Мерекеңмен , аяулы анашым!

Құрметті әріптестер 8 наурыз мейрамымен құттықтай отырып, сіздерге 8 сыныпта жаңа ақпараттық технологияларды қолданып, концерттік түрде өткізген ашық өнеге сағатымды ұсынып отырмын

Тақырыбы: Мерекеңмен , аяулы анашым!

Мақсаты: Оқушылар бойына 8 наурыз мейрамымен құттықтап, аналарды

құрметтеу, қастерлеу сезімін дамыту. Оқушыларды мейірімділікке,

аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.Анасын сүю

арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Дүниедегі

жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен

тарайтынын ұғындыру жалпы барлық аналарға деген, қыздарға деген

сыйластыққа тәрбиелеу.Оқушылардың бойындағы өнері мен талабын

арттыра түсу.

Түрі: концерттік, сайыс түрінде

Әдісі: Мәнерлеп оқу, ойын

Іске асыру жолдары: ән айту, мәнерлеп оқу, бейнетаспа көрсету арқылы.

Күтілетін нәтиже: Аналарды құрметтеу, қастерлеу, еңбегін бағалау.

Көрнекілігі: Мереке өтетін орын балалардың өз қолдарымен жасаған жалаушалармен түрлі-түсті гүлдер, шарлармен безендіріледі.

Қабырғаларда ана туралы нақыл сөздер жазылған плакаттар (анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, қарызыңнан құтыла алмайсың!, «Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды», «Ана — өмірдің тірегі», «Ана — өмір бастауы»)

Компьютер, интерактивті тақта т.б.

Барысы:

Кіріспе сөз. Мұғалім.

Ән: «Жан анам»

 

Жүргізуші:  ендігі кезекте бейнетаспаны тамашалайық.

Оқушылардың аналарына деген ыстық лебізін, тілегін, фото суреттерімен /звукозапись программасы / дыбыс жазу бағдарламасы арқылы жазылған бейнені фильмді интерактивті тақтадан тамашалайды.

 

Жүргізуші: ендігі кезекті «Гүл теру» ойыны.

Ойынның шарты: 2 – ана, 1 ұл, 1қыз қатысады. 1ұл бала жердегі гүлдерді жинап жүріп анаға деген жылы лебіз сөздерін айтып, гүлдер теріп береді. (белгілі уақыт бойынша) 1қыз баланың анасы қызына еркелетіп жылы сөздерін айтып, жерлегі гүлдерді жинайды.

 

Жүргізуші: Қазақ биі.

Жүргізуші: Сыныпта әнші, биші, күйші мен көңілді тапқырлар клубы да бар. Ендігі кезекті соларды тамашалайық.

Көңілді тапқырлар клубының жігіттері:

Жүргізуші: мәнерлеп оқу.

Жүргізуші: күй: «Келіншек»

Жүргізуші: «Кім тапқыр»

Ойынның шарты: 4-ана, 4-ұл мен қыз бала қатысады.Аналар көздері байлаулы тұрады. Өздерінің ұл-қыздарын табу. (Иіспен, ұстау арқылы)

Жүргізуші: Ән: «Анаға хат»

Дыбыс жазу құралы арқылы  оқушылар, аналарына жылы лебіздерін, өлеңдерін, ақ тілектерін  интерактивті тақтадан тамашалау.

Жүргізуші:  Ән: «Анашым, Әкешім»

Қонақтар құттықтап сөз сөйлеу.

Аналар, ұстаздар, оқушылармен бірге естелікке фото суреттерге түсу.

БҚО.Жаңақала ауданы

№3 орта жалпы білім беретін қазақ мектебі

Имангазиева Жулдыз Калиоллақызы