« Шоқ жұлдыздары» ( математикалық сайыс)

« Шоқ жұлдыздары»

( математикалық сайыс)

Мақсаты : Оқушыларды ойлана білуге, тапсырмаларды тиянақты, тыңғылықты орындауға баулу, әділ шешім айтуға, бірлікке ынтымақтастыққа, әдептілікке тәрбиелеу. Логикалық ойлау қабылеттерін шығармашылық ізденістерін дамыту.

Көрнекі құралдар : суреттер, сұрақтар, бағдарлама кескін жолақталар, жұлдызшылар.

 

Сайыстың барысы:

Жүргізуші:

Уа, жарандар, жарандар!

Мына бізге қараңдар

Мінеккей залда тыныштық

Естілмейді дыбыс түк

Мұны біз де қоштаймыз

Кешіккенді тоспаймыз

Ғылымдардың атасы

Математика пәнінен

Ойын- сайысты бастаймыз.

Құрметті жас достарым

Мұны жақсы ұғайық

Математика пәні құрметтеуге лайық

Бүгінгі сайыс-жарысымызға осы сыныбымыздан ІІ топ, яғни «Алғырлар» мен «Ойшылдар» тобы қатысқалы отыр.

Сайыскерлерге :

Ғылымның сырын ұғына

Шығыңдар білім шыңына

Ұқыптылық пен зеректік

Жеткізер сіздей өренді

Математика сырына !

Дей отыра қадамдарың оң болсын деп

Сәт-сапар тілейік !

Сайысымыздың бағдарламасымен таныстырайық:

  1. « Кел, танысайық» (топтардың атымен, ұранымен танысу)
  2. « Матемаикалық домино»
  3. « Ойнайық та ойлайық» (әділ есептер)
  4. « Сиқырлы сандақша» (сандықшадан шыққан сураққа жауап беру)
  5. « Құрастыра біл » ( геометриалық пішіндерден әр түрлі заттар құрастыру)
  6. «Сандар сөйлейді» ( киелі сандар 3,7 тұралы мағулмат)
  7. « Бәйге»

Сайысымызға 2 топ қатысқалы отыр

«Алғырлар»-топ басшысы (Алғазы Б)

« Ойшылдар»-топ басшысы  ( Сәулебек Д)

« Алғырлар» тобының түсі — / қызыл/

« Ойшылдар» тобының түсі-/ көк/

Яғни, « Алғырлар» дың ойыны қызыл жұлдызшамен бағаланады. Ал « Ойшылдар» дың ойыны көк жұлдызшамен бағаланады.

Бағдарлама бойынша І кезең «Кел танысайық»

Алғазы Б « Алғылар тобы

Сан мен таңба тұр сап түзеп

Орындап формула әмірін

Кім айтсын ән жырдан жақсы деп.

Есептің қоңырқай өмірін

« Алғырлар» тобынан келіп тұр

Ең ыстық сәлемін беріп тұр

Әрқылы қызықты қиынды

Есептер, жұмбақтар шешуге

Бұл топ та дайын тұр, дайын тұр.

Біздің ұран: « Егеменді елдің тірегі- оқу мен білім»

 

Сәулебек Дархан « Ойыншылар» тобы

Ұшқыштар дыбыспен қоса өрлеп

Ғарыштық сапарды мықтасақ

Осының бәрін біз жасар ма ек

Алдымен есептеп шықпасақ

« Ойшылдар »  тобы да сап түзеп

Келіпті жалынды сәлеммен

Теңдеулер әртүрлі есептер

Шақырып алдыға бұл топты

Сол есеп әрқашан қалайды

Өз мәнің дұрыстап шешуге

Біздің ұран : « Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ»

ІІ кезең « Математикалық домино» / көбейту кестесін есіне түсіру/ бұл сайыста эстафеталық жарыс сияқты ІІ топтан 1-1 ден топ мүшелері шығып домино құрастырады. Әрине есептерді шығара отырып. / дұрыс шығағандар жұлдызшалармен марапатталады/

Алғырлар                                                               Ойшылдар

54:9

 

4
3
2
300
250
5
5
7
8
72:9
63:9
40:8
35:7
50*5
60*5
160:40
200:100
300:100000
6

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ кезең

« Ойнайық та ойлайық» / әзіл есептерден жарыс/

Бұл кезеңде берілген логикалық есептердің шешімін айту керек. Біраз ойлануға уақыт беріледі.

