Зат есімдерді оқыту

Қазақ  тілі.                  

Мұғалім :  Исмагулова  Райхан  Аяпбергенқызы.

Тақырыбы:  Зат  есімдерді  оқыту.

Мақсаты:  Есте  сақтау  қабілетін  арттыра  отырып,  сөз  таптары  туралы  грамматикалық  ұғымдарын  кеңейту.  Сөйлем  ішіндегі  зат  есімді  дұрыс  танып ,  оларға  сұрақ  қоя  білуге үйрету. Негізгі  зат  есімнен  туынды  зат  есім  жасап  үйренудегі  практикалық  дағдыларын  қалыптастыру.  Сауатты  жазуға  төселдіру.

Көрнекілігі: Кестелер, сөздер жазылған  қағаздар ,  оқулық ,  суреттер,  карточкалар.

Сабақтың  барысы: Алғашқы  ұйымдастыру  жұмысы.

     сөйлем

 

 

 

 

Сөз                    сөз                        сөз

Оқушылардан  тақтадағы  сызбаға  қарап ,  не  ой  айта  алатынын  сұрау.- Сөйлем  сөздерден  құралады..Сөйлемдегі  сөздер  бөлек-бөлек  айтылып, бөлек-бөлек  жазылады.

 

 

 

 

 

 

 

/ оқушылар  жауабы/

-Сөйлем  бас  әріптен  басталып,  соңына  нүкте  қойылып жазылады./толық  жауап  айтқызуға  төселдіру/

  Айгүл                                       үрді

 

Қызыл

 

Шар                                               бір

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осы  сызбаға  қарап ,  бір  оқушы  сөйлемді  дұрыс  құрап,  тақтаға  жазады.

 Айгүл   бір  қызыл   шар  үрді.

Сөйлемдегі  әрбір  сөзге  сұрақ  қойғызу. Кім? Неше? Қандай? Не? Не істеді?

-Балалар ,  бұл  сұрақтарды  қандай  сөздерге  қоятын  едік?(оқушылар  жауабы)  оқушылар  жауабын  толықтырып  айтып  шығу.

қолында                                 шары

Айгүлдің

 

қызыл  бір                                бар

/Сызба  ілінеді/

 

 

 

 

 

 

Оқушылар  сөйлемді  дұрыс  құрып  ,  дәптерлеріне  жазады.

 

Айгүлдің  қолында  бір  қызыл  шары  бар.

 

Осы  екі  сөйлемді  салыстырып  не  айта  алар  едіңдер?

Қосымшалар  туралы  еске  түсіріледі.

қосымшалар

 

 

Жұрнақ                                                            жалғау

 

Дүкенші  Айгүлге  бір  қызыл  шар  берді.

Бұл  сөйлемдегі  сөздерді  алғашқы  екі  сөйлеммен  салыстыра  отырып,  жұрнақтың  ерекшелігін  танып  айтуы  тиіс. Қосымшалардың  анықтама  ережелерін  айтқызып,  еске  түсіру ,  мысалдар  келтіру,яғни,  сөзбен  сөзді  байланыстыратын  қосымшаны  жалғау  деп,  ал,  сөз  мағынасын  өзгертіп  тұратын  қосымшаларды  жұрнақ  дейтініміз  есімізде. Бүгін  міне  сол  жұрнақтың  зат  есімге  жалғанғандағы   зат есімнің  қалай  өзгеретінін  анықтайық.Зат  есімдердің  сұрақтары  Кім?  Кімдер?  Не?  Нелер? / Кесте  ілінеді/

 

жолаушы

отын

сусын

әнші

көзілдірік

дүкенші

Сергіту  сәті:Оң  қолымда  алма  бар

Сол  қолымда  алша  бар

Алма  да , алша  да

Өседі  бақшада.

Осы  сөздердің  екі  түспен  жазылу  себебін  айтып, қосымшасыз  түрде,  қосымшалы  түрде  сөз  мағынасына  түсініктеме   айтқызу.  От- жанады, отын- ағаш,  көмір- қи  т.б. су-ішуге  пайдаланатын  сұйық  зат, сусын —  шұбат ,қымыз,  айран,  шай т.б.

Осылайша  әрбір  сөзді  талдап  шығу. Жұрнақ  жалғанғандықтан  мағынасының  өзгергендігін  айту,  нақтылау.  Ережені  бекіту.

Негізгі  түбірге  жұрнақ  жалғану  арқылы  туынды  түбір  жасаймыз,  яғни, негізгі  зат  есімге  жұрнақ  жалғанса  туынды  зат  есім  болады.

Оқушылардың  туынды  зат  есімднің жасалуын  қаншалықты  меңгергендігін  анықтау  үшін  және  жетілдіру  үшін  ойын  ойнату.

Ойын : «Кім  шапшаң»

Оқушылар  үш  топқа  отырған  ретімен  бөлінеді.Олардың  барлығына  жетерлік  суреттер  таратылады.Қатар  бойынша  кезектесіп  шығып  тапсырманы  орындайды.

Берілген  тапсырма:

  1. Суреттің атын  жаз.
  2. Негізгі түбірді  жаз.
  3. Жұрнағын жаз.
  4. Туынды түбірін  жаз.
  5. Сұрағын жаз.

Бұл  ойында  сабаққа  қатыспай  қалған  оқушы  болмайды. Әр  оқушы  өзінің  жазғанын  тақтадан  қадағалап  өз  өзіне  баға  беріп  отырады. Ойын  соңында  өздері  талдау  жасап , салыстырулар  айтады.

Әрі  қарай  оқулықтағы жаттығу  жазбаша  орындалады.Талдау  жасалады, нақтыланады.Бүгінгі  айтылғандарды  қорытып  қандай  ереже  құрастыруға  болады?/Ережені бар  мүмкіндігінше  айтады ,  мұғалім  толықтырады.Толық  есте  қалдыру  мақсатында  сұрақ-жауап  диктанты  жазылады.

 

Сұрақ:

  1. Түбір сөз  қандай  түрге  бөлінеді?
  2. Туынды зат  есім  қалай  жасалады?

Үйге  тапсырма  беріліп  ,  оқушылар  айтқан  жауаптарына  сай  бағаланады.Сабақ  аяқталады.