«Бұйымның етегін өңдеу».

Манғыстау облысы,Ақтау қаласындағы «Мектепке дейінгі шағын орталығы және гимназия сыныптары бар №21 жалпы білім беру орта мектебі» мемлекеттік мекемесі

Технология пәні мұғалімі

Қайырбаева Гүлжан Жұматанқызы

Сабақ тақырыбы: «Бұйымның етегін өңдеу».

Мақсаты:

Білімділік:бұйым етегін өңдеу түрлерімен таныстыру,тігін машинасында жұмыс жасау,жаңалықты меңгертуге үйрету.

Дамытушылық: өзіндік жұмысты дамыту,мамандыққа бейімділікті дамыту,ой мүмкіндігі және тапсырма кезінде жол табу.

Тәрбиелілік: жұмыс мәдениетіне,ұқыптылыққа,төзімділікке тәрбиелеу,өзара көмектесуге, еңбекке деген жауапкершілікке үйрету.

Сабақ түрі: аралас.

Оқыту әдісі: түсіндірмелі-сарамандық.

Көрнекі құрал-жабдықтар:тігін машинасы,электр үтігі,линейка,бор,мата бөлшегі,интерактивті тақта.

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу,оқушыларды түгелдеу.

Өткен сабақты пысықтау.

  1. Әдіп дегеніміз не?
  2. Әдіппен өңдеу реттілігі?
  3. Бұйым мойындығы қалай өңделеді?

Ағымдағы нұсқау.

а) қауіпсіздік ережесін еске түсіру.

ә) Сарамандық жұмыс.

Жаңа сабақ.Бұйым етегін өңдеу.

Бұйымның төменгі бөлігін өңдеу торланған қиықты,қосарлы бүгілген тігісті,ирек тігіммен өңделген жабық қиықты,жабық қиықты болып бөлінеді.Өңдеу тәсілі матаның түріне байланысты.Бұйымды тігін машинасында немесе қолмен жымыруға болады.Мақта мата немесе жібек матадан тігілген көйлек,халат,блузканың етегін жабық қиықты бүгу тігісімен машинада өңдеген дұрыс.Қалың матада тігілген бұйымның етегін алдын ала қиықтарды торлап алып,ашық қиықты бүгу тігісімен өңдеу.Жұмыс аяғында бұйым етегі міндетті түрде ылғалды -жылумен өңделеді.

Сарамандық жұмыс.

1.Бұйым етегін  ашық қиықты бүгу тігісімен өңдеу жұмысын реттілігі бойынша орындау.  

Бұйымның  төменінен 2-6 см-ге дейін өлшеніп белгіленеді, сызық жүргізіледі.

 

Төменгі шетін машинамен зигзаг тігісімен, қолмен торлау тігісімен жиектеу. Үтіктейміз.

Төменгі және жоғары көктеу тігістерін жүргізу.

 

Қиық шетін ашық қалдырып, терістеме жағына қайырып бүгіп шығу.

 

Бұйымды теріс жағынан үтіктеу.

 

 

 

Жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақтап отыру керек.

Бекіту сұрақтары:

  • Мойындық пен қолтық ойындысын өңдеудің тәсілдерінің қандай түрін таңдадыңдар?
  • Бұйым етегін өңдеу тісілдері қандай?
  • Ашық және жабық қиықты бүгуді орындау реттілігі?

Қорытындылау. Бүгінгі сабақта бүгу тәсілдерін меңгердік және машинада тігулерді орындадық.

Жұмыс орынын жинау. Үйге тапсырма. Бағалау.