«Толағай» отбасылық сайыс.

Тақырыбы: «Толағай» отбасылық сайыс.
Мақсаты: Оқушы мен ата-аналарға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.
Салауаттану — адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Түрі: Эстафеталық ойын.
Өтілетін орны: Мектеп спорт кешені.
Көрнекілігі: Доптар, шар, жалауша, кедергілер, шығыршық т. б.
Жүргізуші:
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
Құрметті мұғалімдер және ата-аналар, оқушылар бүгінгі «Толағай» отбасылық сайысымызға хош келдіңіздер!Көңілді жарысқа 8а , 8ә сынып оқушылары мен ата-аналарымыз қатысады.
Жарысқа қатысатындарды шақырамыз
Әр таңды бақытпенен атырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға Имангазин, Алиев, Жиенбае, Құлмұратовтар отбасын шақырамыз.
(әр отбасы орындарына келіп тұрады)
Жүргізуші:
Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата-ана – шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептелінеді. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасан зор.
«ТОЛАҒАЙ» отбасылар сайысы — еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты бағдарлама. Осындай бағдарлама бүгінде біздің мектебіміздің оқушылар қауымы мен сүйікті де белсенді ата-аналарының арасында өткізілгелі отыр. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс.
Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!
Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.
1. Оқу ісінің меңгерушісі. К. О. Еңсепова
2. Тәрбие ісінің меңгерушісі: С. Н. Бижанов
3. Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі: М. Ж. Игіліков
Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.
Сайыстың бағдарламасы:
1. Кедергілер арасымен жүгіру
2. Кедергілер арасымен доп алып жүру
3. Кедергілер арасымен допты алып, жүріп шеңберге салу
4. Допты жоғарыдан беру
5. Допты төменнен беру
6. Егін егу, егін жинау
7. Нысананы көздеу
8. Кенгуру
9. Кедергіден өту
10. Қанбақ
Әр кезеңнен кейін әділ қазылар өз бағаларын береді.
Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!
Сайысымызды бастаймыз.
«Атамекен» тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Бәріміз біріміз үшін!
«Жасұлан»тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Біз әрқашанда мықты
Бәрін жеңіп шықты
«Барыс»тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Біз шымыр сергек денеміз, өнер сүйер өренбіз.
«Бәйтерек» тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз.
І тур: Кедергілер арасымен жүгіру.
ІІ тур: Кедергілер арасымен доп алып жүру.
ІІІ тур: Кедергілер арасымен допты алып, жүріп шеңберге салу.
ІV тур: Допты жоғарыдан беру.
V тур: Допты төменнен беру.
VІ тур: Егін егу, егін жинау.
VІІ тур: Нысананы көздеу.
VIII тур: Кенгуру.
ІХ тур: Кедергіден өту.
Х тур: Қаңбақ.
Әкелер обручты айналдырып отырады, ал балалары допты обручқа лақтырып отыру керек, ал келесі ретте аналары осылайша жасайды.
Жүргізуші:
Жарыс заңы ежелден —
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол —
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады
демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі.
(Әділқазылардың ұпайларын тыңдау)
І орын Алиевтер отбасы
ІІ орын Жиенбаевтар отбасы
ІІІ орын Имангазиндер отбасы
Алғыс хат Құлмұратовтар отбасы
Жүргізуші:
Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекші
Құрметті қонақтар! Келгендеріңізге көп-көп рахмет.