Мектеп мүлкі, өз мүлкің

Сынып 6 «Ә»

Тақырыбы:  Мектеп мүлкі, өз мүлкің

Мақсаты:Оқушылардың педагогикалық мамандық негіздерін игеруге  

                     шығармашылық қабылеттерін қалыптастыру. Танымдық іскерліктерін 

                     дамыту. Мұғалім мен оқушылар арасындағы әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: пікіралмасу сабағы.

Әдісі: СТО,ізденіс жұмыс.

Пәнаралық байланыс:Қазақ тілі,орыс тілі, ағылшын тілі,әдебиет

Көрнекіліктер:Интерактивті тақта,мақал-мәтелдер,нақыл сөздер, шарлар.

І. Ұйымдастыру кезені

Бүгін оқушылар ерекше ашық тәрбие сағат саяхат сабағымызға қош келдіңіздер.Ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Мектеп мүлкің,өз мүлкің».

Ы. Алтынсарин-ең алғаш мектеп ашып, бала оқытқан ағартушы ақын,жазушы.Ахмет Байтұрсынұлы-ақын, мемлкет қайраткері.Ол ұлттық әліпбиді тұңғыш рет жасап жаңа үлгі ұсынды.Ол «Оқу құралы»атты әліппелердің  бірін жазды.

Бейнеу ауданында жалпы 25  мектеп бар.Соңғы үлгіде салынған мектептер 2005 жылы Үстір орта мектебі, 2007 жылы Манашы орта мектебі, 2008 жылы Атамекен орта мектебі, 2010 жылы Күйкен орта мектебі,2013 жылы Сам орта мектептері салынды.

Мектеп өміріндегі мұғалім – басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Мұғалім белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырушысы, әрі ұстазы, ақылшы-кеңесшісі болып саналады. Оқушылардың ынтымағы жарасқан іскер ұжымын ұйымдастыруда олардың жоғары адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру қажет. Ол үшін, оларды ұстамдылыққа, кемшілікке төзбеушілікке, сенімділікке тәрбиелеу керек.
Оқушының жеке басын танып-білуде, оның оқу-әрекеті мен қоғамдық жұмыстарының атқаратын қызметі ерекше. Мектептің мүлкін, өз үйіміздің мүлкіндей таза,әрі ұқыпты ұстауымыз керек.Біздің мектебімізде 33 кабинет бар,2013 жылы қосымша ғимарат оқушыларға арнап бастауыш мектеп ашылды.Әр кабинет өзіне сай жабдықталған.Биыл мектебімізде кабинеттеріне қазіргі заманға лайық моноблок (компьютерлер) қондырылды.Енді өзіміздің кабинетімізге келетін болсақ оқушылар кабинет ішін таза ұстауын және кезекшілер парта мен орындықтарды сынбауын қадағалап, тақтаның таза болуын және бор мен трябка әкелу тисісті.Осындан шыға келе мектеп мүлкін өз мүлкіміздей қарайық балалар.24 ақпаннан бастап кабинет байқауы жүргізіліп жатыр.Қанекей балалар осы байқауға ат салысып, гүлдермен көмкеріп,жайнатып орын алуға тырсайық.

Мектеп әлеміне саяхатымызды бастайық: мектеп туралы не білеміз оқушылар?

 

 

 

 

Мектеп

 

Оқу
Мұғалім
Әдептілік ережесі
Өнер
Тәртәбие
Білім
Шеберлік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1- топ «Манашы»

2- топ «Сам»

1-топқа тапсырма:Мектеп туралы шығарма, яғни өз ойларын ауыша жеткізу.

2-топқа тапсырма:Мектеп туралы өлеңдер

Топтар дайындалғанша

Жүргізуші:Жыр өнерін жалғаған,

                   Талпындырсын жорғасын,

                   Өздеріңе арналған,

                   Әнін жырау толғасын.

Ән: «Мектебім» орындайтын Ермекбаева Айдана

Енді сөз топтарға беріледі.

