Көйлек сызбасын жасау үшін қажетті өлшемдер.Тор құрылымының сызбасын жасау.

Күні: 21.11.2012ж.

Уақыты: 1-кезек.

Сыныбы: 8  «В»

Кабинет: № 50

Мұғалімі: Искакова Ә.

Сабақтың тақырыбы: Көйлек сызбасын жасау үшін қажетті өлшемдер.Тор құрылымының сызбасын жасау.

Сабақтың мақсаты: а) Өлшем алу тәсілдерін және есептеу формуласы арқылы тор құрылымының сызбасын  жасауды  үйрету, оқушының теориялық білімдерін жетілдіру, техникалық  мәлімет беру;

ә) ойлау қабілетін дамыту,  пәнге қызығушылығын арттыру, шығармашылық жұмыстарды орындатуда дағды қалыптастыру;

б)  оқушыларды әсемдікке, іскерлікке,  ұқыптылыққа, эстетикалық талғаммен сәнді киінуге тәрбиелеу,

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, зерттеу жұмысы, сарамандық жұмыс,әңгімелесу

Сабақтың көрнекілігі: сызбалар,  см. таспа, манекен, интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: геометрия, сызу, математика.

 Сабақтың   барысы:             

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, оқушы назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Сән туралы түсінік.

Топтық жұмыс (оқушыларды шығармашылыққ а баулу)

а) «Сән», «Силуэт», «Стиль»дегеніміз не?

ә)  Зерттеу жұмысы. Білім ордасындағы  сәнгер ұстаздар туралы топ жұмыстары.

ІІІ.Үй тапсырмасын қорытындылау.

Қазақстандағы  сәнгерлер.

ІҮ. Жаңа сабақ.

  1. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау;

 

  1. Өлшем алуды таблица бойынша түсіндіру;
  2. Оқушылар жұмысы: манекенмен жұмыс жасау;
  3. Өлшем алу арқылы тор сызбасының құрылымын жасау жолдарын түсіндіру;
  4. Тор құрылымынң сызбасын есептеу формуласы арқылы жасауды үйрену;

Ү. Сабақты бекіту. «Кім жылдам»ойыны.

Өлшем алудың шартты белгілерін жазу.

ҮІ. Сабақты қорытындылау. «Адасқан сөздер» орнын табу.

ҮІІ.Үйге тапсырма беру. Өз өлшемдері бойынша тор сызбасын  жасау.

ҮІІІ. Оқушыларды бағалау.

 

 Сабақтың барысы.         

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеп, назарын сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау. Топпен жұмыс.

Жұмыс

түрлері

І-топІІ-топІІІ-топ
1.     Сұрақ  -жауап «Сән» сөзінің ұғымы.

Сән түрлері.

 

«Силуэт»

дегеніміз не?

Силуэт түрлері.

«Стиль»

дегеніміз не?

Стиль түрлері.

2.Оқушылар-

дың  зерттеу – шығармашылық  жұмыстары. (Мектептегі сәнгер ұстаздардан

сұхбат алу)

 

Көркемдеуші  сәнгер  ұстаз -Р.СугралиеваТігінші – сәнгер ұстаз —

Г. Альмаханова

 

Тоқымашы – сәнгер  ұстаз —

Б. Құнанбаева

 

 

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.

Қазақстандағы атақты сәнгерлер (Қ. Нұрқаділова, А. Кәуменова, Б. Исмаилов)

ІҮ. Жаңа сабақ.

  1. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

— Оқушылар, өздерің жаңа көргендей кереметтей сән үлгісіндегі киімдерді тігу үшін ең алдымен біз өлшем алу тәсілдерін білуіміз керек. Олай болса, бүгінгі біздің тақырыбымыз: Көйлек сызбасын жасау үшін қажетті өлшемдер. Сабақтың мақсаты: көйлек сызбасын жасау үшін өлшем алу тәсілдерін және оны есептеу формуласы арқылы тор құрылымының сызбасын  жасауды  үйрену.

  1. Өлшем алуды таблица бойынша түсіндіру.

