Бөлшектер әлемі

Сайыс  сабақ:               Бөлшектер әлемі

Біз санбыз

                                                                 Сызықпенен  бөлінген

                                                                 Математиканы ұқпас адамға

                                                                 Құбыжық болып көрінген

                                                                 Дұрыс,бұрыс,аралас

                                                                 Ондық болып керілген.

Сабақ түрі:                    Қайталау және пысықтау.Жарыс  сабақ.

Сабақ  мақсаты:         

Білімдік:                      Бөлшектер туралы теориялық білімдерді

пайдалана отырып,өтілген сабақтарды оқушы

санасына бекіту ,тиянақтау.

Дамытушылық:         Оқушыларды белсенді шығармашылық

жұмысқа,іскерлікке дайындау ,өз бетімен

еңбектену сезімдерін  және оқушылардың

білім дағдыларын,ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:                  Оқушылардың зейіндерін шоғырландыру,

ұқыптылыққа,дәлдікке,ұжымда бірлесе

отырып жұмыс істеуге тәрбиелеу.

 

Оқыту әдісі:                       Қайта жаңғырту.

Оқыту формасы:              Жеке және ұжымдық.

Пәнаралық байланыс:   Информатика.

Жабдықтау:                       Интерактивті  тақта,слайттық презентация.

Сабақ жоспары:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Топтарды  таныстыру.

3.Қасқағым сәт.

4.Ойлану,қайталау,пысықтау.

5.Сабақты қорытындылау.

6.Үйге тапсырма.

 

Сабақтың өту барысы кезеңдері:

I кезең:      Сыныпты отырғызу.

II кезең:    Топтарға бөлу.

III кезең:    Топтарды таныстыру.

а)  Бұрыс бөлшек

ә) Дұрыс бөлшек

б) Аралас сан

в) Ондық бөлшек

IV кезең:   Қасқағым сәт.

Топ:      Бұрыс бөлшек

1.Ең кіші жай сан.

2.Тең қабырғалы төртбұрыш.

  1. Бір жұмыртқа 5 минутта піседі,ал 5жұмыртқа қанша уақытта піседі?

4.Менде 15 тиын болды,орманда аю мені алдап,оның  2 /3-ін алып қойды,менде қанша тиын қалды?

5.Бір таңбалы санның жанына тура сондай таңба жазды,сан қанша есе артты?

6.1234;567;890 қайсысы үшке бөлінеді.

7.Азайтудың мәні.

8.Миллиард санының жазылуында неше нөл бар?

9.567/100 санының бүтін бөлігі.

10.Жеті ағайын,әр аптада бірін-бірі айналып жүреді.Соңы қоштасса-алдыңғысы шығады.

 

Топ:      Дұрыс бөлшек

1.Қолда 10 саусақ,10 қолда қанша саусақ?

2.Төлеу апай жұмысқа 1,5 сағатта жетеді,жұмыстан үйге асығып сол жолмен 90 минутта жетеді.Мұндай айырмашылықты қалай түсінуге болады?

3.Екі нүктемен шектелген түзудің бөлігі?

4.Ең үлкен екі таңбалы сан.

5.Қосылғыштардың мәні.

6.6,125 санын аралас санға айналдыр.

7.Қандай геометриялық фигура күнмен дос?

8.Бір ғасырда неше жыл бар?

  1. Дөңгелек бойымен екі апалы-сіңілі жүгіріп жүр;қысқасы-бір рет,ұзыны әр сағат сайын.

10.Апалы-сіңілі келеді

Бір-біріне ереді.

 

  Топ:        Аралас сан

1.Желді күні тауық бола ма?

2.Мемлекетіміздің атауында қайталанатын әріптер,әртүрлі әріптердің қандай бөлігін құрайды?

3.Миллион санының жазылуында неше нөл бар?

4.Үш ат 10 километр шауып өтті,әр ат неше километр шапты?

5.Ең үлкен натурал сан.

  1. 3.5/1000 санын ондық бөлшекке айналдыр.
  2. Ағайынды бес бала,

Үйінде жалаң жүреді.

  1. Әкей 3-ші тамыздан 10-шы тамызға дейін іс-сапарда болды.Әкей іс-сапарда қанша күн болды?

9.Бір сағатта неше минут бар?