1-топ

Мектеп біздің екінші үйіміз.Біз оны өз үйіміздей аялап, қорғап жүруміз керек.Мектеп еген балаға тәлім тәрбие өнер үлгі беретін орын мектепте көптеген ұстаздар бар.Әр бала мектепке келгенде ұстаздрдан  үлгі алуы тиіс.Манашы мектебінде де  көптеген ұстаздар бар.Олар  бізге және бастауыш сыныптарға да береді.Мектеп әр бала үшін сол жерден оқып білім алудан басталады.Мектепте әр түрлі пәннен беретін көптеген ұстаз бар.Солардың бірі математика, информатика және қазақ тілі мен әдебиет және т.б пәндерден береді.Мектептің  ішіндегі мүліктерді өз мүлкіміздей таза ұқыпты ұстауымыз керек.Қазақстан елі дамыған ел болғандықтан біздердің мектептеріміздің іші қазіргі заманға сай деп айтуға болады.Ал бұрынғы замандарда мектеп деген болмаған, болған жағдайда да мектепке тек өте бай адамдар баратын болған.Ал кейбір адамдардың балаларын оқытуға жағдайлары келмеген балалар әкесінің ізін қуып егін егетін болған.Ал қазіргі кез бұрынғы кезбен салыстыруға келмейді қазіргі кезде мектепте әр түрлі адамдар оқиды.Мектептерде  тегін оқу, тегін білім, жәнеде тегін кітап беріледі.Біз оларды жақсы пайдалана білуіміз қажет оқуымызды оқып білімімізді ойымызға сақтап, ал кітаптың бетіне бір дақ түсірмеуіміз керек ол егер оқуымызды оқымай, білімімізді миымызға сақтмай, кітапты қадірлемей бетін да түсірсек онда біз сауатсыз,надан адам болғанымыз болсын есептеледі сондықтанда оқулығымызды жәнеде мектебімізді қадірлейік.

1-топ

Білмегенді үйретеді саралап,
Асып түсер бір сабақтан бір сабақ.
Білген сайын жер дүниенің құпиясын,
Өсіп келеді айымыз да күн санап.
Адамдыққа,адалдыққа тәрбиелеп,
Әндер айттық,тақпақ жаттап,би билеп.
Әр сабақтан алдық біздер сан дерек.

Аяулы мектебім

Алтын ұя мектебім аялаған,

Бар балаға білім беріп сая болған.

Үлкен жолға түсіріп шәкірттерін,

Жаманға да жақсыға пана болған.

Еркелігін көтеріп әр баланың

Сусындатып білімнің тұнығынан.

Саған қарыз бар пенде ғаламдағы,

Нәр алып ұшып шыққан қойыныңнан

 

Алтын ұя тәрізді,

Әдемі, әсем мектебім.

Саяңда өскен мен шыбық,

Білім алып көктедім.

 

Толған екен бүгінде,

Мектебіме жеті  жыл.

Мектебін сүйген шәкіртке,

Елеулі кезең бұл да бір.

 

Жасайбер, жайнап,

Гүлденебер, мектеп-ана!

Көпқойменіңалғысым,

Сағанайтарқашанда

 

Мектебіме      

Сабағы басталады әнүранмен,

Білімге құштар етіп атқан таңмен.

Тілегің кең  әлемге салса ұран,

Көрінесің кезеңнің шыңдарынан..

Мектебім, сен білімнің кемесісің,

Сендеғойдарындыұлдарсеземісің?!

Қажетіңдедемберіп, желеп-жебеп

Армандардыжалғайтындемеумісің?

Тілейтінің жақсылық бар балаға

Еңбегінді білместер бағалар ма?

Ұстаздар көп күміс шаш, ақ самайлы

Бәрі білгір, кемеңгер, асқан ойлы.

Ұшырдың құшағыңнан талай қыран

Қайратты, жігерлі де, ұғымды ұлан.

Тілерім бұл жаһанда тек өзіңді

Сақтасын бір құдайым жат сұғынан.

