« Балық »

                                  Ас – адамның арқауы.

Айнагул  Халелқызы  Жүнісова

№ 10 орта мектептің  технология пәні  мұғалімі.

 Қостанай  қаласы.

Күні: 24 қыркүйек

Сынып : 7 «б»

Сабақтың тақырыбы :  «  Балық »

Мақсаты :

а) Білімділігі : тамақ түрлерін жасай білуді ,

оның жасалу жолдары  туралы  түсінік беру.

б)Дамытушылығы : тағам әзірлеуде өз шығармашылығымен  орындауға

аспаздық қабілеттерін дамыту.

в)Тәрбиелігі : қыз баланы үй шаруашылығына икемді  болуға ,

ас мәзірін дайындауда тиянақты ,

жинақы , таза істеуге тәрбиелеу

Көрнекілігі: интрактивтік тахта

Эпиграф:  Ас  әзірлей білу де — өнер.

Өмір нәрі- атакәсіп.

Сабақ түрі : топтық жарыс

Пәнаралық байланыс : музыка, әдибиет, химия, география,

бейнелеу, медицина.

                                Сабақтың барысы.

  1. Ұйымдастыру   кезеңі

а) Оқушылармен  амандасу

б) Оқушыларды  түгендеу

в) топқа бөлу:1-топ « Шортан  » , 2- топ «  Шәбақ »

1- тапсырма —  « Тапқырлық »( оқушы ой- өрісі )

Кел балалар , ойнайық,

Ойнайық та , ойлайық.

Қандай жұмбақ болса  да,

Шешпей оны қоймайық,- деп жұмбақ шешіп көрейік.

  1. Тақия мұрын бір құлағы бар,

Самаурын қасында тұрағы бар. (  Шәйнек )

2.Сен оның қадірін білші күнім ,

Соған деген болсын тек құлшылығын,

Бір үзім болмаса егер қарап қалып,

Өшер еді өмірден тіршілігің ( Нан )

3.Суда туады , суда өледі ( Тұз)

  1. Үйірсек , туысқан бауырмал,

Жесең көңілің жаңарар.

Томпақ , өзі сары алтын.

Пісірген оны аналар ( Баурсақ )

  1. Сылдыр сұйық су емес І

Ішсең сусын қанады.

Ақ болса да қар емес,

Шешуін кім табады ? ( Сүт )

6.Аузынан ішкені, мұрнынан шығады. ( Шәйнек )

2.- тапсырма – « Окушы ұшқырлығы »

Бәйге ойыны бойынша жеті құпия ( Жеті пәннен сұрақ )

  1. Биология .

Егер тамақта не нәрсе жетіспесе баланың дамуын күрт тежейді ?Ол ересе адамдардың денсаулығын едәуір бұзады , еңбекке қабілетін нашарлатады, ағзаның тұмауға, жұқпалы ауруларға қарсылығын кемітеді .

Ол не ?( Ақуыз)

  1. Медицина.

Авитаминоз қандай ауру ?

( Бұл ауру ұзақ уақыт толық құнды тамақтанбаудан , тамақ құрамында тиісті дәрумендер болмауының нәтижесінде болатын ауру )

  1. Әдебиет.

Үйірілген сары алтындай сары қымыз,

Ауруға ем , сауға куат дәрі қымыз

Елімнің социалистік сүйген асы

Шығаршы тағы нең бар дәрі қымыз,-деп жырлаған бір ғасырлық тарихы бар ақынымыз кім ? ( Жамбыл  Жабаев)

  1. Бейнелеу өнері.

«Дастарқан » натюрмортының авторы кім ?

(Айша Ғалымбаева)

  1. Музыка.

Дастарқанға байланысты қандай әндер білесіңдер ?

( « Қазақы дастарқаным ». « Дастарқан-ау, дастарқан » )

  1. Математика

Ертедегі ақылды кемпір өз үйін , малын қалай ұрылардан

аман алып қалған ? ( Сапырып- сапырып, сарманға бер , құйып-құйып  Құманға бер, төрдегі төртеуге бер , есіктегі екеуге бер» деп аман  алып қалған )

  1. География

Төрт түліктің қиелісі – түйе малының шыққан жері

( Орта Азия , Қазақстан )

3- тапсырма- Аспаз- маман

Балықтан қандай тағам түрлерін дайындай аласын?

( Оқушылар өздері дайындаған тамақ түрлерімен таныстырады )

4- тапсырма – Балыққа байланысты сурақтар ?

  1. Балықтың тағамдық құндылығына кіреді?
  2. Балықты алғашқы  өңдеу технологиясы ?
  3. Балықты өңдеу тәсілдеріне кіреді ?

4 Балықта   немен бай  ?

5- тапсырма . Тест

  1. Балық немен бай ?

а) фосформен  б) йодпен   в)дәруменмен

  1. Балықты алғашқы өңдеу ?

а)ерту,ішек-қарын алу, құйрығын алу,

б) ерту, қабыршығын тазарту ,  ішек-қарын алу ,

жүзу қанатың  алу, жуу , бөлшектеп кесу.

в) ішек- қарын алу , қабыршығын тазарту ,

жуу, бөлшектеп кесу .

  1. Сүық және  ыстық  тағамды дайындағанда ,

балықты салады ?

а) ыстық суға  б) сүық суға в) бәрі бір

  1. Балықты жылы өңдеу тәсілдеріне кіреді ?

а) қүыру , бұқтыру б) бөлу , пісіру  в) қүыру , пісіру

  1. Балықты қандай суда ертеді?

а) ыстық суда  б) суық сада  в) бәрі бір

  1. Балықтың тағамдың құндылығына кіреді ?

а)ақуыз , мац , мин заттар , дәрумендер А,В, Е,В2,В12, РР, фосфор

б) ақуыз ,йод , дәрумендер А,С,Д ,В, май

в) май, ақуыз , дәрумендер С, Д,В,В12, фосфор.

  1. Балық сорпасын неше минут пісіреді ?

а) 7-9 мин  б) 10-12 мин  в) 20-15 мин

6- тапсырма .Қорытынды.

Сандарды кішісінен үлкеніне қарай қойып,

астындағы әріптерден сөйлем құра.

Тәбетіңіз  ашылсын.

Не  үйрендік ?  Не  үйренгіміз келеді ?

Бағалау :

Үйге тапсырма : ас мәзірін үйрену қыз бала үшін қажет пе деген

сауал төңірегінде өз  пікірлерін жазу.