Жол тәртібін білейік, есен – аман жүрейік!

Жол тәртібін білейік, есен – аман жүрейік!

Болатын күні: 21.11.2013ж

Сыныбы: 5 «Б»

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың көшеде жүру ережелерін меңгеру дағдысын қалыптастыру және оны іс-жүзінде пайдалана білуін жетілдіру. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу.

  1. Көше тәртібін әрдайым сақтауға, қиын жағдайларда дұрыс шешім таба білуге тәрбиелеу, құқықтық тәрбие беру.
    3. Оқушылардың ой — өрістерін, жан — жақты білімдерін дамыту.

Көрнекілігі:Үй макеті , бағдаршам , жол белгілері.
Әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, топпен жұмыс, ойын,  оқушылардың шығармашылығы — салған суреттері.

Түрі: сайыс сабақ
І. Ұйымдастыру.интерактивті тақта, суретті тест, “Жол белгілерін еске түсірейік” лото ойыны, кім шапшаң, блиц — турнир сұрақтары, үйренейік білейік оқушылар шығармашылығы (салған суреттері,“Кім тапқыр?” сөзжұмбағы , Викториналық сұрақтар, «Бағдаршамды сыйлаңдар» ребусы, «Бағдаршам» мультфильмі.

ІІ. Қызығушылығын ояту.
Сұрақ – жауап.
— Балалар көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек?
— Жиекжол деген не?
— Жаяуға қай жермен жүруге болмайды?
— Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?
— Бағдаршам туралы не білесіңдер?
Мұғалім:Жол белгілерін, міндеттеріңізді жақсы біледі екенсіңдер. Сендерге көп рахмет. Ал енді, балалар, олай болса топқа бөлінейік.

ІІІ Топқа бөлу.

Оқушылар бағдаршамның түстеріне сәйкес қызыл, сары, жасыл түстерді таңдап, топқа бөлінеді.
1 — топ – «Қызыл»
2 — топ –
«Сары»
3 — топ
-«Жасыл»

 


ІV. Сайыс кезеңдері.


1 – сайыс. “Кім шапшаң?”


Суретті тест тапсырмаларға жауап береді. Интерактивті тақтадан үш топқа үш суретті тест көрсетіледі. Топ оқушылары кезекпен жауап береді. Ойынның мақсаты: жол белгілерін еске түсіру, шатастырмауға үйрету.

2 – сайыс. Блиц — турнир сұрақтары

Интерактивті тақтада әр топқа кезекпен үш сұрақ шығып тұрады. Топ оқушылары үш сұраққа бірден жауап беруі керек.
Қызыл

1. Жаяу жүргіншілер қандай жерлермен жүреді?
2. Жол бойында балалардың ойнауына қатаң тыйым салынған себебі неліктен?
3. Жолды неге тек жол өткелдерінен қиып өтуге тиіспіз?
Сары
1. Жол өткелінен жүгіріп өтуге бола ма?
2. Жол жиегінде тұрған автобус, троллейбус, т. б. көлік түрлерінің қай
жағынан өтуге болады?
3. Бағдаршам жарықтарының қызметі қандай?

Жасыл
1. Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады?
2. Бағдаршам қойылған жол өткелі қауіпті ме, әлде бағдаршам қойылмаған жол өткелі қауіпті ме?
3. Жол бойында тоқтап тұрған көлік неліктен қауіпті?
    ІІ-сайыс. «Үйренейік, білейік».

Әр топқа түрлі-түсті қағаз, қайшы,желім таратылып береді. Олардың өздері білетін жол белгілерін жасауларын талап етеді, белгі 4-дана болу керек.

Мысалы: 

а) жаяулар өтетін жер, жаяулар өтуге болмайтын жер.

ә) Велосипедпен өтуге болмайтын жер,өтуге болатын жер.

б) Жолдар «Бір жақты қозғалысты жол» белгісі,жол жұмыстары белгісі.

в) «Тайғақжол» белгісіт.б.с.

 

 

Топ мүшелері   өздеріқиыпәзірлегенбелгілерінкөрсетіп, солтуралытүсінікбереді. Белгітүрлерітолықтырыпқайталанылады.

Интерактивті тақтада өлең шумақтары көрсетіліп тұрады.

А) Ескерту белгісі
Қып — қызыл үшбұрыш
Ескерту белгісі мен болам.
Қауіптен сақ бол деп
Сәт — сапар жолдаған.
Ә) Тыйым салу белгісі

Қызылмен боялған шеңберім аумақты,
Тыйымшыл белгімін, қаталмын, салмақты.
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге
Қауіп бар бағдарла, көз салып жан — жаққа.

Б) Нұсқау белгісі

Баратын жерінің бағыты тұрағым,
Үн — түнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрамын.
Күндіз де, түнде де от болып жанады,
Көк түске боялған төртбұрыш шырағым.
Мұғалім:Сендерге көп рахмет. Ал енді, балалар, олай болса , қазір жұмбақ шешіп, викториналық сұрақтарға жауап беріп көрелік.
ІІІ – сайыс . “Кім тапқыр?” Сөзжұмбақ сайысы.

1-жұмбақ: Арқаным бар тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім.
Ақылға салып ойланып,
Тапшы мұны пысығым. ( жол)

2-жұмбақ: Бір тұлпар, су ішпейді, жем жемейді,
Ескеріп ешбір адам емдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Шылбырын сымға байлап тез жөндейді. (трамвай)

3-жұмбақ: Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақта,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам)
4-жұмбақ: .  Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді күзеткен,

Ысқырығы күшті адам.(Автоинспекция қызметкері)

 

 

 
Викториналық сұрақтар.
1-сұрақ . Жолаушылар дегеніміз кімдер ?
Жауап: Кез-келген көлік түрін пайдаланатын адамдар.
2-сұрақ. Бағдаршамдегеніміз не ?
Жауап: Бағдаршамавтомат жүйесінеқосылғанүшкөздіаспап. Жолқоғалысынреттейді.
3-сұрақ. Велосипедпеннешежастанбастапжолменжүругеболады ?
Жауап: Жолбойына 14 жасқатолғанбалаларғағанарұқсат.
4-сұрақ. Жиекжолжоқжердеқалайжүрукерек ?
Жауап: Ауылдықжерлердежиекжолболмаумүмкін, ондайжағдайдажолдыңбіршетіменкележатқанкөліккеқарама-қарсыбағыттажүргенжөн
ІV.Ребус шешу.

Жолда жүруге байланысты «Бағдаршам» мультфильмін көріп тамашалау.
Әрдайым жол тәртібін есте сақтап, көшеде сақ жүрейік!
V.Қорытынды.

Ән.«Әрқашан күн сөбесін» аяқтау.
Көшеде тек жүрелік,
Өзінше бұл да бір ерлік.
Ата-ана қынжылмасын,
Түсіріп ұнжырғасын.