 

Алғырлар:

 

1.     Үстел  үстінде 5 май шам жанып тұр еді. Еркін оның 4-еуін өшіріп тастады, ұстелде неше май шам қалды. / қалды 1 жанып кетті4

2.     Әкемнің 7 ұлы бар. Оның әрбір ұлының қарындасы бар. Сонда әкемнің неше баласы бар? / 8 баласы/

3.     Қандай санды бір-біріне көбейткенде олардың нәтижесі осы екі санның қосындысына тең болады ?/2*2=4  2+2=4/

4.     Бір топ үйрек ұшып барды, олар барлығы 5-і. Біреуі жерге қонса, нешеу қалады? 1-еуі ойткені қалғаны ұшып кетті/

5.     Алма ағашында 10 алма, ал емен ағашында одан 5 алма артық өсіп тұр. Барлығы  неше алма өсіп тұр?/10/ / еменде алма өспейді/

 

 

 

Ойшылар:

 

1.Қосарлап жеккен зат 1 сағаттың ішінде 12 км жүрді. Осы уақыттың ішінде 1 ат неше кем жол жүрді ?/ 12 км жол жүрді/

 

2.Неше рет арттырса да өзгермейтін сан /0/

 

3.Қандай санның атының жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар? /100-жүз,10-он/

 

 

4. Айгүл мен Айнұр апалы  сіңілі олардың әрқайсысының бауырлары бар. Жанұяда неше бала бар /3 бала/

 

6.     Табақта 15 алма қолымда 5 алма.Барлығын қосқанда болады неше алма? /20/

 

 

ІҮ кезең « Сиқырлы сандықша» бұл кезеңде әр топтың мүшесі өз сандықшасынан тапсырмаларын алып тез жауап қайтарулары керек. Дұрыс жауап жұлдызша мен марапатталады.

Алғырлар

1.     24 теңгенің      бөлігі қанша?

2.     7 күнде неше апта?

3.     1 тоннада неше кг?

4.     24 сағатта неше тәуілік бар?

5.     1 кг мақта ауыр ма?

1кг темір ауыр ма?

Ойыншылдар

1.     36 теңгенің   бөлігі қанша?

2.     1 айда неше күн?

3.     1 центнерде неше килограмм бар?

4.     60 секутта неше минут бар?

5.     Әтеш 1 аяғымен тұрғанда 4 кг, 2 аяғымен тұрса неше килограмм?

 

Ү кезең « Сандар сөйлейді» бұл кезеңде әр топ киелі сандар жайлы мағулмат береді. Әр дұрыс жауап жұлдызшамен бағаланады.

               Алғырлар :

жеті күн                                 жеті күн

дүйсенбі                                  бүгін

сейсенбі                                   ертең

сәрсенбі                                   бүрсүгүні

бейсенбі                                   кеше

жұма                                         арғыкүні

сенбі                                         азна

жексенбі                                  соңғы күн

жеті жұт                            жеті қат көк

құрғақшылық                           Ай

жұрт                                          Меркурий

өрт                                             Шолпан

оба                                             Күн

соғыс                                         Марс

топан су                                    Юпитер

зілзала                                       Сатурн

 

Ойшылдар :

Үш арыс                        Үш дана

Сәкен,Бейімбет,        Абай, Шоқан

Ілияс                           Ыбырай

Үш тәтті                        Үш  биік

Ананың сүті               билік

Баланың күлкісі         дәулет

Туған жер                   даналық

Үш қадірлі                     Үш қөз

Ырыс                        су анасы-бұлақ

Бақ                         жол анасы-тұяқ

Дәулет                   дау анасы-құлақ

Жеті жетім

Тыңдамаған сөз жетім

Киюсіз тозған боз жетім

Иесіз қалған жер жетім

Басшысы жоқ ел жетім.