 

Мұғалім:Оқушы сыныпқа кіре берген мұғалімді көріп, оған былай деді: «Сіздің қатты шаршағаныңыз көрініп тұр» Мұны мұғалім қалай қабылдау керек?

Жауабы

1 «Менің ойымша, сен жатқан мұндай ескерту жасау дұрыс емес деп ойлаймын»

2«Иә, мен өзімді нашар сезініп тұрмын»

3«Мен жайлыойлама, одан да өзіңеқара»

4«Меніңжұмысымкөп, бүгіннашарұйықтадым»

5«Ешнәрсеойлама, бұлбіздіңсабағымызғакедергіжасамайды»

6«Сен өтеықыластысың, қамқорлығынарақмет»

Жүргізуші:Қәзіргі білім беру саласы жаңаша дамып жатыр.Біздің елімізде оқымайтын, білім алмайтын бала жоқ.Жаңаша үлгіде қаншама  мектеп, оқу орындары бар.Оқу орындары туралы не білеміз?

 

                           Университет              гимназия                 лицей

 

                                       Білім мекемелері

 

                         Институт              Мектеп           Колледж

Жүгізуші:Ұстаз деген ұлысөз ұлағатты,

Ол болмаса, кім береді парасатты.

Асылын беріп шәкірт бойларына.

Ағартқан сол үшін де қара шашты.

Ән: «Ұстазым менің» Түгелбаева Айгерим,Ермекбаева Айдана, Бекмуратов Қайрат

Ой толғау:Мектептің мүліктерін таңдау арқылы жауаптарын табауымыз керек.

Жүгізуші:

1.Сендердің мектептегі міндеттерің қандай?

2.Мектебің қандай тілек айтар едің?

3.Жақсы оқу үшін не істеу керек?

4.Мектепте кімдер жұмыс істейді?

5.Білім мекемелерін ата.

6.Мектебіңнің қандай болғанын қалар едің?

Жүгізуші:Мектеп-кеме,білім-теңіз,

Барар жолға біз жетерміз,- деп, кім мақал –мәтел біледі?

1.Білім басы-бейнет, соңы-зейнет.

2.Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.

3.Оқу инемен құдық қазғандай.

4.Оқу түбі тоқу.

5.Білім-ер азығы,

Ер-ел азығы.

6.Білім ауысады,

Ырыс жұғысады.

7.Білімдіден ақын шығар.

Ақылды қарттан нақыл шығар.

8.Білім арзан,білу қымбат

9.Ғылым-теңіз,білім-қайық.

  1. Мектеп білім булагы білім өмір шырагы

Жүгізуші:Өнер куған жастармыз,

Қатар тізіп келеді

Әсем әннің толқуында

Бізге билеп береді.

Би: «Мектеп вальсі»

Бейне клип:Мұғалім мен оқушы

 

«Жұмбақбай атаның» ауылына келдік!

Енді бір сәт жұмбақ шешіп көрейік: жауабын үш тілде қамтимыз

  1. Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама. (кітап-книга-book).

 

2.Жазу жазып жалықпаған,

Жаза жаза арықтаған. (бормель-chalk)

 

3.Аппақ дала, қарадән,

Сепкендәнінтүсінугежараған (әріптер-буквы-letter).

 

4.Шәкіртке жаны ашыр,

Мейірбан кім жаны асыл? (ұстаз-учитель-teacher)

 

5.Оқысаң аласың,

Оқымасаң наласың,

Қатарыңнан қаласың ол не? (білім-знание-knowledge)

 

6.Білімнен мол сый-асы,

Балғындарын ұясы   (Мектеп-школа-school)

 

 

  1. Ілулі тұр кең алаң

Керегімді мен одан.

Жазып алам көшіріп

Сүртем сосын өшіріп  (Тақта-доска-blackboard)

Көрініс:Мектеп мүлкі

 

«Білім еліне» келдік

Жүргізуші.

–Бізге білім алу үшін ең қажетті не?

—   Оқу құралдары.

