Рационал сандарды көбейту
Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды көбейту
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Рационал сандарды көбейту ережелерін түсіндіру,
оны есептер шығаруда дұрыс қолдана алуға үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту,өзбетінше жұмыс жасай білуге
дағдыландыру.
Тәрбиелік:Оқушыларды өз бетімен еңбектенуге, есептер шығару барысында дәлдікке ,ұқыптылыққа,шапшаңдыққа,ойын дәйекті баяндай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа ұғымды игеру сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап,топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта ,презентация, кеспе қағаздар, электронды оқулық, формулалар
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеп,сабаққа даярлығын қадағалау.Оқушыларды 3 топқа бөлу.
- «Миға шабуыл»-өтілген тақырыптарды пысықтау.
1-топ. 1. Натурал сандар дегеніміз не?
2. Қарама-қарсы сандарды қосу? 3. -100 бен -12 қайсысы үлкен? Неліктен?
2- топ 1. Бүтін сан дегеніміз не? 2. Таңбалары бірдей рационал сандардың қосу. 3. Координаталық түзу дегеніміз не?
3- топ 1. Рационал сан дегеніміз не? 2.Таңбалары әртүрлі рационал сандардың қосу. 3. Координаталық түзуде А(-3) және В(8) нүктелерінің арақашықтығы неге тең?
- Жаңа сабақты түсіндіру.
1 . Б і л у «Сәйкестендіру тест «
- —0,73+5,27 -5,52.
- 1-10 -2,5
- 100+(-0,25) -15,6.
- -3,42-2,1
- 0 — 2,5 99,75.
- 4 –(- 0,78) 4,78.
- -3,32+(-4) -7,32.
- -6,3+6,3 -9
- -5,6 -10 4,54 .
- Түсіну
- Түсіну. «Мағынаны тану.
1 мин 3м тереңдікке сүңгейді.2 мин,5 мин –та қанша тереңдікке сүңгейді?
Шешуі: 1мин. -3м, 2мин -6м , 5мин. -15 м барады.
Рационал сандарды көбейтуде көбейткіштердің құрамында теріс сандар болатындықтан, алдымен көбейтіндінің таңбасы анықталады.
1. Егер көбейткіштердің таңбалары әртүрлі болса:
-4 · 3 =(-4)+(-4)+(-4)=-12
-0,35· 3=(-0,35)+(-0,35)+(-0,35)=-1,05
Таңбалары әртүрлі екі рационал санды көбейту үшін:
- көбейткіштердің модулін көбейту керек;
2)шыққан санның алдына «-» таңбасын қою керек.
(-8)· 6=-(8· 6)=-48
Таңбалар ережесі: (-) · (+)=(-) (+) · (-)=(-)
Формуламен берілуі: (-а) · в=-ав а· (-в) =-ав
- Егер көбейткіштердің таңбалары бірдей болса:
4· 15=60, 12· 10=120 -0,4· (-0,1)=0,04
-7 · (-5)=35 -0,2· (-1,5)=0,3 -2· (-15)=30
Екі теріс санды көбейту үшін көбейткіштердің модульдерін көбейту керек.
-8· (-10)=8· 10=80
Таңбалар ережесі: (+)· (+) =(+) (-)· (-) =(+)
Формуламен берілуі: (-а)· (-в)= ав
Көбейткіштердің саны екіден көп болған жағдайды теріс көбейткіштер саны жұп болса,көбейтінді оң сан болады.
Мысалы: (-8) · (-3)· (-2)· (-0,5)=24
Көбейткіштердің саны екіден көп болған жағдайды теріс көбейткіштер саны тақ болса,көбейтінді теріс сан болады.
Мысалы: (-3)· (-2)·(-7)=-42
Егер көбейткіштердің біреуі нөлге тең болса ,онда көбейтінді де нөлге
тең болады.
Мысалы: (-8,9)· 0=0 0· (-45)=0
Кез келген санды 1-ге көбейткенде, көбейтінді сол санның өзіне тең болады, ал санды -1 -ге көбейткенде ,көбейтінді сол санға қарама –қарсы санға тең болады.
Мысалы: -8 · 1=8 -5,6· 1=-5,6 23 · (- 1)=-23 45,9 · (- 1)=-45,9
Формулар: а· 0=0 -а· 0=0 а· 1=а а·(-1) =-а
-а· 1=-а -а·(-1) =а
- Қолдану . «Білімің-ұшар қанатың» —оқулықпен жұмыс
1 .№ 520 ауызша 2.№521 дәптермен жұмыс . 3. №523 ауызша
4.Талдау «Ойлан,бөліс,талқыла!» — шығармашылық сипаттағы тапсырмалар
1- топ. а) х|х|=-4 б) 3 |х|= |х| 2
2-топ . а) -х|х|=-25 б) (х-1)· |х| =5(х-1)
3-топ а) -х|х|=-36 б)(х+1)· |х| =7 |х|
5.Жинақтау . «Кім жылдам?»
№544 1. 7 · ( )=-21
- -15 · ( )=60
- -5 · ( )=-30
- ( )· (-4) =36
- ( )· (-9) =-63
- -25 · ( )=-100
- -23 · ( )=23
- -12 · ( )=0 9. -1· ( )=-56
Үй тапсырмасы 1. Рационал сандар тақырыбын оқу. №522,528
Бағалау . Рефлексия