Бала құқығы- асыл қазына

Сабақтың тақырыбы: Бала құқығы- асыл қазына

Мақсаты:

Адам құқықтарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындық қабілеттілігін  қалыптастыру;

Оқушыларға адам құқығы, бала құқығы, оқушының құқығы мен міндеті ұғымдарын меңгерту.

Көрнекілігі: слайд, заңдар сөздікшесі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

ІІ.Жаңа сабақ

Әнұран орындалады.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы, балалар, «Бала құқығы- асыл қазына»

Құқық дегеніміз не? Міне , балалар, өздерің байқап отырғандай құқық дегеніміз заң рұқсат ететінадам табиғатына, жаратылысына сай әрекеттер  жасау мүмкіндігі екен, яғни азаматтарға кең көлемді құқықтар мен бостандықтар берілген.Бүгін біз адам дүниеге келгеннен бастап, тұлға болып қалыптасқанға дейін қандай құқықтарға ие болатынын білеміз.Сондықтан да бүгінгі  сабағымыздың мақсаты осы болмақ.Қазір ,балалар, заң сөздікшесімен танысалық.

І. Біліп жүрейік:

Заң сөздікшесі

 

Құқық- мемлекет тарапынан, болмаса тиісті қаулы, заңмен әрбір адамға берілген ерік, бостандық
Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) —

жер бетіндегі халықтардың мүддесін қорғайтын халықаралық ұйым.

Конституция- бұл Қазақстан Республикасында тұратын барлық азаматтардың құқықтары мен міндеттері берілген құжат
Туу туралы куәлік- баланың қашан туылғандығын анықтайтын негізгі құжат. Бұл баланың ең бірінші құжаты.
Конвенция- арнайы бір мәселе жөніндегі мемлекеттердің өзара келісімі

-Жақсы , ендеше, қазір біздерге балалар  өз өлеңдерін оқып берсін..

1-оқушы                                                                                                          5-оқушы

Әділ заң еңбек жемісін                                                                                 Болса да басқа тіліміз

Бағалар ерлер жеңісін                                                                                  Өзгеше рас түріміз

Адамның еркін айқындап                                                                            Достасқан туыс жандармыз

Қызмет етер ел үшін.                                                                                   Туыстық, достық жырымыз

2-оқушы                                                                                                          6-оқушы

Бұл заңда жеңіс, даңқымыз                                                                         Білеміз еңбек парқын біз

Салтанат құрған салтымыз                                                                         Ерлерді сыйлау салтымыз

Сүйеніш қамқор, қорғаушы                                                                        Қадірлі асыл аналар

Сүйеді заңын халқымыз.                                                                             Құрметті әрбір қартымыз

3-оқушы                                                                                                           7-оқушы

Қазіргі кездің жасысың                                                                               Ел жауы сырттан торлайды

Ертеңгі өмір басысың                                                                                 Ер елін жаудан қорғайды

Елің үшін еңбек ет                                                                                      Әділет үшін күрессең

Отан ырысы тасысын                                                                                 Әділ заң сені қолдайды.

4-оқушы

Зерттей біл терең ғылымды

Зер салып үйрен білімді

Қадірле дейді ұлы заң

Қастерлеп ана тіліңді.

 

Балалар адамға қатысты барлық құқықтарға ие, бірақ ересектерге қарағанда өз құқықтарын қорғау мүмкіндіктері аз болғандықтан ерекше құқықтық қорғауды қажет етеді. Қазақстанда балалардың құқығын  қорғау туралы атаулы күндер берілген.

Атаулы күндер:

1-маусымБалаларды қорғаудың халықаралық күні
20-қарашаБалалардың дүниежүзілік күні
10-желтоқсанАдам құқығы күні
1959жылыӘлемде бала құқығының халықаралық күнін мерекелеу. Декларацияны жариялаудан басталды.
1979жылыБалалардың халықаралық жылы өтті
20-қараша 1989жБҰҰ-да Бала құқықтары туралы конвенция қабылданды
8-маусым 1995жылҚазақстан Бала құқықтары туралы конвенцияны бекітті.

 

А) Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы

2002 жылғы 8 тамыздағы № 345-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы

Б) Бала  құқықтары    туралы    конвенция

 

Мен ,қысқаша  Қазақстан Республикасының Конституциясында берілген бірнеше баппен сендерді таныстырып кетейін.

 

В)  Қазақстан Республикасының Конституциясында былай делінген:

1 бап

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық  және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

15 бап

  1. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.

27 бап

  1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.
  2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу — ата-ананың етене құқығы әрі міндеті.

Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті

 

Балалар,18 жасқа толмаған жеткіншек  бала деп саналады

 

1995 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Нью-Йоркте ЮНИСЕФ-тің атқарушы директоры Джеймс Грантпен бірге “Бала құқығы туралы Конвенцияға” әлемнің 156-шы елі болып қол қойды

 

-Балалар, қазір біздер берілген сөздерді дұрыс орнына қойып міндетімізді анықтауымыз керек.

 

Менің міндетім

  • Заңға …………………………………………..
  • Басқа адамдардың …………………….., бостандықтарын, жеке өмірін, ар-намысын …………………………………….
  • Мемлекеттік …………………… сыйлау
  • …………………. тәртіпті …………………

қоғамдық, сыйлау, бағыну, тәртіп, құқықтарын, рәміздерді, сақтау

Халық мақал-мәтелдер, тыйым сөздер арқылы баланы жастайынан ұрлық қылмауға, өтірік сөйлемеуге, «біреудің ала жібін аттамауға»тәрбиелеген. Ала жіпті қазақ тыйым белгісі ретінде қолданған, пір тұтқан.Ендеше келесі кезекте  «Ой жалғау». Ол үшін мақалдың басқы бөлігінің  жалғасын табу керек.

 

Заңның құрығы… анық бас
Ақырын жүріп…қорлық
Асыл тастан…жамандық болмайды
Ұрлық түбі…арлы бала
Жазасын тарпайтын…кешірген  жөн
Әдепті бала…арты игі
Өш алғаннан гөрі…бәрінен ұзын
Әділ істің…өнер жастан

 

 

Қорытынды:Сонымен  «құқық» дегеніміз не болды?

— Құқық- мемлекет тарапынан, болмаса тиісті қаулы, заңмен әрбір адамға берілген ерік, бостандық…