НАУРЫЗ айы туғанда

Сабақтың тақырыбы: НАУРЫЗ айы туғанда…

Сабақтың мақсаты:

1.Әр халықтың наурыз мейрамын тойлау дәстүріне, тарихына, қазақтың салт-дәстүріне,әдет-ғұрпына тоқтала отырып оқушыларға жеткізу;

  1. Өз ойын еркін жеткізе білу, шығармашылық қабілетін арттыру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру;

3.Наурыз мейрамының тойлануына үлес қосу және қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу;

Сабақтың әдісі: тәрбие сағаты;

Пәнаралық байланыс: қазақстан тарихы,география,құқық т.б.

Сабақтың көрнекілігі:плакаттар,газет-журналдар,буклеттер т.б.

Сабақтың барысы:

                                        Ұйымдастыру

                                       Жаңа сабақ

                                      Наурыздың мағынасы:
Наурыз, март (парсыша «нау» (жаңа) және «руз» (күн)) – Жаңа жылдың бірінші күні деген мағынаға ие.
Ол – күнтізбелік жылдың үшінші айы (31 тәулік), көктемнің басы. Қазақтар бұл мейрамды Әз-Наурыз мейрамы деп те атайды. Халықтың ежелгі наным-сенімінде наурыздың алғашқы үш күнінде жер-көкті жарып ерекше дыбыс (гуіл) естіледі. Мұны тек қана жұмақтан шыққан қой, сол арқылы оны бағып жүрген қойшы ғана естиді. Бұл күні бүкіл табиғатқа, тіршілік иесіне, өсімдік, жан – жануарға ерекше сезім, қуат, қасиет нұры құйылады. Сол себепті, халқымыз «Әз болмай, мәз болмайды» деген.

 

                                 Ұлыстың ұлы күні деп неге атаған?
Бұл жөнінде мынандай аңыз бар: Бір күні Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауына келген сәт-те жердің бетін жайлаған топан су кері қайтады. Сол сәт жер бетіне таба-ны тиген барлық тіршілік иелері көк аспаннан түс-кен қасиетті қазаннан бірге дәм татады. Содан, бұл күнді – ұлыстың ұлы күні деп жариялайды. Наурызды тойлау тарихы Ұлы Абай өзінің «Біраз сөзі қазақтың қайдан шыққаны туралы» жазбасында Наурыз тарихын көшпелі халықтардың «хибиғи», «хұзағи» деп атала- тын көне заманына ұштастырады. Парсының «нау» сөзі әртүрлі өзгерістерге ұшырағанымен, сол мағынада көп халықтың тілінде сақталып қалған. Ол орысша – нов (ай), немісше – нойе, латынша – нео. Осылайша «нау» сөзі индо – еуропалық халықтар дараланудан да бұрын пайдаланылған. Ал одан бер-гі мерзім ғана 5 мың жылдан асады. Қазақтың көне шежіресінде де Наурыз, Алаш деген сөздер бар.

 

                               Бұл мейрам басқа халықтарға да тән бе?
Көне мейрам Наурызды әлемнің көп халықтары тойлаған, қазір де тойлайды. Сондықтан да оны ха-лықаралық мейрам деп те атауға болады. Наурыз мей- рамын ежелгі гректер «патрих», бирмалықтар «су мейрамы», тәжіктер «гүл гар- дон», «бәйшешек», «гүлнаурыз», хорезмдіктер «наусарджи», татарлар «нардугаш», буряттар «сагаян сара», соғдылықтар «наусарсыз», армяндар «навасарди», чуваштар «норис ояхе» деп әрқилы атап, тойлаған. Ал енді, Рим республикасында біздің дәуірімізден бұрынғы VIII ғасырдың орта шенінен бастап қолданылған күнтізбеде Жаңа жыл наурыз айынан басталып, қа- зіргі күнтізбелерінде әлі күнге дейін сақталып отыр. Римдіктер жылдың бірінші айын соғысқа тиым салушы құдай Мартиустың атымен март деп атаған.
Көнедегі Русьте де хрис-тиан діні қабылданғанға дейін Жаңа жылды бірінші март күні қарсы алу дәстүрі болған. Бұл күні Русь халқы мынандай әдет – ғұрыптар жасаған: 1. Құт құдайының құрметіне деп шырақтар жағып, оны шие ағаштарына ілген.
2. «Түрлі аурулар мен пәле – жаладан сақтайды» деген ырым, сенім бойынша дастарқан басына жиналған әрбір шаруаның алдына үш бас сарымсақ пен столдың нақ ортасына бетін шөппен жапқан 12 тал пияз қойған.
Наурыз күні ертедегі грек патшасы алтын тағынан түсіп, өзіне ұнаған қызметшісіне бір күн өз орнын берген.
Байырғы Иран патшасы әділ уәзіріне өз шапанын сыйға тартқан.
Осы дәстүрлер жөнінде кейінгі кезде басылым беттерінде жазылып та жүр.
Наурызды кім қалай тойлаған?
Ұлы ғұламалар Әбу Райхан Бируни, Омар Һайям тәрізді әлем таныған тарихи тұлғалардың еңбектеріндегі Шығыс халықтарының Наурыз мейрамын қалай той-лағаны туралы деректерге назар аударсақ, парсы тілдес халықтардың Наурызды бірнеше күн тойлағанын білеміз.

