Тақырыбы: «Мұрын. Тыныс алу мүшесі. Өкпе»

Бағыты:Салауатты өмір салтын қалыптастыру тәрбиесі.

Тақырыбы: «Мұрын. Тыныс алу мүшесі. Өкпе»

Мақсаты:: Тыныс  алудың  маңызы,  тыныс  алу  мүшелерінің  құрылысы  мен  қызметі  туралы  білім  беру. Салауатты   өмір  сүру  әдетіне  тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Суреттер.

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап, түзету.

Барысы:

Әрекет кезеңдері

 

        Тәрбиешінің  іс әрекетіБалалардың іс әрекеті
Ұйымдастырушы-оятушылық кезеңі

 

 

Шаттық шеңбер:

Қайырлы таң алтын күн!

Қайырлы күн жер аспан!

Қайырлы таң достарым!

Сендерді көріп сағынды       

Балалар дөңгелене тұрып, шеңбер құрап бірге қайталады.

 

Ұйымдастырушы ізденушілік кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

— Балалар қандай жыл мезгілдері болады? Нешеу?

-Қазір қандай жыл мезгілі, қандай ай?

-Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?

— Балалар сендер сезім мүшелерін білесіңдерме? 

— Сезім мүшелеріне не жатады?

-Біз бүгін мұрын жайлы әңгімелесеміз балалар.

— Мұрын. Мұрын – иіс сезу мүшесі. Адам әр түрлі иісті мұрынмен сезіп, ажыратады. Сонымен қатар мұрын «тыныс алу» қызметін атқарады. (Мұрындарын қолмен ұстап, дем алдыру, бірнеше минуттан соң дем тарылатынын байқату, иіссу, гүл, жеміс, жусан иістерін ажыраттырту). Мұрын тыныс алу мүшелеріне жатады.

— Тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметі.

 1.Мұрын қуысы (кеңсірік)

 2.Жұтқыншақ

 3.Көмей

4.Кеңірдек

5. Ауатамыр (бронхылар)

Төртеу, қыс, көктем, жаз, күз.

 

Күз мезгілі, қараша айы.

 

Күн суытады, жаңбыр жауады, құстар жылы жаққа кетеді.

 

Иә,біз сезім мүшелерін білеміз.

 

Көз, тіл, құлақ, тері және мұрын.

 

Балалар зейін қойып, мұқият тындады.

Рефлекстік түзету кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытындылау

— Мұрын  не үшін керек?

— Мұрынның қызметі?

Сергіту сәті:

Иілеміз онға бір,

Иілеміз солға бір.

Тәрбиеші қарайды,

Он аяққа, солға бір

Балаларға сұрақтар қою. Жұмбақ жасыру.

Д\о: «Жұмбақ  не туралы?»

Екі шырақтың ортасында бір өзім. (Мұрын).

Сабақты қорытындылау.

Дем алу үшін керек.

Иіс сезу, дем алу т.б.

Балалар бірге осы қимылды жаттығуды жасады.

 

 

Балалар сұрақтарға жауап берді. Жұбақтардың жауабын шешіп, бірге қайталады.

Балалар ойынға белсене қатысты.