Қаңылтырмен көркем безендіру.

9-сынып Технология

 

Сабақтың тақырыбы: Қаңылтырмен көркем безендіру.

Сабақтың мақсаты:  Қаңылтыр бетіне әртүрлі ою-өрнектер салу әдістерін үйрету. Шекіме технологиясын меңгерту.

Білімділік: Металдардың түрлерін, қасиеттерін еске түсіру, жасалатын бұйымның эскизін сызып,  нұсқау карта бойынша жұмыс жасауға үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың еңбекке қызығушылығын арттырып, ой-қиялдарын дамыту.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, әсемдікке , төзімділікке, үнемділікке тәрбиелеу, кез-келген ісін аяқтауға үйрету.

Көрнекілігі: Қаңылтыр түрлері, сызғыш, қайшы, шекіме құралдары, ою-өрнек түрлері, т.б.

Пәнаралық байланыс: химия, тарих, физика.

Көрнекі құрал-жабдықтар:    әртүрлі диаметрлі қаңылтырлар, қайшы, балға.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

Кезекшіден оқушылардың сабаққа дайындығын сұрау.

Өткен сабақты сұрақ-жауап арқылы еске түсіру.

  1. Негізгі металл өңдеу жайлы не білесіңдер?
  2. Металл, қаңылтыр түрлері қандай?
  3. Қаңылтырмен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесін сақтау.

ІІ. Жаңа сабақ: сандық, жүкаяқ және басқа да жихаздардың бетін әрлеу.

Бірінші керек материалдарды таңдап алу.

Металл түрлері:

а) жез

ә) темір

б) алюминий

в) қалайы

Екінші

а) Қаңылтырды қию әдістері

ә)Қайшымен қию технологиясы

б) Әрлеу жұмыстары.

Үшінші: Өлшенген қаңылтыр бетіне өрнек салу жолдары:

а) қағаз бетіне өрнек суреттерін салу технологиясы

ә) Ойылып алынған ою түрлерін қаңылтыр бетіне бастыру жолдары

б) Шекімелеу технологиясын үйрету

Сарамандық жұмыс:

  1. Қаңылтырға өздері таңдаған ою-өрнектерін салу технологиясын дұрыс меңгеріп жұмыстану.
  2. Әр оқушының жанына жеке-жеке тоқтап іс жүзінде жұмыстың орындалу ретіне көмек көрсету
  3. Дайын бұйымдарды қабылдау

Қорытынды:

  1. Әр оқушының жасаған бұйымын қабылдап, баға беріп, жіберілген қателерін қайта түсіндіру.
  2. Қаңылтырмен салынған ою-өрнектің үйде өздеріне керек екенін түсіндіру.

Үйге тапсырма:

Қаңылтыр және металл түрлерінің қасиеттерін оқып келу.

 

Төлеуғалиев Бауыржан Сақыпкерейұлы

Бейнелеу өнері, сызу, технология пәні мұғалімі, Қараөзен мектеп-лицейі, Қараөзен ауылы,  Казталов ауданы, Батыс Қазақстан облысы