 

Наурыз мейрамы туралы ұлылардың сөзінен:

Ұлылар Наурыз мейрамы туралы Абай:
«Ол күнде Наурыз бір жазғытұрым мейрамы болып, наурызнама қыламыз деп, тамаша қылады екен. Сол күнін «ұлыстың ұлы күні» дейді екен».
Мақтымқұлы:
… Жеткен кезде Наурызымыз жапан біткен жаңғырар, Тұман орап тау басын, аспан үрпі салбырар. Жансыздарға жан бітіп, әуен билеп маңды бір, Жер көгеріп, шөп қаулап, мерейін бір қандырар. Күнге тосып арқасын жан-жануар албырар, Аунап-қунап барлығы жерге түгін қалдырар. Ахмет Байтұрсынов:

«Наурыз – қазақша жыл басы. Біздің Жаңа жылымыз – Наурыз марттың ба- сындағы болсын, ортасын- да болсын, әйтеуір мартта келетін болса, шын мағы-намен Жаңа жыл деп ай-туға лайық». Міржақып Дулатов:
«Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлт мейрамы. Наурызды қазақтан басқа күншығыс жұрттарының көбі мейрам етеді. Бірақ бұлардың бәрін са-лыстырғанда Наурызды біздің қазақтың мейрамы етуі айрықша сыйымды, артық-ша дәлелді. Неге десеңіз, марттың ескіше 9-ында, жаңаша 22-сінде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп, жаз жетіп, шаруа кенеледі». Мағжан Жұмабаев: «Қазақ Жаңа жылы – жазғытұрғы күн мен түн-нің теңелген күні (22 март) болады. Жаңа жылдың ер- теңіне жарық, жылы күн қараңғы суық түннен ұзара бастайды. Бұл реттен қазақ Жаңа жылы ғылым қойнына да басып кіріп қалады. Қазақ Жаңа жылын «Наурыз» дейді. Наурыз әулиенің, әмбиенің аты болмаса керек. Сондықтан, қазақтың Наурызы – дін мейрамы емес, тұрмыс мейрамы, шаруашылық мейрамды тұрмыспен, ғылыммен байланыстырып қоғамға пайдалы игі іс жасайтын, ауыл, адамдармен… ұйымдастыратын мейрам ету керек.
Әр халықтың өзінше Жаңа жылы, жыл басы болады. Азияда Жаңа жыл-жазғытұрым, қазақ елінде – наурыздың жиырма екісі. Жаңа жыл күні қазақ күн райына қарай алдағы жазды рақатты, рақатсыз болады деп болжау жасайды. Қар тез кете ме, жаз жылдам бола ма деп болжам жасайды».

 

 

  

                                

Алтыбақан- ұлттық ойын болғанымен оның салт дәстүрлік маңызы одан гөрі жоғары тұр.Көпшілік ауылдың қыз-жігіттері аулақтау жерге алтыбақан құрып ойын-сауық жасайды.Бұл жастардың өнерін, ойын, көзқарасын,танымын қалыптастыруда зор тәрбиелік қызмет атқарады.Алтыбақанда жастар ән салып,түрлі ойын ұйымдастырып,түн ортасына дейін сауық құрады.

           

 

 

                                                      Наурыз көже

         Наурыз тойына ғана тән көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр уй жеті түрлі дәмнен:сүт, ет, су, тұз,тары, құрт, жеміс тағы сол сияқты тағам түрлерінен жасап,оған қазы, шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып,мерекемен құттықтауға келгендерге ұсынады.Наурыз көженің дәстүрлік, мерекелік ұлттық тағылымы өте зор.Ол барлық адамдарды жомарттыққа, ізгілікке, ұйымшылдыққа, татулыққа,бірлікке шақырады.

         Наурыз – тоқшылық күні. Қазан оттан түспейді.Әр үй наурыз көже істейді.Уыз қатырылады.Сорпа сапырылады.

                                                           Бесікке салу

         Бесік қасиетті киелі құтты мүлік,сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.”Ел іші алтын бесік” деген сөз бесіктің құдіретін көрсетеді. Жаңа туған баланы бесікке салу халқымыз үшін елеулі дәстүрдің бірі.Бесікке салу жолы үлкен немесе елдің тәрбиелі, өнегелі әжелеріне, әйелдерге тапсырылады.Ол бесікті отпен аластап”тыштырма” жасап алып,баланы бесікке бөлейді.Бесік үстіне жеті түрлі қадірлі, таза заттар қойылады. Бесікке салған адамға “бесікке салар”яғни кәделі сый беріледі.Осындай қуаныш үстінде “Бесік жыры” айтылады:

         Әлди-әлди ақ бөпем,

         Ақ бесікке жат бөпем!

         Жылама,бөпем, жылама,

         Жілік шағыпберейін,

         Байқұтанның құйрығын

         Жіпке тағып берейін.

         Бесіктің мынадай құрал-жабдықтары болады:жастық, мамық, жөргек,түбек, шүмек, қолбау,тартпабау т.б