Өмір қауіпсіздігі туралы не білеміз?

Cабақтың тақырыбы: Өмір қауіпсіздігі туралы не білеміз?

Мақсаты:

 Төтенше жағдайларда іс-қимылдарын ұйымдастырудағы білімді үгіт-насихаттауды күшейту мақсатында –болуы ықтимал апат оқиғаларында өздеріне , төңіректегілерге жәрдем көрсетуге үйретудің қарапайым жолдарын меңгерту;   Өрттен , жер сілкінісі , боран , үсік шалу , мұздақта жүру , зардап шегушілерге қамқорлық жасап , әдепті болу , жедел жәрдем келгенге дейін зардап шегушілерге алғашқы көмек көрсету;Топпен жұмыстануға дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: Топпен жұмыс.

1 кезең.  «Сұрақ саған,жауап маған!»

2 кезең.   «Кім шығармашыл?»

3 кезең.   «Кім тапқыр?»

4 кезең    «Мені түсініп көр!»

5 кезең.     «Сөзжұмбақ шешу»

Бөлінген топтар бойынша сайысты жүргізу. 2 топ бойынша жұмыстар жүргізіледі.

     Өмірден қымбат еш нәрсе жоқ, өйткені өмірде бәрі бар.Қазіргі заманда өмір ең қымбат байлық болып келеді. Адамның ең негізгі мақсаты ол — өмірді сақтап қалу, өйткені ол құнсыз. Адам осы өмірдегі өмір сүру мағынасын іздейді, жоспар құрайды, сол жоспарларды іске асыру үшін жасайды және үйренеді.  Енді кезекті сайысымыздың кезеңдеріне берелік.

1 кезең.     Сұрақ саған,жауап маған. Әр дұрыс жауапқа  10  ұпай беріледі.

  1. Жер қыртысы мен жоғарғы мантиядағы кенет ығысу және ыдыраулардың әсерінен туатын жер асты дүмпулері мен жер бетінің тербеле қозғалуы. Жер сілкіну ұзаққа созылмайды, әдетте бірнеше секундттардың ішінде ғана өтеді.
  2. Жоғары температура (от, ыстық бу, қайнаған су), химиялық заттар (қышқылдар, негіздер) немесе иондаушы радиациялық сәуле әсер етуі нәтижесінде ұлпалардың зақымдануын қалай атамыз?

Күю кезіндегіалғашқы көмек көрсетудің алгоритмі: Күйген жерді таза матамен жабу керек. Күйген жерге суық басу (қар, мұз) немесе ағып тұрған суық суға салу (5-10 мин.). Бұл көпіршіктердің пайда болуын болдырмайды.Зақымданушыға ауырсынуды басатын дәрі беру.«Жедел жәрдем» кешіккен жағдайда жылы сусын беру. Жылы сусын ағзамен тез игеріледі.

  1. Төменгі температураның ықпалынан ұлпалар мен органдардың зақымдануын қалай атаймыз? Үсік шалу

Сіздің іс-әрекетіңіз: 1. Адамды жылы көрпеге ораңыз. 2. Оған ыстық шәй немесе кофе беріңіз. 3. Құрғақ матадан жасалған орамалмен терісі қызғанша уқалау  .4. Ал егер өзіңіз зардап шегіп қалсаңыз, мүмкіндігінше ыстық ваннаға түсіп және орамалмен құрғақтай денені сүртіп жіберіңіз.

  1. Электр тоғының әсерінен болатын зақымдануды қалай атаймыз? Электр жарақаты.

Алғашқы көмек:Электр тоғынан ажырату, ұйқы артериясында лүпілдің жоғына көз жеткізу, кеуде қуысына қатты соғу. Жүрек тоқтағанда арнайы аппарат дефибриллятор қолданады. Ол қол астыңда болмаған жағдайда кеуде қуысына қатты соғу  рекардиальды соққы деп аталады.

  1. Бүкіл организмге қоршаған ауаның ыстық температурасы (30-400) ұзақ әсер еткен кездегі орталық жүйке жүйелеріне ауыр зақым келтіретін ысынуды қалай атаймыз?