—  Олай болса, оқу құралдарымен танысайық!

1 оқушы: Дәптер


Ел құрметтеп, бағалар,

Досың бар ол-тазалық.

 Кел дәптерге балалар,

Тап-таза етіп жазалық.

 

2-оқушы: Қалам                     3-оқушы. Қүнделік

Құтты болсың қадамың,          Білімділік айнасы,

Құтты болсың қаламың.          Қолымдағы күнделік,

Жаңа келген мектепке,          Тиеді көп пайдасы.

Мен де өзіндей боламын        Жүреді де бірге еріп.

Биік білім шыңына,               Алып қалсам екілік,

Өзіңменбіргебарамын!         Ұялады мен үшін,

Бестікалсамжелпініп,

Қуанады мен үшін.

 

4-оқушы: Парта                      5-оқушы: Бор

Ойыпжазыпатыңды,              Меніңатымаққалам,

Мазамдыалмасызғылап.        Бормындеп те мақтанам.

Тыңдамайтынақылды.             Жақсыбілсеңсабақты,

Болматентекмұзқұлақ,         Кездесейіктақтадан.

Парта дегенмүлікқой,            Сабақтыегербілмесең,

Қадірін сен біліпқой!              Мен айтайынрасын,

                                                   Бор-бор болыпкүнде сен,

                                                    Төмен қарап тұрасың.

6-оқушы: Өшіргіш

Өшіргіш оқушы құралы,

Қатеңді түзетіп тұрады.

Дәптерді қолыңмен тырналап,

Былғама орынсыз жұлмалап,

Өшіргіш тазалық сақшысы,

Қатесіз жазған ғой жақсысы!

 

 

 

Жүргізуші:Сыйлар бәрін еліңіз,

                   Сізге жыр да, тілек те.

                   Әсем әнді тыңдаңыз,

                   Шырқайық шын жүректен


Ән: «Қазақстан» Байкулов Бауыржан

Жүргізуші:Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.

Ахмет Байтұрсынов атамыз айтқандай.

Ұстаз туралы кім қандай өлең жолдарын біледі?

Мұғалім

Мұғалімді анамдай жақсы көрем,

Қиналамынқымбаттеңеутабаалмай.

Өзбаласынтастапкетіпүйіне,

Ел баласыноқытады, ой, Алла – ай.

 

Мұғалімдіжақсыкөремсезімтал,

Үлгіетемінөнегелісөзін бал.

Мұғалімніңмұғалімінтанимын,

Көкіректекөретұғынкөзім бар.

Ұстаздарға рахмет!

Ұстаз сөзі ұғымды.

Екінші ата-анамдай

Сағынамыз үніңді.

Кейде ренжіп қалатын,

Кейде балаша шаттанып,

Көңлімізді табатын.

Сен «кәсіпкер» боласың,

Сен «ұстаз» боласың – деп

Бізді үнемі қолдаған

Болашаққа жолдаған

Ұстаздарға рахмет!

Жыр арнаймын бүгін де.

Ұстаз

Ұстаз деген-жарық күні  ғаламның,

Ұстаз деген-анасы ол адамның.

Бүкіл әлем мойындайды еңбегін.

Сен де одан адам болып жараладың.

Ұстазыңды түсінген сен тереңнен.

Бар әлемге еңбегімен еленген.

Сенің бағың өрге қарай өрлесе,

Ол да бірге қуанышқа кенелген.

Сол арқылы сен де өмірді жалғадың

Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.

Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,

Олөзіңнің орындалған арманың.

Ұстаз  сөзін айтып жүрдік ән қылып,

Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғым.

Ұстаз деген-ұлылардың ұлысы.

Қасиеті бас иелік мәңгілік!

 

Оқушылар бүгінгі тақырыптан не түсіндіңдер?Кім өз ойларын айтады.

         Қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың нақыл сөзімен аяқтағым келіп отыр.Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға /қазақ жанына үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады.

Қорытынды: Осымен ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Белсене қатысқандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар