Біріккен сөздер

Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Біріккен сөздердің екі түбірдің бірігуі арқылы жасалып, тұтас бір

ұғымды беріп, бір сұраққа жауап беретінін ұғындыру, сөйлем

ішінен біріккен сөздерді таба алуға, әртүрлі түбірлерден біріккен

сөздер  жасай алуға үйрету.

ә)Тәрбиелік: Бірігіп жұмыс жасауын ұйымдастыра отырып,  ізденімпаздыққа,

ұқыптылыққа, сауаттылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу.

б)Дамытушылық: Оқушыларды шығармашылыққа баули отырып, ойлау

қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту.

Түрі: аралас сабақ

Әдісі: зерттеу, салыстыру, әңгімелеу.

Көрнекіліктер: сызбалар, суреттер.

Техникалық құрал: интерактивті тақта.

Барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

а) Қызығушылығын ояту.

  • Сәлеметсіздер ме, қайырлы күн балалар!
  • Қазір қай сабақ?
  • Қазақ тілі.
  • Қандай ақын жазушы болмасын, ана тілінен нәр алған.
  • Поэзия! Менімен егіз бе едің? – деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев айтқандай біз сабағымызды поэзия минуттарынан бастаймыз.

1-оқушы. Тілім менің тірегім, тілім менің.

                 Тілсіз қандай болады күнім менің?

                 Өз халқыма жетеді өз мәніңде,

                 Өз тілімде оқылса жырым менің.

 

2-оқушы. Тілім менің-қуатым күнім менің,

                 Күшім кетсе не болар ісім менің?

                 Тілсіз өмір бар десе түсінбедім,

                 Тілім менен тірлікті мүсіндедім.

 

3-оқушы. Тілім менің-Бабамның батырлығы да,

                 Махамбет пенен Абайдың ақындығы да

                 Дүниеге келе айқайды салған іңгәлап

                Тілімде менің сәбидің батылдығы да.

  • Міне балалар қазақ тілінің атқаратын орны ерекше, қазіргі кезде Қазақстанда тұратын барлық басқа ұлт өкілдері біздің мемлекеттік тіліміз, қазақ тілін жетік меңгеруге талпынуда.

 

ә) Сабақтың мақсатын хабарлау.

— Бүгінгі сабақ ерекше болғандықтан біліммен қатар үлгілі тәртібімізді

көрсетуіміз керек.

— Сабаққа ұйымшылдықпен қатысып, белсенділік көрсету.

— Өткен тақырыптарды еске түсіре отырып, жаңа материалдарды жетік меңгеру.

 

  1. Өткенді пысықтау.

Тест жұмысы жалпы сыныпқа.

1.Дауысыз дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп үндесуін дыбыс үндестігі дейме?Иә
2.Бояумен сөзі сөз тіркесі болама?Жоқ
3.Тұз – қасиетті зат. Жайсөйлем бола ма?Иә
4.Құрмалас сөйлем екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құрала ма?Иә
5Оқулық, күнделік, отырды, қырық бес, сары бірыңғай сөйлем мүшесі болама?жоқ
6.Бірыңғай сөйлем мүшелерінің арасына тыныс белгісі қойыла ма?Иә
7.Қатты, таяз, жылдам, тез  мағынасы бірдей ме?Жоқ
8.Сөйлемде одан әрі бөлінбейтін бөлшегін түбір дейді.Иә
9.Екі немесе одан да көп түбірден құралған сөзді күрделі сөз дейді.Иә
10Біртұтас екі түбірден жасалғанба?Иә

 

Ойын- тапсырма. «Мақал күрделі сөз құрайды».

 

  1. Мағынаны тану.

Сыныптағы біріккен сөзден жасалған  есімдері бар (Айкөркем) оқушыларды шығару. Екі түбірден жасалып тұрғанын талдау.

Тақтадағы суретпен жұмыс.

Екібастұз, балмұздақ, түйеқұс, Алатау, тасбақа екі түбірден жасалып тұрғанын айтып, ережені шығару.

  • Бүгінгі сабақта бірікен сөздердің түрлері мен жасалу жолдарын үйренеміз.
  • Екі немесе одан да көп түбірден бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіретін күрделі сөз біріккен сөз дейміз. Біріккен сөздер әрқашан бірге жазылады.

Түбір сөз                       Біріккен сөз

Алты  бақан                       алтыбақан

Ақ      сүйек                        ақсүйек

Ала     бұғы                         алабұғы

Гүл     жан                           Гүлжан

 

  • Дәптермен жұмыс.

Күннің жады. Сынып жұмысы.

Көркем жазу.

Т т         

Түйеқұс, балмұздақ, тасбақа, Екібастұз.

 

1 — жаттығу. Ауызша

2 — жаттығу.

Кісі аттары: Орынбасар, Есенәлі, Айгүл, Бейсенбай.

Аң, құс аттары: қосаяқ, көкқұтан, аққу (жолбарыс)

Ойын атаулары: алтыбақан, аяқдоп, ақсүйек, (тоғызқұмалақ)

Дене мүшелері: асқазан, сегізкөз, ұлтабар. ()

Жер-су аттары: Қызылорда, Екібастұз, Шиліөзен. (Тасқала)

ЕКІБАСТҰЗ сөзін сөз құрамына талдаймыз.

 

3-жаттығу. (шартын оқу, жалпыға біріккен сөздерді сыздыру)

 

Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні келтеде, Қаратаудың ойында, Қарасудың бойында Қазанғап деген бір кедей болыпты. Қазанғап құс атып, балық аулап күн көреді екен. Әйелі ау тоқып, жыртық жамайды екен. Қазанғаптың Кендебай деген ұлы болыпты. Кендебай ай сайын емес, күн сайын өсіпті: алты күнде күліпті, алпыс күнде жүріпті. Алты жылда алып жігіт болыпты.

 

  • қатар. Жалқы есімдерді тап.
  • Қазанғап сөзіне дыбыстық талдау жасау.
  • Соңғы сөйлемді сөйлем мүшесіне талдау.

 

Сергіту сәті.

 

«Тез ойла».

5-жаттығу.

өнер                            сөз

қол                             мұрын

ит                               кәсіп

күзді                          басшы

баспа                          күні

 

 

Деңгейлік тапсырмалар.

 

  1. Кісі аттары: Ернұр, Алтынай, Аймангүл, Елжан, Айдос.

Өсімдік аттары: саңырауқұлақ, итмұрын, таңқурай,

Жер-су аттары: Бурабай, Қызылорда, Ақтөбе, Жаңақала, Жаңаөзен,

 

  1. Терме диктанты.

Сөздердің ішінен біріккен сөзді теріп жазу.

Тәуілсіздік, алтыбақан, Ақжайық, арқармүйіз, қаңтар, көктем.

 

  1. Қорытынды.

Ой толғаныс.

«Сыңарын тап» ойыны.

— Сонымен, бүгін қандай тақырыппен таныстық?

— Біріккен сөздер қалай жасалады?

— Олар қалай жазылады?

 

  1. Бағалау, үйге тапсырма.
  • жаттығу. 66 бет.

Ереже жаттау.