ӘЙЕЛ – ӘЛЕМ ТІРЕГІ

ӘЙЕЛ – ӘЛЕМ ТІРЕГІ

«Жәннат – аналардың аяғының астында!»

(Мұхамед пайғамбар)


 

«ХХІ-ғасыр лидері» интеллектуальды шоудың ізімен жүретін  «Әйел – әлем тірегі» атты танымдық ойынын өткізіп отырмыз. Ойын 6 турдан тұрады. «Тұлға», «Батыр», «Өнер», «Әртүрлі», «Кім айтқан», «Елбасшы».

Сабақтың мақсаты:

А)Білімділік: 8-наурыз халықаралық әйелдер мейрамы тарихымен таныстыра отырып,бүгінгі заман талабына сай , жан-жақты, дербес ойлауға талпынатын, өзіндік пікірі бар, оны дәлелдей алатын, еркін ойлы, танымы кең оқушы тәрбиелеу.

Ә) Дамытушылық: оқушыларды өз ойларын айта білуге дағдыландыру, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тақырыптың өзіндік ерекшелігіне тоқтала отырып, қоғамдық, тарихи көзқарасын қалыптастыру, дамыту.


Б)Тәрбиелік:  саяси тұлға оқушыларды адамгершілік ізгі қасиеттер  мен ар-ождан бостандығына , адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық мәдениетін мәдениетін көтеру, тақырыптың өзіндік ерекшелігіне сай тарихи баға беруге үйрету, парасатты тұлғаны тәрбиелеу.

Сабақтың көрнектілігі: сұрақтар мен цифрлар көрсетілген кесте.

Суреттер: Жанна Д Арк, Мать Тереза, Томирис, Маргарет Тэтчер, Индира Ганди, Сара Назарбаева, Мәншүк Мәметова,  Әлия Молдағұлова, Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова.

Сабақтың түрі: танымдық сайыс. Аукцион сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап.

Пән аралық байланыс: тарих, құқық, қоғамтану, саясаттану, әдебиет, өнертану.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Бүгінгі  ойын сабағымыз 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне арналады. Оқушылар 5-топқа бөлінеді . ойынға әр топтан 1 оқушы қатысады. Оларды бағалайтын казылар алқасы.

І тур- «Тұлға»

18-наурызды халықаралық әйелдер мейрамы ретінде атап өту жөніндегі ұсыныс жасаған кім?Клара Цеткин. 1910жыл. Копенгаген
21946 жылы кедей,ауру адамдарға көмек беретін қоғамдық ұйым ашты. Бұл кісіге 1979 жылы Нобель сыйлығы берілді.Мать Тереза
3Лесбос аралында тұрған көне грек ақыны. Оны «Ақындар ханшайымы» деп атайды.Сафо. (сопфа)
4Настродамустан кейін әлемді таңқалдырған , әйгілі балгарлық көріпкел әйел.Ванга
5Қ.Р «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының президенті , Ш.Айтматов атындағы алтын медаль иегері.Сара Назарбаева
61889 жылы Петербург Ғылым академиясына ең бірінші мүше корреспондент болған орыс әйел математигі.Софья Ковалевская
7Физик жән химик , екі мәрте Нобель сыйлығының иегері атанды.Мария Кюри

ІІ тур «Батыр»

1Францияның ұлттық батыр қызы.Жанна Д Арк
2Қазақтың батыр қыздары.М.Маметова. Ә.Молдағұлова.
3Әнші, КСРО халық әртісі. Қазақстанның халық қаһарманы.Р.Бағланова
4Әнші, КСРО халық әртісі. Социалистік Еңбек Ері.Б.Төлегенова.
5Әлемдегі ең бірінші әйел косманавтВ.Терешкова.
6Ұстаз. Қазақстанның Еңбек Ері.А.Т.Миразова.
7Көркем би өнерінің шебері. КСРО халық әртісі , екі мәрте Социолистік Еңбек Ері, Лениндік сыйлықтың лауреаты, КСРО мемлекеттің сыйлықтың төрт мәрте иегері, әйгілі балерина.Галина Уланова

 

ІІІ тур «Өнер»

1Ақан серінің әйгілі әні.Балқадиша.
2Леонардо да Винчидің әйгілі суреті.Монолиза (Джаконда).
3Құрманғазының шәкірті әрі ізбасары, Қазақтың көрнекті ұлы композиторы.Дина Нұрпейсова.
41950жылдардағы Американың жұлдызына айналған кино актрисса.Мерилин Монро.
524 жасында КСРО халық әртісі атағын алды. «Қазақтың бұлбұлы» аталған әнші.Күләш Байсейітова.
6ХІІ ғасырда Қарахан салдырған  Тараз қаласындағы ескерткіш-күмбез.Айша-Бибі кесенесі.
7Семей өңіріндегі Аягөз өзенінің сол жағалауында орналасқан биіктігі 12 метрлік ескерткіш-кесене.Қозы Көрпеш-Баян Сұлу.

