ДНҚ молкуласының екі еселену ерекшеліктері

Сабақтың  тақырыбы:       ДНҚ  молкуласының  екі  еселену  ерекшеліктері.

Сабақтың  мақсаты:     1. Білімділік:    ДНҚ  молекуласының екі  еселену  механизмі, ол  механизмнің тұқым  қуалау ақпараттарын   берудегі  ерекшеліктерін  талдай  білу.

  1. Дамытушылық: Тұқым қуалау  ақпаратының келесі  ұрпаққа  берілуі  туралы  білімді  дамыту.
  2. Тәрбиелік: Оқушыларға салт-дәстүрді сақтай  білуге,  өзін-өзі бағалай  білуге  тәрбиелеу.

Сабақтың типі:         Аралас  сипатта  жаңа  білімді  меңгерту.

Сабақтың түрі:        Дәстүрлі.  Проблемалық  ізденіс  сабағы.

Сабақтың әдісі:        Ынтаны дамыту, әңгімелеу,   тірек  сызба,   түсіндірмелі,  салыстыру.

Оқыту  технологиясы:    Ақпаратты  компьютерлік технология.

Пәнаралық байланыс:     Информатика, математика

Көрнекілігі:           Интерактивті  тақта,  арнайы  құрастырылған  слайдтар,  тірек – сызба.

Сабақтың  барысы:

  • І.  Ұйымдастыру  кезеңі  (1 мин.)
  • Сәлемдесу, оқушыларды сабаққа  әзірлеу.
  • ІІ.  Үй  тапсырмасын  сұрау   (15 мин.)
  • Оқушылардың  сабаққа  зейінін  аудару  үшін  ең  алдымен  ауызша  сұрақ     қою.
  1. Нуклеин қышқылдары  дегеніміз  не,  оның  неше  түрі  бар?
  2. ДНҚ – ны зерттеуші  ғалымдарды еске  түсірейік.

 

ҒалымдарЕңбектері
Ф.Мишер. (Швейцариялық  биохимик)1868  жылы  ядролан қышқылдық  зат  алып  оны  нуклеин қышқылы  деп  атаған.
Э.Чаргафф  (Америкалық  биохимик)1951 жылы  ДНҚ  молекуласында                  4 нуклеотид. А  мен  Г (2с) пуриндік  негіз,  Т-Ц (1с) пиримидиндік  негіз  А=Т,  Г = Ц
М. Уилкинс (Ағылшын  биофизигі)1950  жылы ДНҚ- ның  кристалдық талшықтарының  рентген  граммасын  алды.
Д.Уотсон  мен  Ф.КрикДНҚ молекуласының  құрылысын  ашты.

 

 

 

  1. ДНҚ-ның құрылымы  қандай?

Нуклеотид

Азотты  негіз           Рибоза  н/е дезоксирибоза            Фосфор қышқылының қалдығы

 

  1. ДНҚ қосарлы сақинасы  қалай  түзіледі?
  2. Орнын тап.

ДНҚ — …  молекула

ДНҚ  мономері —  _________       _________         _________    _________

Пуриндік  негіз –

Пиримидиндік  негіз –

ДНҚ- да  ………..  сақталады.

 

ІІІ. Жаңа  сабақ.

Жоспары:

  1. ДНҚ-ның екі  еселену  жолдарын ұсынудағы  М.Мейсельсон  мен Ф.Стальдің еңбектерімен  танысу.
  2. ДНҚ –ның екі еселену  жолдарын   ашуда  жүргізілген  тәжірибелер.
  3. ДНҚ-ның екі  еселенуіндегі  ферменттердің  ролі.

ДНҚ  молекуласының  екі  еселенуі – редупликация.

Жасуша бөлінер  алдында  ДНҚ екі еселенеді.

  • А Т  А  Г  Ц  А болса
  • Т А  Т  Ц  Г  Т болады
  • ДНҚ-да жазылған  тұқым  қуалау  ақпараттары   келесі  ұрпаққа  қалай  беріледі?

 

ДНҚ екі еселенуін 1960 жылы М.Н.Мейсельсон мен Ф.Сталь дәлелдеді.

  1. Сақтала  екі  еселену.
  2. Жартылай  сақтала  екі  еселену.
  3. Бытыраңқы  екі  еселену.

(Оқулықтағы  13 – сурет  бойынша жұмыс  жасау)

ДНҚ-ның  екі  еселенуіне  ферменттердің  қандай  маңызы  бар деп  ойлайсыздар?

 

ДНҚ –ның екі  еселену                                                                 ДНҚ-ның екі  еселенуінде

механизмінің жүрісі                                                                     сутектік  байланыстардың

нуклеотидтердің                                                                           ролі

комплементарлылығына

байланысты

 

 

 

 

ІV. Бекіту.

  1. Тақырыптық түйін.  (Дәптерге  жазу)
  2. Сұрақтар мен  тапсырмаларды  орындау. (Оқулықпен  жұмыс)

*Түсіндірме  сөздік.

Сақтала  екі  еселену — ДНҚ –ның  қос  оралымының  матрицасы  сақталып жаңа

молекулаға   негіз   болады.

Жартылай  сақтала  екі  еселену – азотты  негіздер  арасындағы  әлсіз  сутектік

байланыстар  үзілгеннен  кейін қос  тізбек  екіге  бөлінеді. Бөлінген  әрбір  тізбек

болашақта  пайда  болатын тізбекке матрица  болады.

 

  1. V. Бағалау. (Оқушының  сабақ  барысында  қатысуын  бағалау)
  2. VI. Үйге тапсырма.  10. Нулеин  қышқылдарының  маңызы  туралы  қосымша

ақпарат  дайындау.

              VIІ. Қорытынды.  Қорыта  келгенде,  ДНҚ  өзіндегі бар  қасиеттерді  келесі

ұрпақтарға  екі  еселену (редупликация)  арқылы  ген  түрінде  береді.  Әр  түрге

тән белгілер мен қасиеттердің  қалыптасуы  гендерге  байланысты.  Ата –   анадан

алынған  гендердің  комбинациялануынан  генетикалық  ақпарат  жаңарады.