Дайындамаларды егеу
Алматы облысы
Кербұлақ ауданы
Қарашоқы орта мектебі
технология пәнінің мұғалімі
Сапиев Моктархан Закирбаевич
Тақырыбы: Дайындамаларды егеу
Мақсаты :1. Оқушыларды егеудің түрлерімен таныстырып, дайындамалар-
ды егеуге үйрету.
- Егеумен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып, дамыту.
- Ұқыптылыққа, өз-өзіне қызмет етуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ –жауап, жеке жұмыс
Көрнекіліктер: суретті плакаттар, технологиялық карта, ескертпелер
Қажетті құралдар: дайын бұйымның үлгісі, егеулер, қыспақ, балға, шапқы
Сабақтың кезеңдері:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау ( сұрақ-жауап)
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау
Ү. Өз бетімен жұмыс
ҮІ. Қорытынды
ҮІІ. Үйге тапсырма
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушыларды түгендеу;
- Сабақтың мақсатын айту
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау ( сұрақ-жауап)
«Ой қозғау» сұрақтары
- Өткен сабақта қандай бұйым жасадық, ол не үшін қажет?
- Шапқының кескіш бөлігі қандай болады?
- Металды шапқымен ненің үстінде кеседі?
- Шапқыны қалай ұстайды? (тәжірибе түрінде көрсету)
- Балғаны қалай ұстайды? (тәжірибе түрінде көрсету)
- Балғамен, шапқымен жұмыс істегенде қандай қауіпсіздік ережелерін
сақтау қажет?
- Дайындаманың қалыңдығы 2мм қалың болса, соғу белгісін қалай салады?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Өткен сабақты жаңа сабақпен байланыстыру
Технолгиялық картамен жұмыс жасау
- Егеуге қажет сайманды егеу деп атайды. Оның қызметі металдың бетін
кесу арқылы түзету.
- Егеудің мынадай түрлері бар: (суретті плакаттарды пайдалана отырып
түсіндіру)
-шаршы, жалпақ, үш қырлы, жартылай дөңгелек, пышақ тәрізді
- Жұмыс барысында егеудің сабын оң қолымен ұстайды, бас бармақты
саптың үстіне тіреп қояды, сол қолды егеудің ұш жағынан 2-3 мм кері
тастап, үстін басып ұстайды.
- Жұмыс барысында екі қолдың күшін реттеп отыру керек:
егеудің ұш жағы металдың үстінде болғанда, күшті сол қолға көбірек салу
керек, ортасына келгенде күшті екі жағына бірдей салады. Артқы беті
металдың үстіне келгенде күшті оң қолға аударады.
- Бөлшектің бетін тегістеп жақсарту үшін, қиылыстырып егеу әдісін
қолданады.
- Қауіпсіздік шаралары: (Плакат арқылы түсіндіру)
ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау
1.1-2 оқушыға егеумен металдың бетін егету
- Металдың жаңқаларын үрлеп түсіруге болама?
- Егеудің қандай түрлері бар?
Ү. Өз бетімен жұмыс
- Оқушылар өз бетімен бұрыштықты егеп, белгілі мөлшерге келтіреді
- Оқушылардың жұмысын қадағалап, ағымдық нұсқау беру
ҮІ. Қорытынды
- Қателерін айтып, түзету.
- Бағалау
ҮІІ. Үйге тапсырма
4 тақырып, 12-13 бет оқу, әңгімелеу