Алмас қылышты ардагер (Ел аузынан) 3-сынып

Алмас қылышты ардагер (Ел аузынан)  3-сынып

Сабақтың білімділік  мақсаты:

1. Батыр баба ерлігі жайлы түсінік беру.

  1. Қазақ жерін жаудан қорғауда Бөгенбай батыр қолбасшылығымен, ерлік істерімен таныстыру.

Сабақтың дамытушылық

                    мақсаты:                 Оқушылардың тіл байлығын арттыру,

байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру.

 

Сабақтың тәрбиелік                 Отанды қорғауға, батылдыққа

мақсаты:                тәрбиелеу,патриоттық тәрбие

Сабақтың әдісі:                         Талдау- жинақтау, көрнекілік,

                                                      сұрақ-жауап, баяндау, топпен жұмыс.

Сабақтың түрі:                          Жаңа білім беру, аралас сабақ.

Пәнаралық байланыс:             Қазақ тілі , музыка.

Көрнекілігі:                                Интерактивті тақта, сызба, тірек-сызбалар,

Бөгенбай батыр  суреттері  (плакат)

үлестірмелі қима қағаз.

 

Сабақтың барысы:                   І. Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

 

  1 Қ. Жұмаділов  «Дарабоз»

Мәтіннің мазмұнын айту.

  2.Тапсырма : І топ: Мақал- мәтел

                         ІІ топ: Сөйлем  құрастыру

  1. Үй тапсырмасын бекіту

 

III.Жаңа сабақты түсіндіру

  1.  Ойын “Жоғалған сөз”
  2. Отан үшін … — елге тиген үлес. /күрес/
  3. Көп біріксе … болар, көп тілегі … болар. /ел,көл/
  4. Ер қаруы … қару . /Бес/

Бес қаруды ата:

 

 

  1. Қару- жарақ түрлері.
  2. Қылыш 2. Найза 3. Садақ 4. Шоқпар 5. Қалқан.

 

  1. Мұғалімнің түсіндірмесі. /картамен жұмыс/

1). Ақтабан шұбырынды , Алқакөл сұлама 1723-1727 ж

 

 

2). Аңырақай шайқасы

Бұл шайқас 1730 жылы көктемде Балқаш көлінің оңтүстік батыс

жағындағы Итішпес Алакөл деген жерде болды.Аңырақай шайқасында

қазақтар жоңғарлардың естерінен тандыра күшті соққы берді.Шайқас

даласында жоңғарлардың есеңгіреген,жеңіліске ұшырап,аңырап қалған

жері Аңырақай деп аталып кеткен көрінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3). «Қалмаққырылған» шайқасы. Бұланты.

Жоңғар хандығына қарсы ұзаққа созылған күресте 1728 жылыҰлытау-

дағы Бұланты өзенінің бойында,Қарасиыр деген жерде қазақ жасақтары

тұңғыш рет ірі жеңіске жетті.

 

 

4).«Қазақ батырлығының алтын ғасыры»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5).   Бұқар жыраудың Бөгенбай батырды жырға қосуы.

/Сыныптағы өнерлі оқушы Меңдіқұлов Бекарыс  Бұқар жыраудың

образын сомдап,Бөгенбай батырды жырға қосады./

 

  1. Оқушылардың мәтінді оқуы.

 

  1. Сөздік жұмыс.

                    “Сыр сандық”

 Мәміле – келісім;

 Тоқырау – қиын жағдайға тап болу;

 Уәж – сөз, пікір;

 Ірігенді ширату – ес таппай шұбырған елге ақыл беру;

 Буырқану – батылдану

 

5.Ойын «Мағынаны тану»

Оқушыларға  «Халық қорғаны» мәтіні алты бөлікке бөлінген қиынды түрінде таратылады.Мәтіннің басын,одан кейінгі жалғасын және соңын табу арқылы мәтіннің мазмұнымен толық танысады.

 

  1. Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық

Батырларға ұқсайық.

 

Садақ ату, қылыштасу,найза лақтыру /қимылмен көрсету/

 

  1. Жаңа сабақты бекіту.

Ағашты биікті айтсаң, қарағайды айт.

Жігіттік ерлікті айтсаң ,Бөгенбайды айт.

Тәтіқара жырау.

            1.«Көзқарас»

 

а).Бөгенбай батырдың қандай қасиеті ұнайды?

 

ә).Егер  Абылай заманында өмір сүрсең, кімнің ерлік

істерін қайталар едің?

 

б).Батырлардан тағы кімдерді білесің?

 

 

2.Ой-толғаныс

Әр топ батырлық, ерлік туралы мақал жазады. Жазған мақалдарының

ішінен бір-бір мақалдың мағынасын ашады,ойларын ортаға салады

және мәтінмен байланыстырады.

 

V.Үйге тапсырма

1.Мәтінді түсініп оқып,мазмұнын айту.

2.Өлеңді жатқа айту.

  1. «Батыр бабалар – ел есінде» шығарма жазу.

 

  1. Бағалау