Бисерден бұйымдар жасау технологиясы

Солтүстік Қазақстан облысы

Петропавл қаласы

Қазақ мектеп — гиназиясы
Технология пәнінің мұғалімі

Шарипова Эльмира Біржанқызы

 

Сабақтық тақырыбы: Бисерден бұйымдар жасау технологиясы
Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушыларға бисер туралы толық мағлұмат беру;
  2. Дамытушылық:оқушылардың жұмысты орындағандағы еріктілігін дамыту, алған білімдерін өз бетінше қолдана білуін қадағалау, эстетикалық талғамын қалыптастыру;
  3. Тәрбиелік:оқушыларды осы өнер түрімен қызықтыру, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, сұлулықты қабылдау сезімін ояту, эстетикалық талғамдылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өз бетінше жұмыс.
Сабақтық көрнекілігі: үлгілер, СЛАЙД
Пәнаралық байланыс: сызу,бейнелеу өнері, математика, тарих

Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылырмен сәлемдесемін;
  • Оқушыларды түгендеймін;
  • Оқушылардың құрал – жабдықтарын түгендеу;
  • Оқушылардың зейіндерін сабаққа аударту.

Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен тақырыпты қайталай отырып, оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қою.

Жаңа сабақ

Оқушылар бүгін біз бисерден бұйым жасауды үйренеміз. Бисердің шығу тарихына тоқталсақ бисер деген сөздің өзі ұсақ моншақтарға берілген жалпы түсінік. Ұсақ, домалақ  сопақша, әр түрлі – хрусталь, шыны, керамикалық материалдардан жасалған моншақтарды бисер деп атайды екенбіз. Стеклярустың бисерден айырмашылығы – оның ұзындығы 3 мм түтікше тәріздес болып келеді. Бисер тоқу өнері ертеде кеңінен тарап, танылып келе жатқан халық шығармашылығының жәнеәшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделі түрлі-түсті жұмыстар жасауға (тоқуға), алқа, тұмарша, шаш буғыш, сырға, білезік, белдік, сөмкелерді де әшекейлеп тоқуға болады, сонымен қатар ойыншақтар да тоқуға болады. Қолдан жасалатын бисер моншақтары Ресейде, шет елдерде өте жоғары бағаланады.

Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Ал. әйнектің қашан  пайда болғанынан әлі күнге дейін дерек жоқ. Дегенмен әйнекті пайдаланудың ең алғаш құпиясын Финикия елі ашқан деген аңыз бар. Бұл аңызда Финикиялық көпестер әлемді жүзіп жүріп Сирияға тоқталады.
Кейбір деректер бойынша әйнектің Отаны ежелгі Египет болған. Әйнектен жасалған моншақтар, амулет, ыдыс-аяқтар біздің заманымызға дейін УІ ғасырдың ескерткіштерінен табылған. Әйнекті массаға, кобальт, мыс, марганец қосу арқылы египеттіктер көгілдір, жасыл, алқызыл түсті әйнек алған, мұндай әшекейлерді еркектер де, әйелдер де ақ түсті киімдермен таққан деседі. Ең алғашқы «бисер» атауы дәл осы Египет елімен байланысты. Оның атауы арабтың «Бусра» немесе «Бусер» деген сөзінен шыққан, мағынасы «жалған маржан». Рим империясы Египет елін басып алғанда әйнек өндіру Рим еліне өтіп, империя құлағаннан кейін Византияға өтеді. Ал Константинопольді түрік жауынгерлері жаулап алған соң, әйнек өндіруші шеберлер жан-жаққа тарап әлемге бисер атауы мәлім бола бастады.

 Керекті құрал – жабдықтар:

  • Бисер түрлері;
  • Диаметрі 3 мм болатын сым;
  • Сызғыш, қайшы;
  • Қалың сым;Мулине жіп;
  • Гипс немесе алебастр;
  • ПВА желімі;Қоңыр, ақ, жасыл түсті гуашь;
  • Изолент.

Сарамандық жұмыс

  1. Қауіпсіздік ережесін үнемі есте сақтау керек;
  2. Жұмыс киімін кию;
  3. Құралдарды тексеру;
  4. Шұңғылдау бір ыдысқа керекті бисерлерді қосып араластырып аламыз;
  5. 60-70 см ұзындықтағы жұқа сымды аламыз;
  6. Сымның бір шетін түйіндеп, екінші шетінен бисер өткіземіз;
  7. Сымның бір шетінен бастап бисерлерді 7 түйірден бастап ораймыз, ара қашықтығы 1-1,5 см болу керек;
  8. Осындай бұтақтық 80-90 данасын жасауымыз керек;
  9. Дайын бұтақтардың 5 данасын бір-біріне біріктіріп жіппен орап, изолентпен ораймыз да талдың бір бұтағын дайындаймыз;
  10. Дайын болған бұтақтарды қалың сымға біріктіріп, изолентпен ораймыз
  11. Дайын ағашты арнайы ыдысқа саламыз, ол үшін бізге гипспен ПВА желімге кішкене су қосып араластырып ыдысқа құйамыз да, үстіне ағашты саламыз;
  12. Осы ағашымыз 2 тәулк бойы тұру керек;

Қорытынды сұрақтар:

  • Бисер дегеніміз не?
  • Бисермен стеклярустың айырмашылығын ата?
  • Бисерден қандай бұйымдар жасауға болады?
  • Әйнек қай ғасырда пайда болды?

 

Ой толғаныс кезеңі. Венн диаграммасын қолдану.

БисерОртақ қасиеттеріСтеклярус

 

Оқушы жұмысын бағалау.

  • Жасалған бұйымдарды қабылдап, оқушылардың еңбегін бағалау;
  • Жіберілген қателіктерді қайта түсіндіріп, оны іс жүзінде көрсету;
  • Жақсы жасалған жұмыстарды атап көрсету.

 

Үй тапсырмасы: жұмысты үйден аяқтап келу.