Ашытқылы қамыр, қамырды ашытқымен және ашытқысыз дайындау тәсілі, бауырсақ, бәліш, кулебяка.

8- сынып

Сабақтың тақырыбы:Ашытқылы қамыр, қамырды ашытқымен және

ашытқысыз дайындау тәсілі, бауырсақ, бәліш, кулебяка.

Өндіріс.

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Ашытылған, ашытқысыз  қамырды дайындаудың технологиясымен және одан жасалатын тағамдармен таныстыру, мағұлмат беру.

Оқушылардың өндіріс, өндіріс факторлары туралы түсініктерін кеңейту.

Тәрбиелік: Үй шаруашылығына икемді болуға,ас мәзірін дайындауда тиянақтылыққа,тазалық пен ұқыптылыққа, дастарқанды әзірлеуге, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушыларды тамақ әзірлеуде өз шығармашылығымен орындауға , аспаздық қабілеттерін дамыту.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрсету, үйрету.

Құрал жабдықтар:  тегеш, электр пеші, қалып.

 

Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру кезені:
  2. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
  3. Сабаққа дайындығын тексеру.
  4. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
  5. Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.

 

  1. Үйтапсырмасынтексеру.

— салқын көжелерді қай мезгілде дайындағанжөн?

—  неге салқынкөжедепатаймыз?

—  сорпаныдайындаудыңнешеәдісі бар?

— көжедәмініңсапасы  неденбайланысты?

— сорпанынеденқайнатады?

— наурыз көжені қалай дайындйды?

 

III. Жаңасабақ.

Қамыр ашытудың әдісі

Көмірқышқылды аммонийдің көмегі қажет. Өйткеніоларқамырдыжұмсартады. Таза ашытқыныңтүсіқоңырсарғыштартып, оңайбөлінеді, бірақүгітіліпшашылмайды. Ашытқыныңәсеріменқамырдағыорганикалыққосынды — көмірсуашибастайды. Нан-тоқаштың іші кеуек болу үшін ашытқының, сода мен сірке суының, соның нәтижесінде спирт пен көмірқышқыл газы пайда болады. Көмірқышқыл газы қамырдаауакөбігініңкөбеюінеәсеретеді де, оны жұмсартады.  Сөйтіпқамырдақуыс-кеуектүзіліп, көлемінұлғайтады. Пайдаланаралдындаашытқыныжылысуғанемесесүткеерітіпалғандұрыс.Сығымдалғанашытқынысалқынорындарда, құрғақашытқыныжабықыдыстардасақтайды. Қолданаралдындақұрғақашытқыныаздағанмөлшердежылысуменжәнеұнменараластырады.

Ашытқан немесе қышқыл бөлкелер, бәліш, самса, ватрушка, пончик, кулич, кеке әзірлеу үшін пайдаланылады. Қамырға қамырдәмдеуіш қоспалар (май, жұмыртқа, қант) неғұрлым көп қосылса, ашытқыны да сол шамада салу керек. 1 кг ұнға 30 грамнан 60 грамға дейін ашытқы салады. Ашытқы салқын немесе ыстық болса, онда қамыр дұрыс көтерілмейді, сондықтан ашытқыны тек жылы суға немесе жылы сүтке езу керек. Қамыр илейтін судың 30°C-ден аспауы тиіс. Қамыр илер алдында ұнды елеу керек. Иленгеннен кейін қамырға аздап ұн сеуіп, оның көтерілуі үшін жылы жерге қояды, қамыр салынған ыдыстың бетін қақпақпен емес, сүлгімен немесе орамалмен жабу керек. Қамыр көтеріле бастағанда (2—3 сағаттап кейін) аздап басып, жұмсартып, тағы да көтерілуге қояды. Ашу процесінде қамырды 2—3 рет басып жұмсартқан жақсы. Бұл оны артық көмір қышқылы газынан арылтады да, оның орнын оттегі тазы толтырады. Сонда ашытқы саңырауқұлақтарының дамуына көмектеседі де, қамырды өсіріп, пісіретін тағамдар мөлшерін едәуір молайтады. Қамырлы ашытқымен және ашытқысыз ашытуға болады. Қамырға дәмдеуіштерді көп қосқанда ашытқы салып ашытады. Ол үшін алдымен ашытқыны, яғни сұйық қамырды әзірлейді. Норма бойынша қамыр илейтін суға немесе сүтке қажетті мөлшерде ашытқы ерітеді де, ұнның және тиісті қанттың жартысы себіледі. Әзірленген ашытқы көтерілуі үшін 1 сағат жылы жерге қояды. Осы мерзімде ол 2 есе ұлғаюы тиіс. Ашытқы көтерілгенде оған дәмдеуіш, тұз, қалған ұнды қосып, қамыр илейді. Қамырлы қолға жабыспайтын және ыдыстан оңай алынатын етіп илеген жөн; ол әзір болғанда көпіршік пайда болады, қамыр сықырлап, ыдысқа жабыспайды. Иленген қамырды көтерілуі үшін 2—3 сағатқа қояды. Оның әбден бабына келгенін ашытқыдағы сияқты қамырдың басылуына қарап біледі.

