«Сөз мерген» интеллектуалды сайыс сабағы

Сабақтың тақырыбы: «Сөз  мерген»  интеллектуалды сайыс сабағы

Мақсаты: Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Ана тілінің қадір-қасиетін біліп, көркемдігін сезініп, еркін сөйлей білуге, үйрету, ойлау қабілетін, тіл байлығын дамытуға бағыттау, тәуелсіз еліміздің  ана тілін жоғары қоятын ұрпақтарын тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті  тақта, слайд, стикер, өшіргіш, гүл.

Әдісі: сөз жарысы, мақал- мәтел құрау.

Кіріспе:  Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі-оның ана тілі. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел ешқашанда егеменді ел бола алмайды, болуы да мүмкін емес.

Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, ең алдымен ана тіліміздің туын биік ұстап, оны дамтуға күш салуымыз керек.

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім мен сәнім бар

Туған тілім тіл болудан болса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар- дей келе интеллектуалды сайыс сабағымызды бастаймыз.

(Сыныптағы оқушыларға әр түрлі формадағы үш түсті өшіргіштер тарату.

Өз түстері бойынша берілген орынға отыру.Тақтадағы ұнаған суретті әр топ өздері таңдайды. Сурет артында жасырынған топ аттары бар.

Енді топ атына, тақырыпқа сай , ұранды өздері ойлайды.)

Ойын 5 кезеңнен тұрады.

  1. Мықты болсаң, тауып көр.
  2. Жүйрік болсаң, озып көр.
  3. Ойлы болсаң, айтып көр.
  4. Зерек болсаң, шешіп көр.
  5. Алғыр болсаң, айтып көр.

Бірінші кезең бойынша өлеңнің ұйқасын табу: (слайд )

  1. Жағасында бұлақ, жайылып жүр ….(лақ).
  2. Айбат шағар алыстан , аң патшасы …(арыстан).
  3. Тым ойыншыл пысық , мияулаған …. (мысық).
  4. Тыным таппас ебелек, гүлге қонар ….(көбелек).

 

  1. Бата алмас түлкі, үсті тікен ….(кірпі). ( слайд )
  2. Өзінше ноян, қорқақ кім ….(қоян).
  3. Жұртқа аян , улы жәндік ….(шаян).
  4. Ұқсамайды басқаға, тарғыл түсті…(тасбақа).

 

  1. Шоқыр жерден тауып, жемді көрсе…. (тауық). (слайд)
  2. Басы ұлпа аппақ, бақта өсер… (бақбақ).
  3. Құйрығы он қарыс, бұл айбатты ….(жолбарыс).
  4. Келе жатыр жұмысқа ұзын мұртты …(құмырсқа).

 

Екінші кезең бойынша «Сөздің көркі – мақал»  демекші берілген сөздерден мақал-мәтел құрап ой-өрісімізді кеңейтейік.  (слайд)

1  топқа: ауыз, көз, су, туған жер, бала.

2 топқа: жігіт, отан, оқу, гүл, батыр.

3 топқа:  кітап, әке, бір тал, тіл, еңбек.

 

Үшінші кезең бойынша ақындық өнерімізді байқайық. (слайд)

 

—————————————————жүреміз

—————————————————күлеміз

—————————————————сыйлаймыз

—————————————————тыңдаймыз.

 

Төртінші кезеңде  «Тіл –көңілдің тілмашы» дегендей алғырлығымызды  байқап көрейік. Дана халқымыз дау болса бір ауыз сөзбен тоқтата білген, бір ауыз сөзбен адам көңілін жұбатып, серпілте білген. Тіл құдіретінің керемет екендігін мына мақалдарды жалғастыра отырып,  көруге болады.

 

1.Өнер-алды…..(қызыл тіл). (слайд)

2.Тіл тас жармаса ….(бас жарады).

  1. Басқа пәле …..(тілден).

 

  1. Бас кеспек болса да …..(тіл кеспек жоқ). (слайд)
  2. Тіліңмен жүгірме ,…..(біліміңмен жүгір).
  3. Өтірік сөз …..(өрге баспас).

 

1.Өтіріктің құйрығы  ……(бір тұтам). (слайд)

  1. Атаңа не қылсаң ….(алдыңа сол келеді).
  2. Өле жегенше ….(бөле же).

 

Бесінші кезеңде «Адасқан әріптер» ойыны (интерактивті тақтамен жұмыс)

 

Болашақ журналистпен сұхбат.

 

Қорытынды.