— Көйлек иықты бұйымдарға жатады. Көйлек  Х  ғасырда Римде пайда болған.  «Көйлек» — латын сөзі, оны  аударғанда  «кию»      деген мағына береді. Оқушылар, өлшем алу кезінде сақталатын ережені кім айтады?          Біз бұл ережемен бұрыннан таныспыз. Оқушылар, енді осы ереже бойынша көйлек сызбасын жасау үшін өлшемдер алуды үйренеміз. Қазір алдарыңа өлшем алу кестесін таратамын. Көйлек сызбасының негізін құрайтын өлшемдер мыналар:

Көйлек сызбасын жасау үшін өлшемдер

Шартты белгілерӨлшем атыӨлшеу тәсілдері
1МойЖоМойынның жартылай орамыМойын тұғыры бойынша жетінші мойын омыртқасы және алдыңғы күретамыр ойдымы арқылы
2КЖо IКеуденің жартылай орамы(бірінші)Артқы жағынан- жауырын бойынша көлденеңінен қолтық ойдымы бұрыштары деңгейінде, алдыңғы жағынан- кеуде безінен жоғары
3КЖо IIКеуденің жартылай орамы (екінші)Артқы жақтан КЖо I сияқты, алдыңғы жақтан- кеуде бездерінің шығыңқы нүктелері арқылы
4БЖоБелдің жартылай орамыБел сызығындағы резеңке бойынша көлденеңінен
5МЖоМықын жарты орамыКөлденеңінен мықынның шығыңқы нүктелері деңгейінде алдыңғы жағынан (іштің шығыңқылығын ескеріп)
6КбжКеуде биіктігінің жартысыҚолтық ойдымы кеуде безінің үстімен алдыңғы бұрыштар аралығы
7КбКеуде биіктігіМойын тұғырынан иық ылдиының ортаңғы сызығынан кеуденің жоғарғы нүктесіне дейін
8АБұАлдыңғы бойдың ұзындығы, бел сызығына дейінМойын тұғырынан кеуденің жоғарғы нүктесі арқылы бел сызығына дейін
9АрБұАртқы бойдың ұзындығы, бел сызығына дейінАртқы бойдағы мойын тұғырынан бел сызығына дейін
10ИҚбИықтың қиғаш биіктігіИық сүйегінен артқы бойдағы белсызығының ортасына дейін
11АбЕжАртқы бой енінің жартысыҚолтық ойдымдарының артқы бұрыштары арасындағы жауырындар бойынша
12ИұИық ұзындығыМойын тұғырынан иық ортасымен иық сүйегіне дейін
13БұБұйым ұзындығыМойын тұғыры жанындағы жобаланған иық тігісінен бұйымның қажетті ұзындығына дейін

 

  • Осы кесте бойынша манекеннен өлшем алып үйренеміз. ( оқушылар манекенмен жұмыс істейді)
  • Оқушылар, адамға көйлек тігу үшін адамдар тұлғасының өлшемі керек екенін білдіңдер. Тұлғалар өлшемі үш топқа бөлінеді:

Тұлғалар өлшемі

 

Орамдары
Мойын, иық, білек, кеуде, бел, мықын
Ұзындықтары
Белге, қолға. Бұйым ұзындығы.
Ендері
Артқы бой кеуде

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Сендер өлшем алып болдыңыздар, енді киімді конструкциялаймыз. Жалпы киімді конструкциялау дегеніміз не?  Киімді конструкциялау процесі мына құрылымдардан тұрады:

 

 

 

 

Киімді конструкциялау процесі
Суреттер
Қосымшалар
Есептеу формулалары
Сызбалар

 

 

 

 

 

 

 

— Біз киімді конструкциялау процесі нелерден тұратынын білдік, сол сияқты бұның қосымшасы да бар. Қосымша дегеніміз – еркін қимыл –қоғалыс және ауа қабатын жасау үшін қосылатын керекті шама.         Қосымша екіге бөлінеді:

 

Қосымша
Сәндік конструкциялық
Техникалық
Еркін қозғалысты қамтамасыз ететін керекті шама
Сән бағытына бұйым пішіні мен көлеміне байланысты
Әскери киімдер
Арнайы халаттар, алжапқыштар
Сән-салтанат, спорттық, күнделікті киімдер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Сол сияқты еркін қозғалыс және ауа қабатын жасау үшін қосылатын керекті қосымша шамалар болады. Олар:

 

 