10.Қандай екі санның қосындысы,олардың көбейтіндісіне тең?

  Топ:        Ондық бөлшек.

1.Шарбақ астынан аттардың 6 аяқтары көрінеді,аулада неше ат?

2.Ең кіші жай сан.

3.Баспалдақ   7 басқыштан тұрады.Дәл ортасында тұру үшін қай басқышты басу керек?

4.Бұрышты өлшейтін құрал.

5.Қояандар ағашты 10 рет аралады.Неше бөлік болады?

6.Төрт аяақты болғанмен жүре алмайды.

7.Егер  С  -дан бастасаң  санмын

С –ны алып тастасаң   жанмын.

  1. Егер Т -дан бастасаң санмын.

Т –ны алып тастасаң   жаумын.

  1. Бөлшек сызығы қандай амалды білдіреді?

10.Бір ғасырда неше жыл бар?

  V кезең: Ойлану,қайталау,пысықтау. / СЛАЙД/

  №1

  • 2    6    1    2    1       3        7       13      42

2     5    7    3   10   4    100     12    100      87

Сұрақ:  Мына бөлшектер туралы не айтуға болады?

Тапсырма:  Өзара ұқсас бөлшектерді топтап жаз.Түсіндір.

 

 

№2

Сұрақ:  Қандай  бөлшек  артық?

72      18    46    17    38     42

69       30   13     5     19     40

Сұрақ:  Дұрыс бөлшек деп қандай бөлшекті айтамыз?

Сұрақ:  Дұрыс бөлшек 1-ден артық болуы мүмкін бе?

 

№3

Сұрақ:  Артық  бөлшекті  ата .

3    1      31     13    56      111

4    2    100     18   43       205

Сұрақ:  Бұрыс бөлшек деп қандай бөлшекті айтамыз?

Сұрақ:  Бұрыс бөлшек  әрқашанда 1-ден артық болуы мүмкін бе?

№4.

Бөлшектерді  салыстыр.

және    2      5 және   6    7 және  9     8 және 3     3  және  3

4          4       6           6    7         7     12      12    14        6

Мына бөлшектердің   қайсысы  үлкен?

3         4  немесе         5

4          5                    6

№5

 

Тапсырма:

Кесте   толтыруда  қандай  заңдылық   бар?

 

10.1/2

 

13

 

9.1/2

101112
12.1/2911.1/2

 

 

   VI кезең: Флипчартпен  жұмыс

1.Діңгектердің астындағы жасырын санды тап. Олар қандай заңдылықпен  орналастырылған?

0,8         1,5         2,3

1,7         ?            2,2

2.Әртүрлі түсті шаршылар  берілген.Бір түсті шаршылар барлық шаршылардың қандай бөлігі? Жеке-жеке жазып шық.

3.Спортшылар таудан шаңғымен сырғанауда.Барлық  жол 15 км.Шаңғышы жолдың 1/5 бөлігін жүріп өтті.Ол қанша километр жүріп өтті?

4.Әртүрлі доптан 24 доп.Футбол добы барлық доптың     1/6           бөлігі,ал баскетбол добы барлық доптың   ½ бөлігі.Қанша футбол,қанша баскетбол добы бар?

5.Айнұр торт сатып алды.Ол тортты 10 бөлікке бөліп,оның 3 бөлігін жеді.Қанша бөлік қалды?Жай бөлшек түрінде жазып көрсет.

6.Столда әртүрлі 25 жеміс-жидек  бар.Апельсин 6, банан 10. Апельсин мен банан барлық жемістің  қандай бөлігі?

  1. A: 1/2:2 E:  3/4-8/15             Б: 7,3/5-2,4/15   Л:  4,7/11:17

М: 6+4,9/11   К:   20,1/2+12,2/5   І: 5/9-13/27         Т:  10,5/9*3/5

Ы: 4,3/5:23    Н:  8/21*3/8              Г: 29/54-4/9      Д:   15,9-4,75

Ж: 0,07+13,23        Р: 16:1,3/5

Білікті  бірді  жығар,

Білімді  мыңды жығар.

VII кезең:  Сабақты  қорытындылау.

VIII кезең: Үйге тапсырма № 1015  № 1016 № 1054 (Әбілқасымова А.Алматы « Мектеп »2009)