Тақырыбы: «Отбасылық мерекелер»

Бағыты :Отбасы  тәрбиесі.

Тақырыбы:  «Отбасылық мерекелер»

Мақсаты: А) Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше

екендігін түсіндіру;

Ә) Халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетін білім, өзіндік ұлттық қасиетімсізід балалардың бойына дарыту;

Б) Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, сыпайы, инабатты болуға тәрбиелеу.

 

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.

Көрнекілігі:  суреттер

Барысы :  Ұйымдастыру кезеңі.

Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласын шыр етіп дүниеге келген күннен бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді.

  • Балалар, қандай отбасылық мерекелерді білесіңдер?
  • Туған күн, Жаңа Жыл мерекесі, 8 наурыз- Аналар мерекесі т.с.с.
  • Дұрыс айтасыңдар балалар, біз бүгін сендермен Жаңа Жыл мейрамы туралы әңгімелесеміз.

Жаңа Жыл мейрамы бүкіл дүние жүзінде тойланады. Оны үлкендер де, балалар да асыға күтеді.

Жаңа Жыл мейрамы- отбасылық мейрам деп те аталады. Әр отбасында бұл мейрамға алдын-ала дайындалады. Міндетті түрде шырша ағашын, оны әшекейлейтін түрлі қызылды-жасылды ойыншықтар, балалар киетін маскарадтық костюмдер әзірленеді. Бұл мерекенің басты кейіпкері өзіміз сағына күтетін –Аяз ата. Ол барлық адамға сыйлық дайындайды.

 Адамдар Жаңа Жыл мейрамында айналасындағы жақын-туыстарына, достарына таныстарына жақсылық, бақыт, қуаныш тілеп, ізгі ойларын білдіреді.

Сергіту сәті.

Көк қарағай, көк қарағай,

Мейірбанды анадай.

Көкке бойын созады,

Көпке қолын созады.

Кең құшағын ашады,

Көлеңкесін тосады.

 

Балалар тәрбие сағатында айтып үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.

Жаңа Жыл бақыт, қуаныш әкелсін!

Жаңа Жыл құтты болсын!

 

Қорытынды  

  • Бүгінгі тәрбие сағатында Жаңа Жыл мерекесі отбасылық мерекелердің бірі екенін білдік. Адамдар бұл күні бір-біріне бақыт, денсаулық, сүйіспеншілік тілейді. Жаңа Жыл күні тілеген тілектер мен ой-армандар орындалады. Сол себептен жақсы ой-ойлап, өзіңе және өзгелерге ізгі тілектер тілеу керектігін білдік.