Сабақтың тақырыбы: «Өрт қауіпсіздігін оқытудың мақсат, міндеттері»

Сабақтың тақырыбы: «Өрт қауіпсіздігін оқытудың мақсат, міндеттері»

Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларға өрт қауіпсіздігінің мақсат, міндеттері туралы әңгімелеу

Дамытушылық мақсаты: Өрт қауіпсіздігі туралы түсініктерін дамыту

Түзету мақсаты: Сабақ барысында дыбыстарын қадағалау

Сабақтың барысы : І Ұйымдастыру кезеңі

                            Оқушылардың көңілін сабаққа аудару

ІІ Жаңа сабақ

Өрт қауіпсіздігін оқытудың мақсат, міндеттері

Өрт сөндіру екі сатыдан тұрады.

  1. Жануды оқшаулау
  2. Жануды жою

Жануды оқшаулауға:

  • Күштер мен құралдардың қажетті мөлшерін әрекетке дер кезінде шоғырландыру және енгізу
  • Оқпаншылардың позицияларға тез шығуы және олардың епті әрекеті
  • Өртке қарсы ажыратуды құру
  • Өрт сөндіргіш заттарды үздіксіз беру арқылы қол жеткізіледі

 

  1. Өртте жануды жоюға.
  • Жануды оқшаулау кезеңінде енгізілген күштер мен құралдардың отқа шешуші шабуылы
  • Оқпанмен епті маневр жасау
  • Өрт көлемінің оны жою шамасына қарай ену
  • Өрт сөндіргіш заттарды жануды оқшаулауға берген мөлшерде үздіксіз беру арқылы қол жеткізіледі.

Өрт қауіпсіздігінің ережелерін білген өзімізге жақсы. Өрт ойламаған жерден шығады . Өрт шықпау үшін ережелерді жақсы меңгеру керек.

ІІІ. Сабақты қорытындылау.

 

Сабақтың тақырыбы: «Мемлекеттік өрттен сақтандыру ұйымы»

Сабақтың білімділік мақсаты: Мемлекеттік өрттен сақтандыру ұйымы туралы түсінік беру.

Дамытушылық мақсаты: Ой- өрісін дамыту, есте сақтау қабілетін арттыру

Түзету мақсаты: Сабақ барысында дыбыстарын қадағалау

Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке баулу.

Сабақтың барысы : І Ұйымдастыру кезеңі

                            Оқушылардың көңілін сабаққа аудару

ІІ Жаңа сабақ

Мемлекеттік өрттен сақтандыру ұйымы барлық мекемелерді, жекеменшік орындарын, үйлерді өрттен сақтайды. Ол жерде арнайы өрт сөндіретін құралдары, көліктері шақырған кезде келетін, яғни өрт болған жағдайда көмек көрсететін ұйым.

Бұл жердегі адамдар үлкен қызметтер атқарады. Әрқайсысының өз жұмыстары бар. Мысалы: Бір жерде өрт шыққаны туралы осы ұйымдарға сымтетік арқылы хабарлассаң келіп өз көмектерін көрсетеді.

Бірақ осындай жағдайларды болдырмау үшін өзіміз сақ болғанымыз жөн.

  1. Күкіртпен ойнамау керек.
  2. Ток көзіне бір зат тықпау
  3. Темекі шекпеу
  4. Өз-өзіңіе сақ болу
  5. Ашық тұрған патронға ағаш тықпау
  6. Тез жанғыш заттардан (жанармай, керосин, саляркадан) аулақ болу керек.

Өзің үнемі дұрыс жолмен жүрсең қатерлі нәрсеге кезікпейсің.

ІІІ. Сабақты қорытындылау