Аққу қазсыз көл жетім

Жерінен айрылған ел жетім

Замандасы қалмаса

Бәрінен де сол жетім.

 

ҮІ кезең « Құрастыра біл»

Әр топ геометрия фигураларын әр түрлі заттар жасауы керек.

Қай топ көбірек зат жасаса сол топ жақсы бағаланады.

 

 

 

 

 

 

 

 

ҮІІ кезең « Бәйге» қорытынды кезең , бұл кезеңде капитандар сайысы. Берілген сұраққа 1 мин ішінде қай топ басшысы көбірек жауап береді.

Алғырлар

1.     Ұзындық бірліктерін ата

2.     Екі нүкте арасын қосқанда не пайда болады?/ кесінді/

3.     9  =81

4.     Қосу амалдарының компоненттерін ата?

5.     а= 2 см, в=4 см / тік төртбұрыш   S=? /8см/

6.     350-150 дің айырмасы нешеге тең? /200/

7.     1м-де неше см бар /100/

8.     Х+30=60  /х тің мәні нешеге тең= 30

9.     Қуат 1 күнде кітаптың 5 бетін оқыды. Осы қарқынмен 3 күнде неше бетін оқиды.

10.                       64 қай санның квадраты 8

11.                       Математикаға байланысты 1 мақал-мәтел

12.                       Жеңіс қай күн / 9 мамыр/

13.                       1ғасырда неше жыл /100ж/

14.                       Ең үздік баға

15.                       Қай жылы тудың?

16.                       Тышқан аулағышты 5 әріппен басқалай қалай атауға болады / мысық/

17.                       Сабағымыз нешеде басталады/8.30/

18.                       Мектеп кімнің атында?

19.                       Отбасыңда қанша адам бар?

20.                       Бастауышта неше жыл оқисың?

Ойыншылар

1.     Уақыт бірліктерін ата/ мин, са,ғат, секунд апта, тәулік/

2.     Мыңда неше нөл бар?/3/

3.     10   =100

4.     Азайтудың компонеттерін ата

5.     а=6см, в=3см/тік төртбұрыш S= ? см  /18 см/

6.     750-350дің айырмасы =400

7.     1т неше кг бар? /1000 кг/

8.     Х+40=80 /х тәі мәні нешегі теі /40/

9.     Алмас 1 сағ 4 км жол жүрді осы қарқынмен жүрсе 3 сағатта неше км жол жүреді. /12 км/*

10.                       81 қай санның квадраты 9

11.                       1 мақал-мәтел

12.                       Тәуелсіздік мерекесін қай күні тойлаймыз /16 желтоқсан/

13.                       1 жылда неше ай бар /12 ай/

14.                       Ең нашар баға

15.                       Туған күнің қай күн?

16.                       Аш қарында 3 жұмыртқа жеу мүмкін бе? /жоқ/

17.                       Тәңертелік жаттығу нешеде басталады /8.15/

18.                       Шоқан неше жас өмір сүрді?/30/

19.                       5 сыныпта жасың нешеде болады?

20.                       Жалпы мектепті неше жыл оқисың ?

 

 

Математика-толған тәртіп, мағына мен мән

Математика-толған тамаша заңдылық пен сән

Математика-толып жатқан терең сыр

Шетсіз, шексіз дариядай бейне бір-дей отыра бүгінгі сайысымызды аяқтауға рұқсат етіңіздер. Келген қонақтарға келесі кездескенше сау- сәләмат болыңыздар, бізге жиі келіп тұрыңыздар.Қадамдарыңыз әрдайым ақ болсын демекшіміз.