ІV тур. «Әртүрлі»

1Сталинизм жылдарында әйелдерге арналған лагерАЛЖИР
2Большевиктердің көсемі В.И.Лениннің жұбайы.Надежа Крупская
3Абай Құнанбаевтың анасы.Ұлжан
4Ш.Айтматовтың бұл повесінде қырғыз халқының Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қажырлы еңбегін Толғанай бейнесі арқылы суреттейді.«АНА – ЖЕР АНА»
5Ресейдің 1942-1943ж.ж Сталинград шайқасында неміс әскерлеріне қарсы соғыстағы жеңіс құрметіне бетон мен құрыштан құйылды. Ресейдің Волгоград қаласында орнатылған ескерткіш.«Отан–АНА» ескерткіші.
6Грек аңызындағы Зевс пен Метистің қызы, даналықтың әйел құдайы.Афина
7Грек аңызындағы Зевс пен Дионаның қызы, сүйіспеншілік пен сұлулық құдайы.Афродита

 

 

V тур. «Елбасшы»

1Үндістанның әйел премьер-министріИндира Ганди
2Англияның әйел примьер-министріМаргарет Тэтчер
3Сақтардың әйел патшасыТомирис
4Грузияның әйел патшасыТамара
5Птоломей династиясынан шыққан Египеттің ең соңғы әйел патшасыКлеопатра
6Түркияның әйел примьер-министріТансу Чиллер
7Пакистанның әйел примьер-министріБеназир Бхутто

 

VІ тур. «Кім айтқан»

 

1

Фариза, Фарзажан, Фариза – қыз

Өмірда ақындардың бәрі жалғыз.

Шыдай-шыдай ақыры жалығармыз.

Бірімізден-біріміз арылармыз.

Біздерді де жоқтайтын жан болса егер,

Шаң басқан архивтерден табылармыз.

 

Мұқағали Мақатаев
 

 

2

Әйел-еркек намысының қорғаны

Нағыз сұлу әйел табу –

Бүкіл еркек  атаулының арманы.

Нағыз сұлу әйел үшін қажет кезде жан қию:

Бұл жігітттік кодекстің жазылмаған тармағы.

 

Мұхтар Шаханов
 

3

Әйел сенің бақытың да , күтушің,

Әйел барда, биіксің де, бүтінсің,

Әйел барда, жалынсың  сен, отсың сен

Әйел жоқта бықсыған сен түтінсің.

Тұманбай Молдағалиев
 

 

4

Әлемнің жарығын

Сыйладың сен маған.

Даланың әр гүлін

Жинадың сен маған.

Сен бердің құстардың

Қанатын самғаған

Балалық құштарлық

Өзіңе арнаған.

 

 

Ғафу Қайырбеков

 

 

5

Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды:

Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды.

Қуандым ба?

Өзің бар деп қуандым,

Жыладым ба?

Өзің жоқ деп жас тамды.

Қадыр Мырзалиев
 

6

Шет жүрсем — сағынарым,

Жабықсам — шағынарым

Анашым, бір өзіңсің

Табынарым

Анашым, шалқып күлсең

Алдымда ұзақ жүрсең

Жүрегім жыр толғайды

Көңілім ортаймайды

Анасы бар адамдар

Ешқашан қартаймайды

Ұшырған сұңқарыңмын

Қияға шырқарыңмың

Бәйгеге өзің қосқан

Тұлпарыңмын

Сөзі:

Қайрат Жұмағалиевтікі

Әні:

Марат

Омаровтікі

7 Әлі есімде, біледі жұрт, біледі,

Ел басына қатер төнген жыл еді.

Қимастарын қан майданға ұзатып,

Қарс айырылған аналардың жүрегі.

О, аналар, осындайсың бәрін де,

Осындайсың жасың-дағы, кәрің де.

Сиынатын болса өмірде құдірет,

Сиынар ем ана деген тәңірге

 

Сөзі:

Аманжол Шамкенов

Әні: Жақсыгелді Сейілов

 

Мақал-мәтелдер

Қыз-келiншектер, әйел-ана. 

Қыз өссе – елдiң көркi, гүл өссе – жердiң көркi.

Сұлу – сұлу емес, сүйген сұлу.

Адамдық – ақылда, сұлулық – жүректе.

Қызым саған айтам, келiнiм сен тыңда.

Келiнi жақсының – керегесi алтын.

Екi жақсы қосылса, ай мен күндей жарасар,

Екi жаман қосылса, ырылдасып таласар.

Қызға қырық үйден тыйым.

Қызды кiм сүймейдi, қымызды кiм iшпейдi?!

Анасын көрiп қызын ал, ыдысын көрiп асын iш.

Отырған қыз орнын табады.

Жақсы әйел жаман еркектi – ер қылады.

Жаман еркек жақсы әйелдi – жер қылады.

Екi әйел алғанның – дауы үйiнде,

Жаман әйел алғанның – жауы үйiнде

Жақсы әйел – ырыс, жаман әйел – ұрыс.

Абысын тату болса – ас көп, ағайын тату болса – ат көп.

Ата даңқымен қыз өтер, мата даңқымен бөз өтер.

Бас екеу болмай, мал екеу болмас.

Ауру – астан, дау – қарындастан.

 

Жеңімпаздарды марапаттау

1Ең сауатты оқушы
2Ең білімді оқушы
3Ең ақылды оқушы
4Ең дарынды оқушы
5Ең ізденімпаз оқушы
6Ең талапты оқушы
7Ең сабырлы оқушы

 

                              Рефлексия.

 

  1. Менің сабақтағы көңіл-күйім?
  2. Менің бүгінгі сабақтан үйренгенім?
  3. Маған бүгінгі сабақтан ұнағаны?
  4. Маған бүгінгі сабақтан ұнамағаны?