Таңертеңгі жаттығулар
Тақырыбы: Таңертеңгі жаттығулар
Мақсаты: 1. Таңертеңгі жаттығулардың маңыздылығын білу.Таңғы жаттығуға уақыт арнаса, уақыт үнемдейтінін ұғыну.
- Таңертеңгі жаттығуларды жасауға дағдылану.
 - Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
 
Көрнекілік: интерактивті тақта, суреттер, «Қара жорға» биінің музыкасы, ақ қағаздар, түсті қарындаштар, фотолар, спорттық аяқ киім.
Сабақ барысы
І. Қызығушылығын ояту
Сабақты таңертеңгі жаттығумен бастау
- Таңғы жаттығуға уақыт бөлсең, бір күн бойы шаршамай, өзіңе күш жинайсың. Сондықтан көбірек еңбектенуге мүмкіндік аласың.
 
ІІ. Мағынаны ашу
- Жұппен жұмыс ( дайындыққа 1 минут уақыт беру)
 
Әр жұпқа түрлі жануарлардың суреттерін тарату. Тапсырма: Берілген жануардың қимылын қайталап көрсету. Екі оқушы қимылды бірдей жасауға тырысу.
Қорытынды: адамдар әрдайым қоршаған ортадан үйренеді
- Минутқа киіну. Тапсырма: Оқушылар аяқ киімдерін ауыстырып киеді. Тез және дұрыс кию. Ауыстырған аяқ киімін жинап қою. (музыка үнімен үнсіз орындайды, музыка әуені біткенде тоқтатады)
 
Қорытынды: тез және ұқыпты киінуге жаттығу
- Мамандықтардың атауларын не суреттерін тарату. Тапсырма: дененің қай бөлігі шаршайтынын анықтау және дәлелдеу
 - «Мен айналысатын спорт жайында.» Оқушылар өздері айналысып жүрген спорт түрі жайлы әңгімелеп береді. Фото не сурет көрсетеді.
 - «Қара жорға» биінің қимылдарын үйрену. Музыка әуенімен билеу.
 
ІІІ. Ой толғау
Сурет салу және көрме ұйымдастыру. «Мен және спорт»
- Балалар, бүгін не туралы әңгімелестік?
 - Таңғы жаттығу не үшін қажет?
 - Жаттығуға уақыт жете ме?
 - Қазақтардың қай биі дене жаттығуына арналған?
 - Көрмедегі суреттер жайында үзілісте бір-біріңе айтып беріңдер.