«Алжапқыш»
Трекин орта жалпы білім беретін қазақ мектебі
Тақырыбы:
Пән мұғалімі: Бисенова Айнұр Мұхитқызы
2011 – 2012 оқу жылы
Күні: 10.03.2012
Сабақтың тақырыбы: «Алжапқыш»
Сабақтың мақсаты: а/білімділік: жобалау іс-әрекетіндегі өз ісін бағалауға, жұмыстың сапалы орындалуы, дайындаудың технологиялық бірізділігін баяндауға, өз жобасын қорғай білуге үйрету.
ә/тәрбиелік: еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
б/дамытушылық:шығармашылық және ойлау қабілеттері дамыту.
Сабақтың түрі:дәстүрлі емес
Сабақтың әдісі: жоба қорғау
көрнекіліктер, құрал-жабдықтар: дайын бұйымдар, плакат, тігін құрадары. ТҚЕ.
Күтілетін нәтиже: жобалау іс-әрекетіндегі өз ісін бағалауға, ұжымшылдыққа,
шығармашылыққа үйренді.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру бөлімі
- Өткен сабақты қайталау
- Жаңа сабақ
- Қорытынды
- Бағалау
- Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен амандасу. Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру. Журнал толтыру.
- Өткен сабақты қайталау
Кубизм әдісі бойынша сұралады.
1 | Зерттеңіз (талдау жасаңыз) | Киімнің қандай түрлерін білесің, сипаттама беріңдер |
2 | Салыстырыңыз | Түрлі уақыт кезеңіне саяхат жасап, ақсүйек, шаруа, киімдерін салыстырыңдар |
3 | Суреттеңіз | Арнайы жұмыс киімдеріне сипаттама беріңдер |
- Жаңа сабақ
Менің жобам «Алжапқыш»
Жоба өз бетінше немесе топпен орындалатын жұмыс. Сіздер өз жобаларыңды аяқтап бүгін қорғағалы отырсыңдар
1-топқа берілетін тапсырма: Жоба тақырыбы туралы ақпарат.Идеялар, модель таңдау
(Алжапыштың бірнеше үлгісін көрсету, модель таңдау жұмысы, оған мата таңдау, ұрал-саймандарды дайындау.)
2-топқа берілетін тапсырма: Алжапқышты құрылымдау және пішу
(алжапқыш құрылымы, өлшем алу, сызбасын сызу, пішу)
3- топқа берілетін тапсырма: Алжапқышты орындаудың технологиялық бірізділігі.
(қалтаны өңдеу,төменгі және бүйір қиықтарын өңдеу жұмыстарын айту)
Бұйымның сапасы мен сыртқы көрінісі туралы өз ойларын, ұсыныстарын айту
- Қорытынды сұрақтар:
Топтарға қойылатын қосымша сұрақтар:
Жұмыс жасауға қаншалықты қиын болды, не көмектесті және не кедергі болды?
Алжапқыш тігу ісі ұнады ма?
Күрделі бұйым тіккің келе ме?
- Бағалау
Үйге тапсырма
Жұмыс орнын жинау
Киімді күту, жөндеу туралы материал жинау