Ыстық тиген адамға алғашқы көмек көрсету. Зардап шегушіні суық жерге, немесе жақсы желдетілген орынға апарып, киімдерін шешіп, басып сәл көтеріп жатқызып, басы мен жүрек төңірегіне суық су құйып, температураны төмендетіп, кордиамин ерітіндісін беру қажет.

  1. Алғашқы 20-40 минутта адам шок болады: бет ағарады, бас айналады, жүрек айналуы, жиі және әлсіз пульс, артериалдық қысымның төмен түсуі, сананың жоғалуы (потеря сознания). Бұл қандай жағдайда болады? Жылан шаққанда алғашқы жәрдем дұрыс берілмесе немесе мүлде берілмесе у адам организмде тез таралу мүмкін.
  2. Миға қан келуінің уақытша төмендеуі салдарынан болатын жартылай немесе толық мерзімдік естен тану. (Талу)

2 кезең. «Кім шығармашыл?»  Берілген суретке қызықты әңгіме құрастыру. Бұл сайыста әділқазы алқасы қатысушылардың жазған әңгімелерінің мағыналығы, қызықтылығына, жинақылығына  көңіл аударуы тиіс. (5 ұпайлық жүйемен).

3 кезең. «Кім тапқыр?» деп аталады. Барлық топқа бірдей жұмбақ жасырылады, әр топ жауаптарын алдарындағы қағазға жазады. Әр жұмбақтың дұрыс шешіміне 5 ұпайдан беріледі.

1.Сөйлеуді ол білмейді,

Бірақ «тоқта, жүр» дейді.  (бағдаршам)

2.Екі аяқты, бір ізді

Үстіне мені мінгізді.

Мінгізгенмен ол менің

Аяғымды жүргізді.  (велосипед)

3.Көзін ашып жұмады,

Бағыт  сілтеп тұрады.  (бағдаршам)

  1. Үйде тұр бір жұлдыз,

Ол барда түн – күндіз.

(электр лампасы )

  1. жылт-жылт еткен,
А
Я
Ж Л
А А О Д
У Ж У Л А
БАҒД А Р Ш А М
ЕВА И С У И У А
ЛТРЫХН Ш
ГО ЫЛАА Ы
іБШН
УКА
СЕ
Р

жылғадан өткен.      (су )

  1. Үлкен- үлкен қалаларда жүреді,

Табаны темір, төбесінде жүрегі                (трамвай)

4 кезең    «Мені түсініп көр!» 

Қағазда жазылған сөзді ыммен түсіндіру. Егер қарсы команда мүшелері таппаса, өздеріне ұпай қосылады. Ал тапса,қарсыластарына ұпай беріледі.  Әр дұрыс жауапқа  5 ұпай беріледі.

Шырпы, қайшы, ине, машина, телефон, үтік, қоңырау,

5 кезең. Сөзжұмбақ шешу. Әр дұрыс жауап 5 ұпай.

1.Жүргізушілерге қозғалысты бағыттайды. Жол бойында кездеседі.

  1. Қоғамдық көлік түрі.
  2. Зымыран жүргізушісі.

4.Машина маркасы.

5.Бағдаршамның қай жарығы жаңғанда рұқсат етіледі?

  1. Алғашқы медициналық пункті.
  2. Машинаның аяқ киімі.
  3. Кез келген көлік түрін пайдаланатын адамдар.
  4. Жолаушы көлікті қай жерде күтеді?

 

 

 

Осымен сайысымыз аяқталды. Қатысқан топтарға рахмет!  Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Көбінесе жағдайларда өз өмірін сақтап қалу және өз жақындарының өмірін сақтап қалу үшін қарапайым ережелерді білуіне байланысты болады. Мысалы: алғашқы медициналық көмек төтенше жағдайлар кезінде. Өмір қауіпсіздік негіздерін ӘР ҚАЙСЫСЫ білу керек және де әр қайсысы түсініп отыру керек, өз уақытында бәрін дұрыс жасауын біздің денсаулығымызға және өзіміздің өмірімізге, балаларымызға қаншалықты маңызды екенін білу керек.