атап бер және картадан көрсет.
  3. Не себепті жердің беті бірдей ысымайды? Экватор сызығы деген не?
  4. Басқа планетаның адамдары дегенді қалай түсінесің? Барма?
  5. 9 планетаны ретімен атап бер.
  6. Тірі табиғат не үшін өлі табиғатқа бағынады?
  7. Табиғат апаты деген не?

 

 

 

 

  1. Қорытынды сөз: Сызба бойынша әңгмелеу.

Адам табиғатқа тәуелді.

Сондықтан да табиғатты қорғайық, аялайық!