2011-2012 оқу жылы 17-22 қазан аралығында өткен Математика пәні апталығы бойынша жүргізілген жұмыстарға талдау

2011-2012 оқу жылы 17-22 қазан аралығында өткен Математика пәні апталығы бойынша жүргізілген жұмыстарға талдау

Жұмыс

бағыты

СипаттамасыНәтижесі
 


Іс- жоспар

 

Апталық жұмысының жоспарлануы

 

 

2011-2012 оқу жылында Математика пәні апталығы 17-22 қазан аралығында пән мұғалімдері Рысмендеева Ж.Қ., Нүсіпалиева Р.К. тікелей ұйымдастыруымен жүргізілді. 15 қазан күні пән мұғалімдерінің отырысы болып, апталықта жүргізілетін іс-шаралар жоспарланды.

Жоспар уақтылы дайындалып, бекітілді. Жоспар кең көлемді, талапқа сай құрылған. Апталық Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ» тақырыбы аясында өткізілді.

 


Безендірілуі

Апталыққа арналған бұрыш шығаруАпталықтың бірінші күні дәлізде апталық бұрышы ұйымдастырылды. Бұрышты безендірген ақпараттар мынадай мазмұнда:

  1. Апталықты өткізу жоспары;
  2. О.Жәутіковтың 100 жылдығына орай ұйымдастырылған қабырға газеті;
  3. Логикалық тапсырмалар жазылған газет.
  4. «Тәуелсіздіктің 20 жылдығына 20 есеп» оқушылар арасындағы байқаудың талаптары мен кітапша түріндегі тапсырмалары.

Бұрыштың безендірілуі, қабырға газеттерінің мазмұны эстетикалық талапқа сай, апталық тақырыбымен ұштасатын, мазмұны бай.

ӨткізілуіАпталықтағы іс-шаралардың жоспарға сай жүргізілуіАпаталықты өткізу жоспарындағы іс-шаралардың барлығы толықтай қамтылды. Мектепішілік басқа да іс –шаралардың жүргізілуіне байланысты өткізу уақытында ауытқушылықтар болды. 2010-2011 оқу жылымен салыстырғанда жүргізілген жұмыстар саны біршама көтерілді.

    ЖылыКөрме, жарыс, байқауларСыныптан тыс сабақМарапатталған топ немесе оқушылар саны
2010-2011136
2011-20123640
Оқушылардың қатысуыМектеп оқушылары-ның апталық жұмысына қамтылуыАпталық жұмысына 5-11 сынып оқушылары тартылды. Оқушылардың қатысу белсенділігі өте жоғары болды.

Тек бір ғана «Тәуелсіздіктің 20 жылдығына 20 логикалық тапсырма» оқушылар арасындағы байқауына 5-8 сынып арасында 26 оқушы қатысты.

Жүргізілген жұмыстар бойынша беслсене қатысқан, жеңімпаз болған 40 оқушы марапатталды.

 

Қорытынды және ұсыныстар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2011-2012 оқу жылындағы Математика пәні апталығы жұмысын жан-жақты талдай отырып, төмендегідей қорытынды жасауға болады:

·                    Апталықта жоспарға сай жұмыс жүргізілді.

·                    Барлық көрсеткіштер бойынша тұрақты динамика байқалады.

·                    Апталық жұмысына жақсы деген баға берілді.

 

Келесі мәселелер бой көтерді:

·                    Апталықтың болатыны туралы пән мұғалімдеріне 3 күн бұрын ескертілді. Бұл апталықты өткізу деңгейін бұдан да жақсы көрсеткішке ие болуына кедергі келтірді.

·                    Оқушылардың басқа да қоғамдық жұмыстарға тартылуы жоспарланған жұмыстардың уақтылы өтпеуіне себепші болды.

·                    Оқушыларды ғылыми – шығармашылық жұмыстарға тарту бойынша ауқымды іс-шаралар жүргізілген жоқ.

 

Осы мәселелер арқылы 2012-2013 оқу жылында жұмыстың тиімділігін арттыруды көздейтін мынандай ұсыныстар туындайды:

·         Оқу жылының алғашқы күндері Пән апталықтарын өткізу графигі дайындалса;

·         Жоспарлау жұмысын мектепте өткізілетін басқа да іс-шараларды ескере отырып жүргізу.

·         Сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлауда Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылға арналған бағдарламасын басшылыққа ала отырып жұмыстар жүргізу. Атап айтқанда, оқушыларды ғылыми-шығармашылық жұмыстарға тарту.

·         Оқушылармен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарының дәстүрлі емес, қызықты түрлерін ұйымдастыру.