Қамырды бірден дәмдеуішпеп илейді де, көтерілуге қояды. Көтерілгеннен кейін оны нығыздап басып, тағы қояды. Ашытқы да, қамыр да көп тұрып қалса, қамырда қышқыл дәм пайда болады, ол тағамның сапасын төмендетеді. Дәмдеуіштің мөлшеріне қарай қамыр 2—3 сағаттап кейін көтеріледі. Қамырлы әдеттегідей ашыту үшін 1 кг ұнға 1 шай қасық тұз, 1 ас қасық құмшекер, 3 ас қасық май, 2 жұмыртқа, 2 стакан сүт немесе су, 30 г ашытқы керек. Әзірленген тағамның бабына келуі үшін пісірер алдында 12-20 минут жылы жерге қойып, бетін орамалмен жабады. Бұдан кейін оған көпіршітілген жұмыртқа жағып, духовкада пісіреді (жұмыртқаның орнына сүт қосқан кофе, қант салған сүт немесе суға араластырылған ақ уыз пайдалануға болады: уызды тағамның түсі күңгірт болуы үшін пайдаланады). Егер тарамды қуырып пісірсе, онда жұмыртқа жақпайды. Ашытқан қамырды пісіру үшін духовканы алдын ала 200— 300°C температураға дейін қыздырып алып, содан кейін пісірілетін тағамды қояды, 10—15 минуттай кейін температураны 180°C-қа дейін төмендетеді де, тағамды әбден пісіреді. Тағамның піскенін қабыршығының түріне қарай анықтайды (қызыл-сары түсті болуы тиіс). Нан көтеріліп «қомпиғанда» оны ағаш таяқшамен түйрейді: егер қамыр таяқшаға жабыспаса, ол әбден піскені. Пісіп, дайын болған тарамды алдын ала таза қағаз жабылған тақтайға қойып, ол жайымен сууы үшін бетін сүлгімен жабады. Ыстық тағамды әйнек, фаянс, фарфор тәрелкелеріне салуға болмайды, өйткені тағамның астыңғы жағы салқын әйнекке тигенде ылғалданып кетеді.

Өндіріс — өзінің өміріне қажетті маиериалдық жағдайларды жасау мақсатымен адамныңтабиғатты белсенді жаңғырту үрдісі.

Кез келген өнімді өндіру үшін төрт элемент керек:

  • солөнімдідайындайтынтабиғизат
  • өнімдіжайындауүрдісіндепайдаланылатынеңбекқұралы
  • адамеңбегі, оныңмақсаттыбағытталғанқызметі
  • аталғанүшэлементтіөндіріскеқосатынұйымдастырушы

Экономикатіліндеөндірісфакторларыдепаталатынбұлтөрт элемент тиісінше — жер, капитал, еңбекжәнекәсіпкерлікұғымдарыменбелгіленеді.

  1. IV. Сарамандықжұмыс

Сарамандық жұмысқа кіріспес бұрын қауіпсіздік ережесін сұраймын.

Алма бәліш дайындау

Бізге қажет болады:

— 2 алма
— 3 жұмыртқа
— 1 үлкен лимон
— 250 гр ұн
— 180 гр сары май
— 100 гр қант пудрасы
— 1 ш.қ разрыхлитель

Жұмыс барысы:

Салманы дайындау

  1. Алмаларды тазалап, майда төртбұрыштар етіп тураймыз.
  2. Лимон қабығын майда үккіштен өткіземіз.
  3. Лимон шырынын алмалардың үстіне сығамыз.
  4. Сары маймен қант пудрасын араластырамыз. Жұмыртқаларды бір-бірден қосамыз.

 

Қамырын дайындау үшін

  1. Ұндыилеу.
  2. Ұнғаараластырылғанашытқыны, су, сүт, жұмыртқа, қант, тұз, майды

қосып, бостауетіпқамырилейміз.

  1. Дайынқамырдыкішкентайкүлшегебөліп, жұқалапжайып, ортасына

салма салыпбүгеді.

  1. Майланған ыдысқа төгіп, 180С алдын ала қыздырылған духовкада 40 минуттай пісіреміз. Піскен біліштің үстіне қант пудрасын сеуіп сәндейміз.

Бауырсақ пісіру.

Ашытқан қамырдан бауырсақ пісіру үшін жылы суға ашытқы, қант, ұн салып жылы жерге қою керек. Ашықты көпіршектеніп ашыған кезде тұз, май, жұмыртқа, ұн салып өте жұмсақ етіп иін қандыра илейді. Жұмсақ иленген бауырсақ жақсы қабарып, жұмсақ болып піседі. 4-5 стақан бидай ұны, бір ас қасық ашытқы, 2 ас қасық қант, 1 шай қасық тұз, 1 стақан сұйық май, 1 стақан сүт (немесе су), 2 жұмыртқа. Ашытқан қамырды есіп, жұқалап жаяды да, бір-келкі етіп кеседі, тақтайға немесе табаққа бір-бірлеп тізіп, 10-15 минут қойып, қабарғаннан кейін пісірсе, іші шикі болмайды. Бауырсақты қалыңдығы 2 см етіп жайып, қызып тұрған майға пісіреді.

  1. Бекіту сабағы:

Жұмбақ қою.

  1. Бір құдықтың екі түрлі суы бар,

Қайнатса екеуі де мұзға айналады.     (жұмыртқа)

 

  1. Жатып қарасам екеуі де аппақ,

Татып қарасам тәтті – ақ.                    (қант)

 

  1. Суықта мұз болып қатады,

Ыстықта балқып жатады.                    (май)

 

  1. Ақ тікенді бүктедім,

Көк есекті жүктедім.                            (астық)

  1. Ашытқылы қамырды дайындау технологиясын айтып бер.
  2. Ашытқысыз қамырды қалай дайындайды?
  3. Бәліш, кулебяканы қалай дайындайды?

VІ. Қорытынды

Сабаққа жақсы қатысып отырған оқушыларды бағалау. Баға қою.

VІІ.Үйге тапсырма

Картоп салынған бәліштің технологиялық картасын жасау.

 

Жұмысорнынжинастыру.