Қосымша шамалары

Өлшемнің шартты белгілеріӨлшем шамасы, смҚосымшаның шартты белгілеріҚосымша шамасы
МойЖо17,6Қме0,7
КЖо I41,0
КЖо II44,0Қк3-5
БЖо32,8Қб-4
МЖо48,0Қм3-4
Кбж15,7Қкбж0,2 х Қк
Кб26,00,5
АБұ42,0Қабұ1,05
АрБұ40,9Қарбұ1
ИҚб40,2
АбЕж17,0Қабеж0,3 х Қк
Иұ13,4
Бұ94,0

 

  • Көйлектің бөлшектерін орналастыру үшін бізге тор құрылымының сызбасы керек. Ол үшін алдымен көйлектің қандай бөлшектерден тұратынын білу керек.  Көйлектің негізгі бөлшектерін  кім атайды?
Негізгі бөлшектер

 

 

 

 

 

Алдыңғы бой
Жағалар
Жеңдер
Артқы бой

 

 

 

 

  • Тор құрылымына қандай бөлшектер орналасады екен?
  • Оқушылар, ірі бөлшектерге қай бөлшектер жатады?

Көйлектің ірі бөлшектері сызбасы: алдыңғы бой мен артқы бой сызбасы

Осы бөлшектерді біз тор құрылымына орналастыруымыз керек. Енді біз есептеу формуласы арқылы тор құрылымының сызбасын жасауды үйренеміз.  Ол үшін  есептеу формуласының кестесін қолданамыз.

Есептеу формуласын қолдану  арқылы тор құрылымының сызбасын жасаудың үлгісі

12345
БелгілеуҚиындылар мен нүктелер атыЕсептеу формуласыЦифрлық есеп, см
1ЖЖ нүктесінде тік бұрыш жасауТор жасау
2ЖЖ1Бұйым еніКЖоІІк44+5=49
3ЖЖ2Артқы бой еніАбЕж+Қабеж17,0+1,5=18,5
4Ж1 Ж3Алдыңғы бой еніКбж+(КЖоІІ-КЖоІ)+Кбж16+(44-42)+1,0=19
5Ж2 Ж3Ойық еніЖЖ2-(ЖЖ21 Ж3)49-(18,5+19)=11,5
6ЖКОйық тереңдігі0,5 АрБұ+ҚАрБұ0,5*40+1,5=21,5
7ЖББұйым ұзындығы бел сызығына дейінАрБұ+ҚАрБұ41+1=42
8БММықын сызығы0,5* АрБұ-20,5*41-2=18,5
9ЖЕБұйым ұзындығаБұ+ҚАрБұ94+0,5=94,5
10К, Б, М, Е нүктелерінен горизонталь сызықтарын Ж1 нүктесінен түсірілген түзу сызықтармен қиылысқанға диін жүргізу. Қиылысқан жерлеріне К1, Б1, М1, Е1 нүктелерін белгілеу. Ж2 және Ж3 нүктелерінен төмен қарай КК1 сызығына дейін тік сызықтар жүргізу, қиылысу нүктелерін К2 К3 әріптерімен белгілеу.

 

-Оқушылар, осы кесте арқылы біз тақтаға тор құрылымының сызбасын сызып көрейік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көйлектің тор құрылымы кестесі

Ү. Сабақты бекіту. «Кім жылдам» ойыны. (өлшем алудың 13  шартты белгілерін дәптерлеріне 2 минут уақытта жаздыру)

ҮІ. Сабақты қорытындылау.

«Адасқан сөздер» ойыны.

Орны алмасқан сөздердің орнын табу.

 

ЖЖ1алдыңғы бойыны
ЖЖ2ойық ені
Ж1 Ж3артқы бой ені
Ж2 Ж3бұйым ені
ЖКмықын сызығы
ЖБойық тереңдігі
БМбұым ұзындығы
ЖЕбел сызығына дейінгі ұзындық

 

ҮІІ. Үйге тапсырма беру.  1. Өз өлшемдері бойынша  1:4 масштабпен тор сызбасының құрылымын жасап келу.

ҮІІІ. Оқушыларды бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 К    
  Ө    
   Й   
   Л   
     Е 
   К

 

  1. Негізгі өлшемді ата?
  2. Қол тігісінің бір түрі
  3. Иықты бұйым?
  4. Адам мүсінінің пропорциясына жақын келетін…
  5. Уақытша киім егесі?
  6. Силуэттің бір түрі?